Ел жайлы өлең жазшы дегенде
Жаймашуақты таңы жоқ елге,
Шоу - тойдан басқа сәні жоқ елге.
Қорлауға келсе қолшоқпар дайын,
Қолдарға келсе заңы жоқ елге.
Не айтсам екен...
Басынан шіріп былыққан елге,
"Туғанды биі" құныққан елге.
Болашақ үшін басын қатырмай,
Ата - дәстүрін ұмытқан елге.
Не айтсам екен...
Ие бола алмай қарыстай жерге,
Суынып бастан бағы ұшқан елге.
Желіде сайрап жұлқынып жазып,
Диван үстінде данышпан елге,
Не айтсам екен...
Бірлігі болмай тараған елге,
Жетім - жесірі жылаған елге.
Он алтысында жастарын жерлеп,
Қарттардан хандық құраған елге,
Не айтсам екен...
Шындықты өзгеше мүсіндейтінге,
Кеудеге нан пісіп кішірмейтінге.
Ең соңы қазақша жазған жырымды,
Міңкілдеп түсінбейтінге.
Не айтсам екен...
Дәтім жоқ көп жайды қозғауға,
Зауқым жоқ, бос - өсек, сөз - дауға.
Ештеңе айтпайпын деймінде,
Шыдамым жетпейді - жазбауға!
Амал жоқ жазбауға...
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya
Жаймашуақты таңы жоқ елге,
Шоу - тойдан басқа сәні жоқ елге.
Қорлауға келсе қолшоқпар дайын,
Қолдарға келсе заңы жоқ елге.
Не айтсам екен...
Басынан шіріп былыққан елге,
"Туғанды биі" құныққан елге.
Болашақ үшін басын қатырмай,
Ата - дәстүрін ұмытқан елге.
Не айтсам екен...
Ие бола алмай қарыстай жерге,
Суынып бастан бағы ұшқан елге.
Желіде сайрап жұлқынып жазып,
Диван үстінде данышпан елге,
Не айтсам екен...
Бірлігі болмай тараған елге,
Жетім - жесірі жылаған елге.
Он алтысында жастарын жерлеп,
Қарттардан хандық құраған елге,
Не айтсам екен...
Шындықты өзгеше мүсіндейтінге,
Кеудеге нан пісіп кішірмейтінге.
Ең соңы қазақша жазған жырымды,
Міңкілдеп түсінбейтінге.
Не айтсам екен...
Дәтім жоқ көп жайды қозғауға,
Зауқым жоқ, бос - өсек, сөз - дауға.
Ештеңе айтпайпын деймінде,
Шыдамым жетпейді - жазбауға!
Амал жоқ жазбауға...
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya