СӨЗ СИНЕРГИЯСЫ


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Kitoblar


Ақын, аудармашы, ф. ғ. к., Тұрмағамбеттанушы ғалым
Ләйлі Құндақбайдың «Сөз синергиясы» аталатын авторлық арнасына қош келдіңіздер.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Аяулы Арулар!

Сіздерді көктемнің ең көркем мерекесі – 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге бақыт, денсаулық, махаббат пен шаттық тілеймін!
Әр күндеріңіз қуаныш пен шабытқа, жан-жағыңыз сүйіспеншілікке толы болсын!

♥️♥️♥️


Жүсіп ғс-ның құдық түбінен шыққанындай боп тән қапасынан рух жайнап шығып, салтанат құрсын! Оразаларыңыз қабыл болсын, достарым!


Рамазанның аппақ туы желбіреп,
Рух күшейді, тілекті Хақ берді деп.

Құран кәрім нөсер болып төгілген
Сәруар айда соқ, жүрегім, елжіреп.

Тән-қапастың қақпасына оқ тиді,
Оқ орнынан нұр құйылды, келді леп.

Құлаш арқан түсті ізінше түбіне,
Шық тәніңнің зынданынан кел, жүрек.

Жар сал сосын күллі Мысыр еліне
Жүсіп Ханнан келді деп.

Ғайса түсер есегінен, аяңдап
Қадамымен жүрер жолын белгілеп.

Дәретіңді ал, ішпе, жеме, ей, тілім,
Бұрынғыша сөйлей берме енді тек.

Ішер асың, өзгермесе сөйлер сөз
Кім айтады, рухым, сені жеңді деп?..

Руми
Қалыптаған Ләйлі Құндақбай

Оразаң құтты болсын, ұстаған жан!

https://t.me/Soz_sinergiasy


Рәбияның тілегі

Ей, Жан Аллам, Жан Жарым,
Ет жақыным, абзалым,
Көріп тұрсың тек Өзің
Жүрегімнің маржанын.
Сенің ғана қайталап
Есіміңді тамсадым,
Сенің ғана арайлы
Дидарыңды аңсадым.
Құшағыңда Өзіңнің
Кешім, күндіз, таң сәрім,
Мен үзілмен Өзіңнен,
Үзілгенше жан-шамым.
Тозағыңнан сескеніп
Кеуілімді алса мұң,
Онда мені аямай
Сол тозаққа сал, Жаным.
Жан-тәніме нәсіп қыл
Жеті тозақ маздағын.
Қайта-қайта өртеніп
Жанып жатсын жан-жағым.
Ал егер де үміт қып,
Ұжмақ болса аңсарым.
Онда маған татырма
Жеті жәннат кәусарын.
Хақ Жамалың жолында
Көңілімді шалса мұң
Үміт қылып Жүзіңнен
Жанарымнан тамса мұң,
Рақым етіп, бас онда
Жүрегімнің сарсаңын.
Көмейінен күні-түн
Бір үзілмей бал-сарын
Жамалыңнан дәметіп
Зарлап отыр аусарың.

Ләйлі Құндақбай

https://t.me/Soz_sinergiasy


Аудио от L.K.


Жұмадағы мінәжат

Аспаннан жерге дейін,
Жерден аспанға дейін,
Төбемнен табанға дейін,
Табаннан төбеме дейін
Өзіңнен басқа Тәңір жоқ, Алла!

Аршыдан Күрсіге дейін
Күрсіден Аршыға дейін
Рухымнан нәпсіге дейін
Нәпсімнен рухыма дейін
Өзіңнен басқа Тәңір жоқ, Алла!

Лаухыдан Қаламға дейін
Қаламнан Лаухыға дейін
Ақылдан кеуліге дейін
Кеулімнен ақылға дейін
Өзіңнен басқа Тәңір жоқ, Алла!

Теңізден құрғаққа дейін
Құрғақтан теңізге дейін
Көзімнен құлаққа дейін
Құлақтан көзіме дейін
Өзіңнен басқа Тәңір жоқ, Алла!

Шығыстан батысқа дейін
Батыстан шығысқа дейін
Тыныстан дыбысқа дейін
Дыбыстан тынысқа дейін
Өзіңнен басқа Тәңір жоқ Алла!

Күнгейден түнекке дейін
Түнектен күнгейге дейін
Үрейден үмітке дейін
Үміттен үрейге дейін
Өзіңнен басқа Тәңір жоқ, Алла!
Қолдай гөр!

Ләйлі Құндақбай

https://t.me/Soz_sinergiasy


Жұпарыңнан дәме қылып жүрегім
Таң сәріден талмай дұға тіледім.

Жамалыңнан дәме қылған көздерім
Сені іздеді көзінен де өзгенің.

Мешіт түнеп, шіркеу бардым күніге, –
Мені Саған жеткізбеді бірі де.

Жол нұсқаған: ойым, санам, сезімім,
Сосын Жүрек,
және Сенің Есімің.

САРМАД КАШАНИ (1590 – 1661)

Қалыптаған Ләйлі Құндақбай

https://t.me/Soz_sinergiasy


Сармад,
Сен ойлаған махаббаттың күйігі –
Жаннан кешкен ғашықтардың бұйымы.
Іші күл боп Жоқ боп кеткен өртеніп,
Сыртында – тек киімі.
Көбелектің отқа ұмтылған Жүрегін
Бал араның түсінбейді үйірі.
Жан досыңмен қосылуды ойласаң
Өміріңді толық арна – түйіні.
Бірақ мұндай қазынаға әркімнің
Қолы жете бермейді, сол – қиыны.

