Usbanov ARNASY


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


«Мәскеуде Сирияның бұрынғы қашқын президенті Башар Асадқа қастандық жасалды», - деп хабарлайды The Sun.

Жексенбі күні сириялық диктатор қатты жөтеліп, тынысы тарылып, тұншығып, ақыры медициналық көмекке жүгінген. Қазір оның жағдайы тәуір. Бірақ қан талдаулары Асадтың қанында улы заттың іздері барын көрсеткен.


Ресей құрамындағы тәуелсіздік аңсаушы аз ұлттардың азат саналы азаматтары Үндеу жасап, 2025 жылды – «Ресейді деколонизациялау жылы» деп жариялады.

Башқұрт тәуелсіздігі үшін күресіп жүрген Руслан Габбасов, «Азат Якутия» лидері Раиса Зубарева, «Азат Идель-Урал» қозғалысының өкілі Сиресь Боляень, «Азат Бурятия» қозғалысыныың лидері Доржо Дугаров, Татарстанның қудалауға ұшыраған Үкіметінің мүшесі Аида Абдрахманова, Ичкерия Үкіметінің мүшесі Ассет Сабдулаевалар бастаған топ:

«Біздің Украинамен ортақ жауымыз – Ресей империясы. Украина халқы сияқты Мәскеу отарлаған барлық халықтар өз тәуелсіздігі үшін күресті бір сәтке де тоқтатпайды!», - дейді.

Ресейдегі аз ұлттар қазір Кремльдің «ұлттарды жою саясатының» құрбаны болуда. Араны ашылған алыптың аузында жұтылып кетуді қаламайтын, тілін, дін-ділін сақтағысы келетін, ең бастысы – ұрпағын орыс қылғысы келмейтін халықтардың өмір сүру үшін күресуге құқы бар. Сол үшін де Ресей құрамындағы азшылық ұлттардың тәуелсіздікке ұмтылуы – құптарлық іс!


Сирияның жаңа үкіметі білім беру бағдарламасына кейбір өзгерістер енгізді. Енді Сирия оқулықтарында:

— «Осман оккупациясы» деген сөз тіркесінің орнына «Осман билігі» деп қолданылады.

— Асадтар отбасының суреттері оқулықтардан алынып тасталады

— «Әссәләму алейкум» сәлемдесуі сабақта қолданылады.

– Оқулықтардан «лотерея, жылдық пайыз, Құдайлар, Құдай-Ана, Арамей Құдайлары, Көктем құдайы» сияқты көптеген тіркестерді алып тастады.


Ongar_online dan repost
Приднестровьеде барлық өнеркәсіп энергия ресурстарының жетіспеушілігінен жұмысын тоқтатты, - деді жергілікті билік.

Ресей газының транзитсіз отырғанына 2-ші күн.


💥 31 желтоқсанда Украина алғаш рет MAGURA V5 теңіз дронымен Ресейдің Ми-8 тікұшағын атып құлатты.

Оккупацияланған Қырымда, Қара теңіз үстінде Украина теңіз дронына Р-73 SeeDragon зымыранын орнатып, ресейлік Ми-8-ді тоңқалаң асырған.


Жаңа жылдың түнінде:

▪️АҚШ Йемен хуситтеріне әуеден соққы жасады. Атап айтқанла Йемен астанасына соққы жасалған.
▪️Ал хуситтер Израильдің Бен-Гурион әуежайына зымыран атты.
▪️Ресей Украинаның Киев бастаған бірнеше қаласына, Одессаға, Сум облысына дрон шабуылын жасады.
▪️Украина Ресейдің бірнеше облысына, Брянскі, Калуга, Красноярскі, Смоленскі, Тверь, Ростов, Курскі облыстарына, Татарстанның Қазаны мен Оңтүстік Осетияға 100-ге жуық дрон шабуылын жасады.


