AIR ASTANA-ҒА ШЫН МӘНІНДЕ ҚОЙЫЛУҒА ТИІС МАҢЫЗДЫ СҰРАҚТАР
Мені Air Astana-ның жанашыры деуге келмес — иә, бұл өте жақсы компания, өзгелерден озық екені рас, бірақ жиі ұшатын адам ретінде олардың косяктары менің де ызамды келтіреді. Бір блогер айтпақшы, мен олардың бірде-бір баспасөз турында байқалмаппын, тіпті Air Astana-ны үнемі сынға алам. Бірақ.... депутаттардың отырыстарға дайындықсыз келуі және олардың арзан, үстірт популизмге деген құштарлығы салдарынан өте маңызды мәселелер көтерілмей қалды. Мәселен:
📍 Air Astana-ның батыстық корпоративтік мәдениетке жақындығын және компаниядағы жиырма шақты вице-президенттерін ескере отырып...неліктен осы уақытқа дейін басқарудың жалғыз формасы енгізілген. Иә, Air Astana басқармасында бір ғана адам бар, ол сэр Питер Фостер. Бұл жағдай компания құрылар кезде орынды болған шығар, бәлкім, бірақ әуекомпания аяғына нық тұрғалы қашан, уақыт келді ғой.
📍 Самұрық-Қазына Қоғамдық кеңесінде Питер Фостерге тарифтік саясатты жариялау және оны ашық ету тапсырмасы берілген еді, содан бері екі жылға жуық уақыт өтті, неліктен бұл тапсырма әлі орындалмай отыр?
📍 Егер Air Astana шынымен де Ұлттық авиатасымалдаушы (және заңда мұндай ұғым жоқ болса да, өз сайтында олар өздерін осылай атайды) болса, неге лизингке жатпайтын ұшақтарды Қазақстанға тіркеуге қоймайды?
📍 Жария компанияның ашықтығы талап ететіндей Air Astana осы күнге дейін отын сатып алу схемасын неге жарияламай отыр?
📍 Air Astana-ның әкімшілік шығыстары тұрақты негізде кірістерден жылдам өсуде, бұның себебі неде?
📍 Air Astana өз акцияларының құнын арттыру үшін не істеді?
Айтпақшы, батыс адамының жымиып күлуі — иә, біз үшін өрескел болып көрінуі мүмкін, бірақ әлемде тіпті ұрысып жатқан адамға күлімсіреу қалыпты жағдай. Бұл кекесін күлу, құрметтемеуге жатпайды — бұл жай ғана күлімсіреу, әрдайым шынайы болмауы да мүмкін, бірақ олар солай тәрбиеленген, біздің комментарийлерге қарасақ, біздің тәрбиеміз аз тәрізді. Бірақ осы популизмге байланысты отырыста шынымен де маңызды сұрақтар қойылмай қалғаны дұрыс болмады.
@FINANCEkaz