💸 #ҚАРЖЫЛЫҚСАУАТСЫЗДЫҚТЫЖОЮ @ FINANCEkaz
Қаржы мәдениетін бірге көтерейік!
👉 ТРЕЙДИНГ дегеніміз не және оның ИНВЕСТИЦИЯДАН айырмашылығы неде?
Трейдинг — бұл бағаның қысқа мерзімді ауытқуынан пайда табу мақсатында акция, валюта немесе тауар сияқты қаржы құралдарын белсенді сатып алу/сату процесі. Трейдерлер қысқа уақыт ішінде, кейде бірнеше минут немесе сағат ішінде бағаның өзгеруінен пайда табуға тырысады және көбінесе шешім қабылдау үшін техникалық талдау мен нарықтық жаңалықтарға сүйенеді.
Инвестициялау кезінде, керісінше, қаржы құралдары ұзақ мерзімді перспективаға сатып алынады. Инвестор құнды қағаздарды оның құнының уақыт өте келе өсуінен пайда табу үшін немесе дивидендтерден кіріс алу мақсатында сатып алады. Инвесторлар негізінен компаниялардың немесе экономиканың даму көрсеткіштеріне назар аударады және өз капиталын ұзақ уақытқа, әдетте бірнеше жылға немесе ондаған жылдар ішінде көбейтуді көздейді.
Трейдинг пен инвестициялаудың басты айырмашылығы — уақыт көкжиегі мен стратегиясында. Трейдинг қысқа мерзімді пайдаға бағытталған және белсенді басқаруды және нарықты үнемі бақылауды қажет етеді, ал инвестициялау ұзақ мерзімді капиталды ұлғайтуға бағытталған және негізінен пассивті табыс табу көзі болып саналады.
Жаңадан келген инвестор көбінесе өзін Уолл-стрит қасқыры фильмінің кейіпкері сияқты сезініп, трейдер болғысы келеді. Бірақ іс жүзінде трейдингпен айналысу үшін бір күндік немесе бір апталық курс оқып шығу жеткіліксіз, бұл істе кәсіби білім мен тәжірибе қажет. Мысал келтіретін болсақ, трейдер кәсіби жарысушы (гонщик) тәрізді, ал инвестор куәлігі бар қарапайым жүргізуші. Тиісті біктілігі мен білімі жоқ қарапайым жүргізуші өзін гонщик санап жолда кереметтілігін дәлелдеуге тырысуы мүмкін, бірақ ол әдетте қайғылы аяқталады.
Өкінішке қарай, трейдинг деген атты жамылып, тез баю жолдарын алдап «сататын» алаяқтар қазір көп. Бұл әсіресе өсіп келе жатқан нарықта көп кездесетін үрдіс. Бірақ барлық альп*ри және форек* клубтар бұл трейдинг емес екенін, ал бинарлы опциондар жалған екенін түсініп, ара жігін ажырата білген жөн.
@FINANCEkaz