Оңтүстік Корей соты президент Юн Сок Елді тұтқындауға ордер берді. Сондай-ақ, президент резиденциясын тінтуге ордер шығарды.


Құрметті Қазақ елі!
Қадіргі Usbanov ARNASY оқырмандары!

Келіп жеткен 2025 жыл әрбір шаңыраққа құтты, қайырлы, берекелі жыл болсын!

Әрбір қазақ аман болсын, бай болсын, бақытты болсын!

Мемлекетіміздің, Қазақстанымыздың тұғыры нық, шекарасы берік болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңажылдық құттықтау сөзі


Ресей мен Украина кеше келіссөз жүргізді ме?

Украина саясаткері Дмитрий Гордон кеше Украинадағы соғысқа қатысты маңызды кездесу өтетінін, бұл кездесуден кейін белсенді ұрыс қимылдары тоқтайтынын айтқан.

Алайда, соғыс тоқтаған жоқ. Ал Гордон АҚШ-қа Ресей билігінен адамдар барғанын, бірақ келісімге келе алмағанын айтады.

Кездесу Вашиңтонда өткен. Онда Ресей соғысты тоқтату үшін мынадай талаптар қойған.

▪️Майдан шебінде ұрыс қимылдарын тоқтатпастан келіссөздерді бастау. Ресей АҚШ тарапынан қандай да бір шегініс немесе жеңілдік жасалған жағдайда ғана Ресей жағы да сәйкесті қадам жасап, ұрысты тоқтатуға көнеді.

▪️Украина НАТО-ға қосылмайды және бұл халықаралық құқық-міндеттермен бекітіледі.

▪️Украинаны демилитаризациялау, яғни әскерден айыру;

▪️Украинаны денацификациялау;

▪️Украина аумағына НАТО-ның бітімгерлік мақсаттағы әскери контингентін кіргізбеу. Ресей Украинаға “нейтралды елдердің” бітімгерлік күштерін кіргізуге қарсы емес. Бұл нұсқада Қытай, Беларусь пен Бразилия қарастырылады. Оларға БҰҰ мандаты беріледі. Және кіргізілетін әскер саны 20 мыңнан аспайды. Оларға жеңіл атыс қаруы ғана беріледі.

▪️Санкцияны алып тастау.

Әрине, бұл шарттар Украинаға тиімсіз!

Ал Трамп командасы қандай шарттар қойды?

▪️Келіссөзді бастаудың шарты - ұрыс қимылдарын тоқтату.

▪️Ұзындығы 1300 км болатын демилитаризацияланған аумақ жасау. Оған НАТО-ның бітімгерлік контингентін кіргізу. Егер Ресей оған шабуылдаған жағдайда НАТО блогына тұтастай шабуылдаған болып есептеліп, НАТО-ның 5-ші жарғысы қолданылатын болады.

▪️Украина 20 жылдың ішінде НАТО-ға қосылмайды.

▪️Украина қайта қаруландырылады.

▪️Ресейге салынған санкция біртіндеп алыналы. Әуелі ең ауыр деген қаржылық санкциялар алына бастайды. Бірақ, бірден емес, бірте-бірте.

▪️Украина мен өзге әлем Ресей оккупациялап алған аумақтарды мойындамайды. Украина аталған аумақтарды ұрыс қимылдарынсыз, дипломатиялық жолмен қайтаруға тырысады.

Осыған дейін Ресейдің лауазымды тұлғалары мінетін әскери ұшақ Мәскеу-Петербор-Нью-Йорк-Впшиңтон бағытында ұшып, АҚШ-та 2 күн болып қайтқаны белгілі болған.

Ресей тарабы АҚШ-ға арнайы борт ұшып барғанын растап: “Дипломаттардың кезекті ротациясы үшін ғана ұшты”, - деп мәлімдеген.

Ал АҚШ-қа ұшқан ұшақ: Ол – «Ресей» арнайы ұшу отрядының Ил-96-300 ұшағы.


