💛💛💛
Сен маған келші жаным, күлші жаным,
Сезесің ғой жүректің тыншымауын.
Кеш білдік пе қоштасу кездесуден,
Бағасыз құн сұрауын.
Мен қазір шаршағанмын әлсіредім,
Сырт көзге күлген болып -
Күрсінемін.
Жанарыма ұялап қалып қойған,
Ып - ыстық тамшым едің.
Жұрттарға ала да сын қара да сын,
Қара сынға білесің қарамасым.
Қараңғы сәттеріммен қоса сүйген,
Қарғам сен - пәк адамсың?!
Қараша да жан бар ма дір етпеген.
Арашаға келерсің үміттенем.
Сенің барлық суретің күліп тұрған,
Альбомымда сақтаулы жүрек деген...
Мен үшін - жерде жалғыз пәк адамсың,
Жүзінен күн өппеген!
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya
Сен маған келші жаным, күлші жаным,
Сезесің ғой жүректің тыншымауын.
Кеш білдік пе қоштасу кездесуден,
Бағасыз құн сұрауын.
Мен қазір шаршағанмын әлсіредім,
Сырт көзге күлген болып -
Күрсінемін.
Жанарыма ұялап қалып қойған,
Ып - ыстық тамшым едің.
Жұрттарға ала да сын қара да сын,
Қара сынға білесің қарамасым.
Қараңғы сәттеріммен қоса сүйген,
Қарғам сен - пәк адамсың?!
Қараша да жан бар ма дір етпеген.
Арашаға келерсің үміттенем.
Сенің барлық суретің күліп тұрған,
Альбомымда сақтаулы жүрек деген...
Мен үшін - жерде жалғыз пәк адамсың,
Жүзінен күн өппеген!
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya