Қазақстандағы орташа жалақы бойынша көшбасшы салалар қатарынан күтпеген сектор орын алды
Бүгін ҚР СЖРА ҰСБ III тоқсандағы жалақы туралы жаңа деректерді (шағын бизнесті қоспағанда) жариялады. Еліміздегі орташа деңгейі 390,3 мың тг құрады. II тоқсанмен салыстырғанда, инфляцияны ескере отырып, 4,7%-ға төмендесе, 2023 жылдың III тоқсанымен салыстырғанда 2,7%-ға өскен.
Аса бір қатты өзгерістер жоқ: бұл айларда көрсеткіш тоқсандық мәнде үнемі төмендеп тұрады деуге болады, ал жылдық өсім қарқыны да ерекше жайт емес. Алайда жоғары жалақы төленетін «негізгі» секторлардың қатарында қызықты өзгерістер бар.
❗️Орташа жалақысы ең жоғары 10 үздік экономикалық сектордың ішінде 7-орынды бір тоқсан бұрын 33-орында, ал бір жыл бұрын 25-орында тұрған сала иеленді. Соңғы жылдары басқа тоқсандарда да үздіктер қатарынан көрінбеген еді.
⛵️Күтпеген жерден таңғалдырған қай сала? Өзен жүк көлігінің қызметі. Мұнда өткен тоқсанда орташа жалақы 1 млн 44 мың тг асты. ІІ тоқсанмен салыстырғанда номиналды түрде де, инфляцияны есепке алғанда да екі еседен астам өскен. Жылдық көрсеткіштер де осындай қарқында көрсетіп отыр.
🧙🏼♂️Бұл не деген сиқыр? Себебі - бұл сегментте кәсіпорындар мен қызметкерлер саны көп емес. Жұмыскерлердің нақты саны 300-ден сәл асады, бұл зерттеудегі жалпы көрсеткіштен 0,01% аз. Ал кәсіпорындардың өзі 6 ғана. Деректерге сүйенсек, орташа жалақының бір тоқсанда күрт өсуі солардың біріне тиесіліү
* Деректер өнеркәсіптің жекелеген секторларын есепке ала отырып жасалған ең нақты жедел статистикадағы жіктеу бойынша келтірілген
P. S. Сондай-ақ экономиканың тағы қандай салалары жалақы бойынша бұл жолы көшбасшылар қатарында екен - төмендегі графиктен көре аласыздар
@DataHub_KZ