СӨЗ СИНЕРГИЯСЫ


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Kitoblar


Ақын, аудармашы, ф. ғ. к., Тұрмағамбеттанушы ғалым
Ләйлі Құндақбайдың «Сөз синергиясы» аталатын авторлық арнасына қош келдіңіздер.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Видео от Ләйлі Құндақбай


Мынау жақыннан , толық түсірілген екен


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Видео от Ләйлі Құндақбай


Күнсұлу Түрікпен орындап, аламан бәйгеде бас жүлде алған жыр - Темірбек Жүргеновке арнау


Темірбек Жүргеновке арнау

Қалың қазақ босқан кезде жерінен,
Қол үзгенде небір боздақ елінен,
Қаралы жұрт үзілгенде демінен,
Ел кегіне қайнап туған Темірбек!

Адыра боп діні менен ділінен,
Айырылардай болған кезде тілінен,
Шайқалғанда бәйтерегі діңінен,
Жалын атып, жайнап туған Темірбек!

Ұлттың рухы езілгенде жаншылып,
Жарақаттың беті қатты аршылып,
Кетер ме деп тұрған кезде жан шығып,
«Алашым» деп арда туған Темірбек!

Жат ұранмен лайланғанда тұнық төр,
Жат қолында байланғанда білікті ер,
Үзілердей болған кезде үміттер,
Зарықтырып сонда туған Темірбек!

***
Жаратқан рақым еткен Алашыма,
Бір қылау түсірмейтін тобасына,
Сан сынақ түссе-дағы мойымайтын
Самғайтын сәуле құйған санасына.
Сыр елім – қойның толы ақық-маржан, 
Айналдың Алты Алаштың анасына. 
Сайланған небір саңлақ Ер сыйладың,
Қазақтың ұлан-ғайыр даласына.
Бақ қонған Қыдыр дарып Сыр елінде
Ержүрек Келменбеттің баласына –
Батырлық, ерлік, билік, әулиелік
Дарыпты Жәрімбеттей данасына.
Ұрпағы Жәрімбеттің Жүрген бидің
Бақ қонған Сырлыбайдай Қарасына.
Қараның көзде нұрлы қарашығы –
Темірбек ердің ері, дарасы да.
Қазақтың маңдайына біткен оғлан
Жанының шипа болған жарасына.
Тең құшқан қазақ, өзбек, тәжік жұртын,
От жүрек сыймаған соң қанасына.
Көтеріп «Қазақ мұңын», жан бітірген
Ағарту, өнер-білім саласына.
Ұстазы – Сыр сүлейі Тұрмағамбет
Шын жүйрік өлең-сөздің сарасына.
Қазақша тіл бітірген сол заманда
Фердоуси жазған «Шаһі-намасына»,
Болғанда ұстаз ондай, шәкірт қандай
Содан-ақ белгілі ғой шамасы да.
Темірдей екпінінен Темірбектің
Мәскеу де түскен дейді сабасына.
Қазақты танытыпты Он күн жүріп,
Орыстың Орда тігіп қаласына.
Паш еткен төл өнерін текті жұрттың
Қалдырмай дос-дұшпанның табасына.
Өресін һәм өнерін танытыпты,
Түскен соң ұлт тағдырдың таласына...
Көңілі көншіген бе жамандардың
Жақсының жармаспаса жағасына?
Дүние-ай, сөйткен Боздақ кете барды-ау,
Ұшырап дұшпандардың жаласына.
Домбырам – ол да мендей зар қағады,
Әуені түскен сайын сағасына. 

***
Дұшпанға салса – арланым,
Досына жұмсақ бағланым,
Көмбеге жетпей құлаған
Қапыда кеткен тарланым.
Алаштың туын көтерген
Бәсі артық туған оғланым.
Орылып түсті-ау тағдырың
Адыра қалып арманың,
Зұлматты ғасыр құрбаны
Бүгулі кеткен бармағың,
Ақырғы демің қалғанша
«Алашым» деуден талмадың.
Білімің сынға түскенде
Алдыңа жанды салмадың.
Дарының сынға түскенде
Көкке ұшқан құстай самғадың.
Сабырың сынға түскенде
Таныттың рухтың салмағын.
Иманың сынға түскенде
Көтердің Хақтың салғанын.
Сезімің сынға түскенде
От болып лаулап жанғаның,
Жалыны күшті алаудан,
Жүзіңді бұрып алмадың.
Азаттық күткен халқыңның
Ақиқат қылдың жалғанын.
Өлмейтін қайсар рухыңды
Бүгінгі күнге жалғадың.
Рухыңа тағзым етумен
Доғардым сөздің қалғанын...

