TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
QR Energetıka mınıstrligi

21 Aug, 06:05

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

🔹Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

▪️Ақмола облысы Целиноград ауданында Қаражар және Қараөткел ауылдарын газбен қамту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталып, газ беру жүйесі іске қосылды. Бастапқы жоспар бойынша 2028 жылға дейін жалғасуы тиіс болған құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды.

▪️Инфрақұрылымның мерзімінен бұрын пайдалануға берілуінің арқасында елорда маңындағы 24 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді.

▪️Жоба аясында шамамен 240 шақырым жаңа газ желісі тартылды. Қаражар Целиноград ауданында табиғи газбен толық қамтылған жетінші, ал Қараөткел сегізінші елді мекен болды. Екі нысанды бір мезгілде іске қосуға олардың бірыңғай магистральдық желі бойында орналасуы мүмкіндік берді.

▪️Қаражар ауылында 53 шақырымға жуық газ желісі тартылып, бес мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Ал Қараөткелде жаңа газ желілерінің ұзындығы 185 шақырымды құрады. Ауылда 4 мыңнан астам отбасы тұрады, бүгінде 1,5 мыңға жуық абонент газбен жабдықтау жүйесіне қосылған. Елді мекенді газдандыру бес іске қосу кешені бойынша кезең-кезеңімен жүргізілді. Оның алғашқы екеуі өткен жылдың желтоқсанында пайдалануға берілсе, қалған үш кешен биыл толық аяқталды.

▪️Целиноград ауданының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Қызылсуат ауылында тиісті жоба жүзеге асырылып жатыр. Жұмыстар аяқталғаннан кейін 3 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.

▪️Сонымен қатар Ақмол, Қабанбай батыр, Өтеміс, Қызылжар, Нұресіл және Қажымұқан ауылдарын газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Аталған жобаларды іске асыру 2027 жылға жоспарланған. Нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрғынды табиғи газбен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

388 0 0 1
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot