QR Energetıka mınıstrligi


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Пресс-служба Министерства энергетики РК

https://www.facebook.com/minenergork
https://www.instagram.com/ministry_of_energy/
https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press?lang=kk

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
⚜️Дайджест недели 17-23 августа

📌Минэнерго запускает единую цифровую систему мониторинга поставок угля

📌
В Казахстане введены 7 из 10 проектов ВИЭ, запланированных на 2026 год

📌
Алкилат для бензина К5: в Павлодаре реализуется новый нефтегазохимический проект

📌
845 МВт новых мощностей планируют ввести в Казахстане в 2027 году

📌
77 тыс. км газораспределительных сетей готовят к отопительному сезону

📌
До 80% повысится точность прогнозирования генерации ВИЭ с помощью ИИ

📌
В Минэнерго состоялся семинар по новым изменениям в законодательстве

📌
Более 24 тысяч жителей Акмолинской области получили доступ к газу

📌
Пять лет сотрудничества: IMBC отмечает вклад специалистов в развитие местного содержания

📌В Атырауской области усилят работу по рациональному использованию недр и развитию ресурсной базы

📌
Доля ВИЭ в энергобалансе Казахстана за шесть лет выросла в 4 раза

📌
За 6 лет доступ к газу получили еще 4 млн казахстанцев

📌
Министр энергетики Ерлан Аккенженов проголосовал на выборах в Курултай

📌
Вице-министры проголосовали на выборах в Курултай


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
⚜️Апта қорытындылары 17-23 тамыз

📌
Энергетика министрлігі көмір жеткізілімдерін мониторингтеудің бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосты

📌
Қазақстанда 2026 жылға жоспарланған 10 ЖЭК жобасының 7-еуі іске қосылды

📌
К5 маркалы бензинге арналған алкилат: Павлодарда жаңа мұнай-газ-химия жобасы жүзеге асуда

📌
2027 жылы Қазақстанда 845 МВт жаңа энергетикалық қуат іске қосылмақ

📌
77 мың км газ тарату желісі жылыту маусымына дайындалуда

📌
ЖИ көмегімен ЖЭК генерациясын болжау дәлдігі 80%-ға дейін артады

📌
Энергоминде заңнамадағы жаңа өзгерістерге арналған семинар өтті

📌
Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

📌
Бес жылдық ынтымақтастық: IMBC мамандардың жергілікті қамтуды дамытуға қосқан үлесін атап өтті

📌
Атырау облысында жер қойнауын ұтымды пайдалану және ресурстық базаны дамыту бойынша жұмыс күшейтіледі

📌
Қазақстанның энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі алты жылда 4 есеге өсті

📌
6 жылда тағы 4 млн қазақстандық газға қол жеткізді

📌
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Құрылтай сайлауында дауыс берді

📌
Вице-министрлер Құрылтай сайлауында дауыс берді


✔️Вице-министрлер Құрылтай сайлауында дауыс берді

ҚР Энергетика вице-министрлері Сұңғат Есімханов, Қайырхан Тұтқышбаев, Санжар Жаркешов, Бақытжан Ілияс және Ерлан Ақбаров Құрылтай сайлауында дауыс берді.

✔️Вице-министры проголосовали на выборах в Курултай

Вице-министры энергетики РК Сунгат Есимханов, Кайырхан Туткышбаев, Санжар Жаркешов, Бакытжан Ильяс и Ерлан Акбаров проголосовали на выборах в Курултай.


✅️ Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Құрылтай сайлауында дауыс берді.

✅️Министр энергетики Ерлан Аккенженов проголосовал на выборах в Курултай.


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


⚜️За 6 лет доступ к газу получили еще 4 млн казахстанцев

▪️В Казахстане продолжается масштабная работа по расширению доступа населения к природному газу. За последние шесть лет уровень газификации страны вырос с 51% до 64,2%. За этот период доступ к природному газу получили около 4 млн казахстанцев — число обеспеченных газом жителей увеличилось с 9,1 млн до 13,1 млн человек.
За эти годы газификацией было охвачено свыше 1 тысячи населенных пунктов, построено 20 тыс.км газораспределительных сетей.

▪️Рост показателя стал результатом реализации инфраструктурных проектов, направленных на развитие газотранспортной и газораспределительной систем, а также подключение новых населенных пунктов.
Только по итогам 2025 года природный газ получили более 354 тыс. жителей 94 населенных пунктов. За год построено около 2 тыс. км газораспределительных сетей.

▪️В 2026 году развитие газовой инфраструктуры продолжается. Реализуется 40 проектов, включая 7 переходящих и 33 новых проектов. В рамках реализуемых проектов в текущем году ожидается, что доступ к природному газу получат еще около 36 тыс. человек.

▪️Особое значение для газификации северных регионов имеет проект строительства магистрального газопровода «Ишим – Астана». Меморандум о его реализации подписан между Правительством Казахстана и ПАО «Газпром». Проект позволит обеспечить надежное газоснабжение Астаны, Кокшетау и Петропавловска, а также диверсифицировать маршруты поставок природного газа в северные регионы страны.

▪️Дальнейшее расширение газификации будет осуществляться в соответствии с поручением Главы государства довести уровень обеспеченности населения природным газом до 80% к 2035 году.

▪️Газификация остается одним из ключевых направлений развития энергетической инфраструктуры страны. Расширение доступа населения к природному газу способствует повышению качества жизни, развитию регионов и укреплению энергетической безопасности Казахстана.


⚜️6 жылда тағы 4 млн қазақстандық газға қол жеткізді

▪️Қазақстанда халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. Соңғы алты жылда елдегі газдандыру деңгейі 51%-дан 64,2%-ға дейін өсті. Осы кезеңде шамамен 4 млн қазақстандық табиғи газға қол жеткізді — газбен қамтамасыз етілген халық саны 9,1 млн адамнан 13,1 млн адамға дейін артты.

▪️Осы жылдары газдандыру жұмыстарына 1 мыңнан астам елді мекен қамтылып, 20 мың км газ тарату желісі салынды.

▪️Көрсеткіштің өсуі газ тасымалдау және газ тарату жүйелерін дамытуға, сондай-ақ жаңа елді мекендерді газға қосуға бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру нәтижесінде қамтамасыз етілді.

▪️Тек 2025 жылдың қорытындысы бойынша 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Бір жыл ішінде шамамен 2 мың км газ тарату желісі салынды.

▪️2026 жылы газ инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 40 жоба іске асырылуда, оның ішінде 7 өтпелі және 33 жаңа жоба бар. Жобаларды іске асыру аясында биыл тағы шамамен 36 мың адам табиғи газға қол жеткізеді деп күтілуде.

▪️Солтүстік өңірлерді газдандыру үшін «Ишим – Астана» магистральдық газ құбырын салу жобасының маңызы зор. Оны іске асыру жөніндегі меморандумға Қазақстан Үкіметі мен «Газпром» арасында қол қойылды. Жоба Астана, Көкшетау және Петропавл қалаларын сенімді газбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ елдің солтүстік өңірлеріне табиғи газ жеткізу бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік береді.

▪️Газдандыруды одан әрі кеңейту Мемлекет басшысының халықтың табиғи газбен қамтамасыз етілу деңгейін 2035 жылға қарай 80%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады.

▪️Газдандыру елдің энергетикалық инфрақұрылымын дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту өмір сүру сапасын арттыруға, өңірлерді дамытуға және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.


🔸Доля ВИЭ в энергобалансе Казахстана за шесть лет выросла в 4 раза

▪️В Казахстане продолжается последовательное развитие сектора возобновляемой энергетики. За последние шесть лет доля электроэнергии, вырабатываемой объектами возобновляемых источников энергии (ВИЭ), в энергобалансе страны выросла в четыре раза – с 2% до 8%.

▪️Рост показателя обеспечен благодаря системным мерам государственной политики, проведению аукционов по отбору проектов ВИЭ, привлечению инвестиций и вводу новых генерирующих мощностей.

▪️Сегодня в стране действуют 172 объекта ВИЭ общей мощностью более 3,8 ГВт. Основную часть составляют 71 ветровая и 54 солнечные электростанции. Также работают 44 гидроэлектростанции и три биогазовые станции.

▪️По итогам 2025 года объекты ВИЭ произвели 8,6 млрд кВт·ч электроэнергии. За год в эксплуатацию ввели девять новых объектов общей мощностью более 500 МВт.
Развитие отрасли продолжается и в 2026 году. Планируется запустить еще 10 объектов ВИЭ общей мощностью 245 МВт — четыре ветровые, пять солнечных и одну гидроэлектростанцию.

