Айдын Оңласын


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha



Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Ж. Қорғасбектің Жансебіл әңгімесін оқып шықтым.Туған жерге деген сағынышты суреттеген.


👨‍🌾




Сөзділ 137 3/6

🟩🟩⬛⬛🟩
🟩🟩⬛⬛🟩
🟩🟩🟩🟩🟩

wordle.kz


ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР dan repost
Күйзелістің дауасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 280 миллионға жуық адам депрессиядан зардап шегеді. Бұл кейбір жағдайда мүгедектікке әкеп соғады. Депрессияға ұшыраған адамдардың 30%-дан астамына кәдуілгі ем көмектеспейді.

🔹 Депрессия еңбек өнімділігін төмендетіп, отбасында, қоғамда қиындық тудырады. Тіпті жыл сайын 700 мыңнан астам адам өз еркімен өмірін қияды.

🔹Ғалымдардың айтуынша, депрессияның кейбір себептері мынадай:
Шектен тыс жұмысбастылық;
ұйқысыздық;
Тағамда транс майларының көп болуы;
артық салмақ;
ішек микробиомасының нашарлығы;
ауаның ластануы.

🔹 Оның орнына:
жемістер мен көкөніс көп жеу;
дұрыс тамақтану;
фастфудтан бас тарту;
зәйтүн майын пайдалану;
Физикалық белсенділік;
ұйқының сапасын жақсарту керек.

🔸Уақтылы ұйықтау (23.00-ге дейін ұйқыға жату) күйзеліс қаупін 23%-ға төмендетеді.

Әдетте көпшіл, адамдарға көмектескісі келіп тұратын жандар депрессияға сирек ұшырайды екен.


Бүгін Шу ауылында өте суық -19.🥶Түстен кейін сәл күннің көзі көрінді.Сіздерде қалай болып тұр?Комментке жаза кетіңіз👇


ӨЗІІҢЕ ӨЗІҢ ЕСЕП ЕСЕП БЕРУБЕРУ
Бүгін өлең жаза алмадым күнімен,
Шабыт келмей қалғаны ма шынымен.
Бар тапқаным кітап бетін ақтарып,
Қалам менен ақ қағазға жүгінем.

Есеюдің не екенін білдім бе?
Әлде күндік өмір сүріп жүрмін бе?
Сан сұрақтар мазалайды ойымды, Талаптандым жауап іздеп бүгін де.

Бір сәт тоқтап ,есеп берсем өзіме ,
Жас келердей өткенді ойлап көзіме.
Ата-ана алдындағы балалық Борышымды алдым ба екен сезіне?

Қадіріне жеттім бе екен әкенің,
Білер ме екен маған қымбат екенін.
Ал анамды бір қуанта алдым ба?
Ол үшін мен құндақтағы сәбимін.

Әрбір күнім үмітпенен өтеді,
Еске аламын қызық кезді кешегі.
Көңіліме медет болар нәрсе бар,
Отбасы мен достың аман екені.
2020


1.Сезім,өмір шындығы,адам психологиясы терең берілген шығарма екен.Бұл кітаптың барын бұған дейін қалай білмей келгем деп таң қалдым.
2.Автор "Атау кере" шығармасында табиғат пен адамды байланыстыра келе кейіпкерлердің психологиялық ахуалын дәл суреттейді.Көкейде жүрген сауалдардың шешімін табуға тырысып,қазақы дүниетаным арқылы жауап іздейді.
3.Аңызбен астасқан "Қар қызы" хикаясын бас алмай оқып шықтым.Интригаға толы шығарма.Ынтызарлықты осылай суреттеуге де болады екен ау...


Шу ауылы,Ж.Қаламбаев атындағы жағын жинақты мектепте жұмыс істеп жүргеніме 3 ай болды.Мұғалімдік жұмыстың қыр сырын ұғынып келе жатырмын.Әлі де талай жаңалықтар болса осында салып отырамын.


