Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
ТЕНГЕ ТЕҢГЕ БАҒАМЫ ТУРАЛЫ БЕС ОЙ
Бірінші. Біздің Қаржы министрлігі үшін қазір тамаша мүмкіндік. Енді бюджеттегі курс пен нақты курс сәйкес кеп қалды. Жақын арада бюджетте ақша жетпей жатыр деген сөздер азаяды да, кезегін күтіп қалған барлық төлемдер орындалады деп болжаймын. Теңгенің әлсіреуіне Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігі емес, біздің әдемі ұлттық валютамызды құрдымға тартқан рубль кінәлі. Бұл бәрімізге аян. Ал бюджет осы жерде, нақты осы тұста, жылдың аяғында әсіресе қажет-ақ.
Екінші. Біз рубльге байлаулы екеніміз рас. Мұны ешкім ешқашан жоққа шығарған емес. Бұл саясаткерлер мен ұлттық банктер деңгейіндегі байланыс емес. Бұл экономика деңгейіндегі байланыс. Кез келген супермаркетке барсаңыз, ондағы сөрелерде ресей тауары қаптаған. Оларды сатып алу керек. Соғысқа дейін олар рубльмен сатып алынды. Соғыс басталғаннан кейін, рубль «улы» болған кезде, олар теңгемен сатып ала бастады, бірақ бәрі бірдей емес. Байланыс әлсіреді, бірақ түбегейлі үзілмеді. Қазір рубль қатты құлдыраған кезде байланыс созылып, теңгені соңынан сүйрей жөнелді. Рубльден толықтай бас тарту үшін ол елден көп тауарды сатып алуды тоқтату керек. Байланыс ешқашан қатаң сызықты болған емес, әсіресе соғыс басталғаннан кейін, рубль бір долларға 60-тан 100-ге дейін, ал тенге бір рубльге 4-тен 9-ға дейін ауысты.
Үшінші. Күшті рубль, бұл бір жағынан жақсы, екінші жағынан жаман. Рубльді нығайта отырып, теңгені долларға қатысты ұстап отыру біреуге жақсы идея болып көрінуі мүмкін. Ол жерден көптеп тауар келген сайын арзандай түседі, инфляция төмендейді дегендей. Бірақ бұл біздің өндірушілер үшін апатты жағдай, иә, олар жоқ емес, бар. Біздің қантты өндіру енді тиімді болмай шықты, одан гөрі Ресейден сатып алу оңайырақ, әрі арзан. Бұл жағдай экономика заңының қалай жұмыс істейтінінің жақсы көрінісі — әр оқиғаның кем дегенде екі салдары бар, оң және теріс. Барлық дерлік оқиғалар осы іспетті.
Төртінші. Қазір нарықта дүрбелең көп. Біреу өз валютасына әдеттегідей сенбейтін халықтың дүрбелеңінен ақша табам деп қолындағы долларын 525-ке сатады. 2020 жылдың наурыз айында біраз адам жоғары бағаммен сатып алуға жүгірді. 2022 жылдың наурызында да сол. Бір кеңес — егер сіз дәл қазір валюта сатып алғыңыз келсе, кем дегенде 12 рет асықпай демалып алыңыз, бір кесе жасыл шай ішіңіз, салқынқанды болыңыз, дүрбелеңге қосылып асығыс сделка жасамаңыз. Дүрбелең — нашар кеңесші.
Бесінші. Бағам бұл тек экономиканың көрінісі. Біз макроэкономикалық әлсіз валютамыз. Біз аз өндіреміз, көп тұтынамыз. Біз шетелден көп сатып аламыз. Және шикізатты экспортқа жібереміз. Экономика әртарапты болған кезде ғана біздің валютамыз күшті болады. Біздің сөрелердегі тауардың көпшілігін өзіміз шығара бастаған кезде. Оған дейін барлық ұзақ ақшаны, ең болмағанда жартысын валютада сақтаудың реті бар.
#Теңгебағасы @FINANCEkaz