Ongar_online


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Siyosat


Қош келдіңіздер! Бұл тәуелсіз журналист Оңғар Қабденнің телеграм арнасы!
Мұнда:
🤡 Саясат
😪 Дау-дамай
😜 Елдегі елең еткізер оқиғалар және спорт тақырыбы да қамтылады.
Жарнама бойынша: +7 701 203 9786

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Siyosat
Statistika
Postlar filtri


Жаңалықтар dan repost
⚡️Қазақстан мен Ресей АЭС құрылысы бойынша бірлескен шешім қабылдауға бет алды

«Росатом» компаниясының басшысы Алексей Лихачев осындай пікір білдірді.

Ол Қазақстан өз аумағында атом электр станциясын салу мәселесін «кәсіби түрде зерттеп жатқанын» атап өтті.

«Біз мұнда ерекше қуанышпен жұмыс істейтін боламыз», - деп түйіндеді ол.


t.me/abaiaqparatkz

1.2k 0 3 33 147

Шымкентте екі аптада үш адам жоғалған. Қаптаған камералар қайда? Штраф салу үшін ғана ма?


Usbanov ARNASY dan repost
Швецияда атышулы ирактық Салван Момиканы атып кетті. Ол Ирактан келген босқын және ел алдында Құран кітабын өртеп, арандату акцияларын іске асыруымен аты шыққан еді. Салванды Тик-Токта тікелей эфирде отырған сәтінде атқан.


2024 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 12,7 трлн теңгеден асты

Бұл туралы Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин мәлімдеді.


Azattyq - Азаттық dan repost
💬 Сенат Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы кеден баждарын уақытша рубльмен есеп айырысуды мақұлдады

"Власть" сайтының жазуынша, бұған дейін мәжілісте Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстан екі жыл Ресеймен және Беларусьпен кеден баждары бойынша рубльмен есеп айырысады деп айтқан.

Ресей Украинаға соғыс бастаған соң Батыс елдері Мәскеуге бұрын-соңды болмаған санкциялар салып, рубль құлдырап жатыр. Рубльдің әлсірегені Қазақстан теңгесіне де әсер етіп, бір доллар құны 500 теңгеден асып кетті. Сарапшылар бұған дейін Қазақстанға ЕАЭО елдерімен рубльмен есеп айырысу тиімсіз деп айтқан.

t.me/azattyq

1.5k 0 1 34 109

АИ-92 бензині 210 теңгеге дейін өседі — Энергетика министрі


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Мәжіліс депутаты Ринат Заитов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновке ауылдардың жағдайына қатысты депутаттық сауал жолдады. Ол өз мәлімдемесінде тәуелсіздік жылдарында түрлі даму бағдарламалары қолға алынғанымен, ауылдардың жағдайы күрделі күйінде қалып отырғанын атап өтті.
Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары елдегі жүздеген ауылдар бос қалып, тіпті мүлде жойылып кеткен. Статистикалық деректерге сүйенсек, соңғы бес жылда Шығыс Қазақстан облысында – 350, Солтүстік Қазақстан облысында – 635, Павлодар облысында – 352 ауыл қаңырап қалған. Тек 2024 жылдың өзінде Солтүстік Қазақстан облысында 141 ауыл мәртебесінен айырылған.
Ринат Заитов ауыл халқының қалаға жаппай көшуіне негізгі себеп ретінде сапалы инфрақұрылымның, медициналық қызметтің, тұрақты жұмыстың және интернеттің жоқтығын атап өтті. Оның пікірінше, бұл мәселені шешу үшін қазіргі «Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты» сияқты бағдарламалардың өздері жеткіліксіз, мемлекеттік қолдау аясын кеңейту қажет.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауылдарды дамыту бағдарламаларын бір жүйеге біріктіру туралы ұсынысына тоқталған депутат, бұл мәселеге жүйелі түрде қарау қажеттігін жеткізді.
Осыған байланысты Ринат Заитов Үкімет басшысына төмендегідей ұсыныстарын жолдады:
Ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін күшейту;
Әр ауылды қажетті техникамен қамтамасыз ету;
Ауылдарды сақтау мәселесін ұлттық деңгейге көтеріп, Үкімет пен облыс әкімдері деңгейінде арнайы мемлекеттік комиссия құру;
Жастарды ауылдық жерлерге тұрақтандыру мен қоныстандыруға бағытталған нақты жоспар әзірлеп, оны халыққа түсіндіру.
Депутат ауылдардың сақталуы – мемлекеттің болашағы екенін баса айтты. Ол Үкіметті бұл мәселеге ерекше назар аударуға шақырып, тиісті шараларды жедел қабылдауды ұсынды.


Трамп барлық антисемиттік шетелдіктерді, соның ішінде студенттерді де депортациялау туралы жарлыққа қол қойды — The New York Post

Депортациялар Хамастың 2023 жылдың 7 қазанында Израильге жасаған шабуылынан кейін Палестинаны қолдайтын шерулерге қатысқан барлық шетелдіктерге әсер етеді.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Мынау енді не масқара? Араққа тойып алып, Құранды рэп қылып оқу деген? Құзырлы органдар тиісті жаза қолданады деп сенемін.

Тоқаев айтқан блогерлер осылар ма?


Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары төбелестен кейін комаға түсті

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әліби БАҚЫТЖАНОВ (2022 жылдың тамызында тағайындалған) 28 қаңтарда Beer House Villa мекемесінде болған оқиғадан кейін комаға түскен.