Акутагаваның Новеллаларын оқып шықтым.Қызықты оқиғағалар,адам ішіндегі арпалыс,және бір ситуацияға бірнеше адамның көзімен қарау-жазушының бір ерекшелігі екен.
"Ормандағы оқиға","Мұғалім Мори" әңгімелері ерекше ұнады.
Аударған:Б.Қожабекова
#Акутагава


Сәлем баршаңа❤️


Қазір Шу ауылындамын.Жұмыс бойынша.Не жаңалық сіздерде?


Құпияға толы Хогуартс
"Хәрри Поттер және Азкабан тұтқыны" кітабында алғашқы екі бөлімдерге қарағанда күтпеген жайттар көбірек,оқырманды таң қалдырудан шаршамайды.Бұл жолы үш дос Азкабан тұтқынының сырын ашуға ұмтылады.Сиқыршы балалардың қасында жүргендей болдым.Жазғы демалысымды әрлей түскен шығарма десем болады.


Группаластарыммен Флэш фильмін көріп қайттым.Бэтмен мен Кара-Зор-Элді көріп таң қалдым.Бастан өткен оқиғалары қызықты баяндалған.Арасында көзіме жас алып та күліп те алған сәттер болды.
#флэш #dccomics #dc
https://www.instagram.com/p/CuMtBiuNdHa/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==


Көзіме жас үйірген қандай кітап?

Бұл қандай кітап?Бұл кітап әлемнің 70-ке жуық тіліне аударылған екен.А.Франктың күнделігі соғыс кезіндегі жасөспірім қыздың қандай күй кешкенін көрсетеді.Қазіргі әлемде болып жатқан жағдайда бұндай шығарма өте өзекті болып отыр.
Кітап не туралы?Анна өз күнделігінде өздері паналап отырған жердің ішкі жай күйін,онда тұрып жатқан адамдармен қарым-қатынсы туралы баяндайды.Жасөспірім қыздың санасында болып жатқан өзгерістер,анасымен арадағы келеңсіздіктерді ашық әңгімелейді.Ол болашаққ жоспарын,журналист немесе жазушы болуды армандайды.
Кейіпкерлер:А.Франк,О.Франк,Э.Франк,М.Франк,Г.Ван-Пелс,П.Ван-Пелс т.б.
Кімге арналған?Соғыс жағдайындағы отбасылардың жай-күйін,бастан кешкендерін білгісі келген көпшілік оқырманға арналған.


М.Сатрапидың бұл мемуары өзінің графикасымен әрі орынды әзілдерімен таң оқырманды баурайды.Ирандағы саяси өзгерістердің тұрғындардың өмір салтына тигізген әсерін, түсінікті жеткізе алған.Бас алмай оқып шықтым.
#akitap2023 #persepolis #marjanesatrapi


👀Ок,сен аптаның қай күнісің?
So‘rovnoma
  •   Дүйсенбі ☀️
  •   Сейсенбі 💻
  •   Сәрсенбі 🤑
  •   Бейсенбі 😎
  •   Жұма 🚀
  •   Сенбі 🥴
  •   Жексенбі 😴
5 ta ovoz


Adebi Media-тәуелсіз блог.Жоба 2020 жылы өз жұмысын бастады.Кұрметті оқырман, біздің барлық әлеуметтік желілерден жарнама сатып алсаңыз болады.Біздің FB,Instagram,Twitter,Tik tok желілерінде 5196 оқырман бар.Біз сіздің кез-келген заңға қайшы емес Жарнамаңызды барлық әл.желілерде жариялап береміз.Немесе Жобамызға қаржылай көмек көрсетуге шақырамын.💪
Каспи карта 4400430287197252
+7705 8319226 Айдын О.
Блог үшін кез-келген сома маңызды.Мархабат 💙




❓Ok,сенің топ платформаң қайсы? 🐰
So‘rovnoma
  •   Apple music 🍏
  •   Яндекс музыка☀️
  •   Vk музыка 🟦
  •   Telegram музыка ✈️
  •   Youtube music 🍅
8 ta ovoz

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.