Түнде Украина оккупацияланған Қырым мен Севастопольге әуе және теңіз дрондарымен шабуылдады. Бірнеше жерде жарылыс болған.

Сондай-ақ, Ресейдің Смоленскі облысындағы мұнай базасына да дөп соққы жасалған. Мұнай базасы өртеніп жатыр.

Украина Ресейдің Орлов облысындағы “шахед” дрондары сақталған және жөнделетін бункер-қоймаға да дөп соққы жасаған.


Бүгін Украина мен Ресей ауқымды тұтқын алмасу жасады. Бұған БАӘ арағайындық жасаған.

Ресей тарабы: «Ресей мен Украина 150-ге 150 формуласы бойынша тұтқын алмасу болды», - деп мәлімдеді.

Ал Украина президенті Зеленский: «189 украиналық сарбаз тұтқыннан босап, Украинаға оралғанын», - хабарлады.

Олардың арасында «Азовсталь» мен Мариуполь қорғаушылары, Чернобыль АЭС-і мен Змейный аралының қорғаушылары және майданның әр түкпірінен Ресей тұтқынына түскендер бар.

Бұған дейінгі тұтқын алмасу 18 қазанда болған. Ол кезде 95-ке 95 адам алмасқан.


Армения премьері Пашинян:

- 30 желтоқсаннан бастап Армения-Иран шекарасындағы шекаралық бақылауды тек армян шекарашылары жүзеге асырады, - деді.

Ол сондай-ақ, Армения тәуелсіздік алғаннан бері Агарак бақылау-өткізу пунктінде (Армения-Иран) шекаралық бақылауды Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің әскери қызметшілері жүзеге асырып келгенін атап өтті. Пашинян ресейлік шекарашыларға көп жылғы қызметі үшін алғыс айтты.

- Ал бүгіннен бастап шекаралық бақылауды қолға алған шекарашыларымызға сәттілік пен жақсы қызмет тілеймін, - деді Пашинян.


БАҚ: Реактивті дрондар түнде Брянск облысындағы «Дружба» мұнай құбырына шабуыл жасады. Бұл - Еуропа мен Беларусьті қамтамасыз ететін Ресей Федерациясының негізгі мұнай құбыры!


Герман канцлері Олаф Шолц:

- Ресейдің Украинаға қарсы аяусыз соғысы тіпті, Украинадан тыс жерлерде де жазықсыз адамдарға кесірін тигізуде. Мұның дәлелі Ақтаудағы ұшақ апаты, ол толық зерттелуі тиіс!, - дейді.


Сондай-ақ АҚШ Украинаға қосымша бюджеттік көмек ретінде 3,4 миллиард доллар жіберді. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі хабарлады.


Молдова билігі бақылау пакеті «Газпромға» тиесілі «Молдовагаздың» активтерін мемлекетке қайтармақ! Бұл туралы Молдова премьері Дорин Речан айтты.


Мысыр президентінің баспасөз хатшысы Мұхаммед аш-Шанави 2024 жылы Йеменнің Қызыл теңіздегі және Баб-эль-Мандебтегі шабуылдарынан Суэц каналынан түскен табыс 7 миллиард долларға жуық азайғанын айтты.


Украинаның СІМ басшысы Сибига бастаған делегациясын Сирия басшысы Әбу Мұхаммед әл-Жолани қабылдады.

Жолани мен Сибига Сирия мен Украина арасындағы стратегиялық байланыстарды қалыпқа келтіретін болып келісті.

Украина Сирияға гуманитарлық көмек көрсететін болды.


Ресейдің СІМ басшысы Лавров: “Бізге шақырту жібергеннің өзінде, біз ешқандай “бейбітшілік саммитіне” қатыспаймыз!”, - дейді.


Байденнің соңғы көмегі: АҚШ Украинаға 2,5 млрд доллардың көмегін жариялады.

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.