Ләйлі Құндақбай
13.11.2024.


Шапағат Сәндібек сіңілім Қорқыттың "Башпай" күйін тартып отыр


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Видео от Ләйлі Құндақбай


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Видео от Ләйлі Құндақбай


Сыр сүлейі, жыр дүлейі Күнсұлу Түрікпен Темірбек Жүргеновке арналған републикалық байқаудан бас жүлде алды. Темірбек Жүргеновке арналған арнауды орындап отыр.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Видео от Ләйлі Құндақбай


Шын білгірлер сабағынан үзілген
Шарап көрер пісіп тұрған жүзімнен.

Мына өмірдің бағасын сәл байыпта:
Шын ғашықтар сезер - құны ғайыпта.

Руми
Қалыптаған Ләйлі Құндақбай

https://t.me/Soz_sinergiasy


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Видео от Ләйлі Құндақбай


Ботик dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Видео от Ләйлі Құндақбай


- Ей, Абул-Хасан, - деген әуез келді бір күні,
Айдай әлем сен деп жүр ғой мына әлемнің дүлдүлі,
Әсем бақтың бұлбұлы.
Қайтер едің егер солар
Білсе сендей екіжүзді түлкіні,
қайтер едің, ашсам сырын қарабеттің дәл сендей
ұмытар ең күлкіні?
Сосын қарап тұрсам, саған 
тас лақтырған тобырға
Әділетті іс болмас па үлгілі?

Ал мен жауап бердім Оған: - Сұлтаным,
Жалғыз Өзі иеленген нұр тағын,
Мен де Сендік сырды білдім, неден енді қорқамын? 
Мен де жаям айналаға 
Сенің шексіз мейірімің мен рақымың
Күн мен түнге ортағын.
Мен де айтамын бос қаларын ақыры
Тозақ деген ортаның.
Мен де әділет орнатып,
Күллі әлемнің қорқынышын құртамын.
Сонда мен де қарап тұрам:
Мына әлемнен құлшылыққа
Қалғандығын табылмай бір құлтаның?

Сонда Раббым жауап қатты:
- Енді үндеме, болды, болды, сұңқарым!

Абуль-Хасан аль-Харакани

Аударған Ләйлі Құндақбай

https://t.me/Soz_sinergiasy




Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Видео от Ләйлі Құндақбай


Ғарыш жаққа кетейік
Ей, ғашықтар, тұр-сана.

Мына бақтан жалықтық
Басқасына жүр-сана.

Жоқ, бұл бақтар қаншама
Ғажайып боп тұрса да,

Баққа емес, жүзіңді
Бағбан жаққа бұр-сана.

Руми

Қалыптаған Ләйлі Құндақбай

https://t.me/Soz_sinergiasy


Тамақ алып, ас ішсем деп
Тоқымамды алып шықтым нарыққа,
Екі күміс теңге түсті, жетеді екі балыққа.

Сөйтіп тапқан қос теңгені
Екі қолға екі бөлек ұстадым –
Екі алақан дуылдайды, мен де қатты қыспадым.

Бұл екеуін бірге ұстасам,
Мұншама көп ұлан асыр байлықтың
Буы баурап, мені төмен сүйрей ме деп шайлықтым.

Рәбия әл-Басри (713-801)

Аударған Ләйлі Құндақбай

https://t.me/Soz_sinergiasy


Теңіз де – Сен, маржан да – Сен,
О, Тәбриздік Күн-Адам.

Жаратқанның жұмбағысың
Су сімірген тұмадан.

Болмысыңмен бастан-аяқ
Пәксің және күнәдан.

Шабытымның қайнары Өзің,
Сені Хақтан сұрағам!

Руми
Қалыптаған Ләйлі Құндақбай

#шамси_руми

https://t.me/Soz_sinergiasy

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.