Жанжал кезінде Бақытжанов басынан соққы алып, Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

«Атырау облысының полиция департаменті Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында, оның ішінде прокурорлардың қатысуымен бас көлік прокуратурасы қызметтік тексеру жүргізуде», - деп хабарлады ҚазТАГ агенттігіне бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

▪️Бұған дейін ҚазТАГ прокурор Асқар Жанысбаев пен Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбековтің де қатысуы мүмкін болған төбелестен кейін Бақытжановтың комаға түсіп, жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған.


Атырауда прокуратура қызметкері мен налогтың замы төбелесіп, соңғысы комаға түсіпті. Халықтың қамы үшін төбелесті ме екен?


Mezgil.kz dan repost
Мәскеу үшін ауыр соққы…

Соғыс басталған сәттен кейін Үндістан Ресейдің арзан мұнайын сатып алуды еселеп, Қытайдан кейінгі екінші орынға жайғасты. Ендігі таңда Дели де, Бейжің де ресейлік мұнайды алуды еселеп азайту арқылы Мәскеудің экономикасына соққы жасауда. 

Шығын көлемі қандай? Сандар не дейді? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6193


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК!

ҚР Бас прокуратурасы / Генеральная прокуратура РК

Сіздер өзі жұмыс істейсіздер ме? Алматы облысы мен Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімдерінің былықтарын фотомен, фактымен жұрт сендерді тегтеп тұрып жариялап жатыр. Астанаға бәрі жақсы деген отчеттарды қай беттеріңмен жібересіңдер?

Өткенде ғана әкесі қайтыс болғанда әріптестері батаға жинап берген 40 мың теңгені пара ретінде алды деп, сотқа сүйреп, 1 жарым миллион теңге штраф салып жұмыстан шығардыңдар. Қырық мың теңгені 8 ай тергеп, дым таппадыңдар. Бірақ, байқұс қыз бәрібір істі болып кетті.

Ендеше, сол Зарима Қожмамбетоваға жұмыс істеген 2023, 2024 жылдары неге зейнетақы аударылмаған? Екі жыл бойы неге МӘМС-ке ақша аударылмаған? Бұл тек қана Заримаға ғана аударылмаған ба?

Еңбекшіқазақ ауданындағы мұғалімдер! Зейнетақы мен МӘМС-теріңізді тексеріңіздер! Асхат Жұмағали мырза, Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімін өзіңіз барып тексермесеңіз біз қоластыңыздағыларға айта-айта шаршадық. Айқайлай айқайлай қасқырдан да ұят болды дегеннің кері келіп тұр.


БАРСЕЛОНА | QAZAQSTAN dan repost
⚡️ КОНКУРС ⚡️

💰 Жүлде қоры - 15 000

Байқау шарттары:

1. BARCELONA | QAZAQSTAN арнасына тіркелу;
2. eFoot•365 арнасына тіркелу;
3. СОҚКЕР арнасына тіркелу;
4. 🇪🇸 Барселона - Атланта🇮🇹 матчының есебін дәл табу және соңғы голдың авторын дәл табу.

❗️Ескерту: Жеңімпаз 2 адам болады, егер жалғыз болжам дұрыс болса, барлық ақшаны сол иемденеді. Пікіріңіз өзгермеуі керек, пікірлер матч басталғанға дейін қабылданады.

💬 Пікірлеріңізді BARCELONA | QAZAQSTAN арнасына, дәл осы посттың астына жазыңыздар.

@fcb_qazaq


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
"Расымен, біз елімізді сыйлауымыз керек. Парламентте сөз сөйлегенде ресми тілді қолдануға міндеттіміз. Әрі қарай сабақ болсын. Мен ол кезде жауапкершілікті заңбұзушылықтың ауыртпалығына сай болуы керек деп айтқанмын. Терминді пайдаланғаным дұрыс болмады, оны мойындап отырмын" - дейді ол.

Бұған дейін, Депутат Азат Перуашев Мәжілісте елде айыппұлдың көбейгенін айтып, шенеуніктерге шағым білдірген еді. Сол кезде ол Қазақстанды "Штрафстан" деп атаған.


Өзбекстан чемпионатында екі этникалық қазақ чемпион атанды

🥊 Бокстан Өзбекстан чемпионаты аяқталды. 13 салмақ дәрежесі бойынша өткен жарыста қаны қазақ боксшылар да қатысты.

🥇15 қазақ боксшы арасынан 6-ы жүлделі орыннан көрінді. 63,5 келі салмақта Руслан Абдуллаев жарыс жеңімпазы атанды. Ал 60 келі салмақта Мадияр Данияров топ жарды.

🥈 Финалға шыққан Мадияр Сайдрахимов (92 келі) пен Арман Маханов (+92 келі) күміс жүлде алды.

🥉 Саят Ілиясов (54 келі) пен Сабыржан Тастанов (63,5 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.

t.me/sportzhaily


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Нижний Новгород маңындағы мұнай өңдеу зауытының да күлі көкке ұшты. Түнде Украина дрондары шабуылдаған.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
🤡 Осы уақытта Путиннің отряды Трампты Путинмен келіссөздер үшін Краснодарға тарту үшін барын салуда:

"Біз бастамаған осы «СВО» үшін айналамыздағы әлем жау!" дейді. Трампқа хана

1.9k 0 2 28 112

"Бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы кезең-кезеңімен өседі" дейді Энергетика министрі Сәтқалиев. Бірден өсіре салса болмай ма?

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.