LEGO-ға ИНВЕСТИЦИЯ ❤️🔥
Көпшілік LEGO-ны жай ғана ойыншық деп қабылдайды, біраө бұл сонымен қатар болашағы зор инвестициялық құрал екенін айтып өту керек. Соңғы жылдары сирек кездесетін және енді өндірілмейтін LEGO жиынтықтары кейде қор нарығынан да жоғары тұрады!
LEGO компаниясы үнемі белгілі бір жиынтықтарды өндірістен алып тастайды, бұл оларды сирек әрі құнды етеді. Мысалы, LEGO Star Wars Ultimate Collector’s Millennium Falcon (2007) алғашында $500-ға сатылса, қазір оның бағасы $5000-нан асады.
Harry Potter, Star Wars, Marvel сияқты тақырыптық жиынтықтар мен LEGO Architecture немесе LEGO Ideas секілді бірегей коллекциялық сериялар коллекционерлер үшін нағыз қазынаға айналған.
LEGO жинауды тек балалар емес, ересектер де ермек етеді. AFOL (Adult Fans of LEGO) деп аталатын LEGO жанкүйерлері сирек кездесетін модельдер үшін қомақты қаражат төлеуге дайын. Мысалы, LEGO Taj Mahal (2008) бағасы $300-дан $3000-ға дейін өсті.
@FINANCEkaz