Күйзелістің дауасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 280 миллионға жуық адам депрессиядан зардап шегеді. Бұл кейбір жағдайда мүгедектікке әкеп соғады. Депрессияға ұшыраған адамдардың 30%-дан астамына кәдуілгі ем көмектеспейді.
🔹 Депрессия еңбек өнімділігін төмендетіп, отбасында, қоғамда қиындық тудырады. Тіпті жыл сайын 700 мыңнан астам адам өз еркімен өмірін қияды.
🔹Ғалымдардың айтуынша, депрессияның кейбір себептері мынадай:Шектен тыс жұмысбастылық;
ұйқысыздық;
Тағамда транс майларының көп болуы;
артық салмақ;
ішек микробиомасының нашарлығы;
ауаның ластануы.
🔹
Оның орнына:
жемістер мен көкөніс көп жеу;
дұрыс тамақтану;
фастфудтан бас тарту;
зәйтүн майын пайдалану;
Физикалық белсенділік;
ұйқының сапасын жақсарту керек.
🔸Уақтылы ұйықтау (23.00-ге дейін ұйқыға жату) күйзеліс қаупін 23%-ға төмендетеді.
Әдетте көпшіл, адамдарға көмектескісі келіп тұратын жандар депрессияға сирек ұшырайды екен.