Сармад
Қалыптаған Ләйлі Құндақбай


https://t.me/Soz_sinergiasy


Махаббаттың базарында сатылдым.
Бірақ мені кім алғанын білмеймін
Һәм білмеймін қанша екенін ақымның...

Сармад Кашани

Қалыптаған Ләйлі Құндақбай


Сөйлесе сөзі дүр болған,
Сайраса – бұлбұл үн болған,
Шырыны балдай тіл болған,
Ғажабым менің – Мұхаммед!
Жайқалған бауда гүл болған,
Әуелден жауһар Нұр болған,
Көкірегі толы сыр болған,
Гөзәлім менің – Мұхаммед!
Ақырдың қосын жектің бе?
Қасірет-қайғы шектің бе?
Жарыңа ақыр жеттің бе?
Асылым менің – Мұхаммед!
Жеті қат көктен өттің бе?
Жарыңның нұрын өптің бе?
Көзіңнің жасын төктің бе?
Ғашығым менің – Мұхаммед!
Үмбетің үшін күйдің бе?
Кеудеңе өксік үйдің бе?
Мені де көппен сүйдің бе?
Демеушім менің – Мұхаммед!
Үмбетім менің дедің бе?
Менің де қамым жедің бе?
Қамқоршым Өзің едің бе?
Жебеушім менің – Мұхаммед!
Мен үшін жаның қинадың,
Көзіңнің жасын тыймадың,
Миғражды маған сыйладың
Егізім менің – Мұхаммед!
Сәлемін Хақтың жолдадың,
Құдіретті Жырмен толғадың,
Тамұқтан мені қорғадың,
Негізім менің – Мұхаммед!
Иманның жайып өркенін
Жүрегін көптің өртедің,
Жанымнан артық көркемім –
Салауат айттым – Мұхаммед!
Жердегі атың – Мұхаммед,
Көктегі атың – Нұр Ахмет,
Достыңның Рухын тебірентсем,
Жаратқан Рақман, Рақым ет!


Миғраж түні тілеген дұғаларыңыз қабыл болсын!


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


БАШПАЙ

Ғұмырында жалғыз мәрте қарындасына башпайының болар-болмас тиіп кеткенін бойына ар тұтып, өзін күнәһар санап өткен бекзат бабаның соңғы күйі – Башпай күйі екен...


Сұлу Сыр, толқыныңмен таспай, ұйы,
Жетті маған ажалдың тастай сыйы,
Енді сенің үстіңде, жан серігім,
Соңғы күй орындалмақ – «Башпай» күйі.

Кезіп өткен Кең Әлем, Сардаланы,
Пенденің де біткен бе арман – әні,
Ақтамағым, алтыным, бауырым ең,
Бауырым, бұл күй саған арналады.

Кешір мені, Ақтамақ, қарындасым,
Әрдайым болсын, жаным, арың басым,
Башпайымды көмерде ашып таста,
Тыншырмын тек күнәдан арылғасын.

Күнәлімін алдыңда, таңданбағын,
Есіңде ме тасыған талқан, дәмің,
Дәм татып отырғанда толқын тұрып,
Башпайым тиді-ау саған, қалқам, жаным.

Содан бері мен-дағы армандамын,
Башпайымнан безініп, қарғаудамын,
Енді міне, тынысым тарылуда
Таусылмастай көріп ем жалған дәмін.

Өмір еді таңдаған талғамды әнім,
Айт десең, тағы айтайын арман барын,
Талай алдап кетіп ем сұм ажалды
Енді өзімнің Өлімнен алданғаным...

...Тарихтың беттерімен жортып қайтқан
Бұл сырды Сыр–Ананың толқыны айтқан.
Өлерінде Сыр–Ана құшағында
Өзге емес, бұл сөздерді Қорқыт айтқан.

Айтқан да, қыл қобызын күңіренткен,
Талай күй тиегінен мөлдіреткен
Аққу үнді Қорқыттың қобызының
Көмейінде ақырғы мұң дір еткен.

Оңар ма деп күнәдан жуынбаған,
Адалдық, ар жолынан суынбаған,
Өнердің туын тіккен өр бабамның
«Башпай» күйі осылай туындаған.

Күйді естісем, өн бойым дуылдаған,
Күнәм қанша бойымда жуылмаған
Маза бермей, түртпектеп тұратындай
Сыр–Ана ұсынардай суын маған
Дегендей ме: «Жуыншы, жуын, Адам!»

Күнәм көп қой, кешірші, Суым, Далам,
(О баста күнәлы боп туылмағам!)
Әйтеуір, білем, бір күн тазарам да,
Қолыма бабам тіккен туымды алам!

1999 ж.


Шапағат Сәндібек сіңілім Қорқыттың "Башпай" күйін орындап отыр


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Видео от Ләйлі Құндақбай


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Видео от Ләйлі Құндақбай


Аудио от Ләйлі Құндақбай


Аудио от Ләйлі Құндақбай


Аудио от Ләйлі Құндақбай


Аудио от Ләйлі Құндақбай

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.