▪️Ожидается, что по итогам года выработка электроэнергии из возобновляемых источников достигнет 8,8 млрд кВт·ч.
В ближайшей перспективе планируется реализация около 100 проектов общей мощностью 3,6 ГВт. Кроме того, прорабатываются крупные проекты ВИЭ еще на 4 ГВт.

▪️В сектор уже привлечены крупные международные инвесторы, среди которых TotalEnergies, China Power, Masdar и China Energy. Их участие позволяет привлекать современные технологии и инвестиции, а также наращивать новые генерирующие мощности. В дальнейшем это позволит увеличивать долю чистой энергетики в энергобалансе страны, повышать устойчивость энергосистемы и укреплять энергетическую безопасность.


🔹Қазақстанның энергия теңгеріміндегі ЖЭК үлесі алты жылда 4 есеге өсті

▪️Қазақстанда жаңартылатын энергетика секторын жүйелі дамыту жұмыстары жалғасуда. Соңғы алты жылда елдің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) объектілері өндіретін электр энергиясының үлесі төрт есеге – 2%-дан 8%-ға дейін өсті.

▪️Көрсеткіштің өсуі мемлекеттік саясаттың жүйелі шараларын іске асыру, ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондар өткізу, инвестициялар тарту және жаңа генерациялау қуаттарын іске қосу нәтижесінде қамтамасыз етілді.

▪️Бүгінде елімізде жалпы белгіленген қуаты 3,8 ГВт-тан асатын 172 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 71 жел электр станциясы және 54 күн электр станциясы бар. Сонымен қатар 44 гидроэлектр станциясы және үш биогаз станциясы жұмыс істеп тұр.

▪️2025 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК нысандары 8,6 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндірді. Бір жыл ішінде жалпы қуаты 500 МВт-тан асатын тоғыз жаңа нысан пайдалануға берілді.

▪️Саланы дамыту жұмыстары 2026 жылы да жалғасуда. Биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын тағы 10 ЖЭК нысанын іске қосу жоспарланған. Оның ішінде төрт жел электр станциясы, бес күн электр станциясы және бір гидроэлектр станциясы бар. Жыл қорытындысы бойынша жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемі 8,8 млрд кВт·сағ-қа жетеді деп күтілуде.

▪️Жақын перспективада жалпы қуаты 3,6 ГВт болатын шамамен 100 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, жалпы қуаты тағы 4 ГВт болатын ірі ЖЭК жобалары пысықталуда.

▪️Салаға TotalEnergies, China Power, Masdar және China Energy сияқты ірі халықаралық инвесторлар тартылды. Олардың қатысуы заманауи технологиялар мен инвестицияларды тартуға, сондай-ақ жаңа генерациялау қуаттарын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

▪️Алдағы уақытта бұл шаралар елдің энергия теңгеріміндегі таза энергетиканың үлесін арттыруға, энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді.


⚜️В Атырауской области усилят работу по рациональному использованию недр и развитию ресурсной базы

▪️Вице-министр энергетики Ерлан Акбаров совершил рабочую поездку в Атыраускую область. В рамках визита он посетил нефтегазовые месторождения, провел встречу с недропользователями и ознакомился с деятельностью отечественных производителей нефтегазового оборудования.

▪️Первым объектом рабочей поездки стало месторождение Тенгиз. Вице-министр провел рабочее совещание с руководством ТОО «Тенгизшевройл» и осмотрел производственные объекты.

▪️В ходе встречи рассмотрены текущее состояние разработки месторождения, выполнение проектных решений и геолого-технических мероприятий, вопросы эффективности разработки и рационального извлечения запасов углеводородов.

▪️Особое внимание уделено вопросам поддержания пластового давления, динамике добычи нефти и газа, состоянию фонда скважин и необходимости проведения комплекса геолого-промысловых исследований для повышения достоверности оценки процессов, происходящих в пласте.

▪️Вице-министр подчеркнул необходимость строгого соблюдения утвержденных проектных решений и обеспечения рационального использования недр.

В этот же день вице-министр посетил месторождение Карасор Западный АО «Эмбамунайгаз», расположенное на совмещенной территории с ТОО «Тенгизшевройл». На месте рассмотрены особенности разработки и вопросы дальнейшей доразведки месторождения.

▪️Также в рамках рабочей поездки вице-министр посетил Каратон, где ознакомился с ходом проводимых работ.

▪️В рамках второго дня рабочей поездки состоялось посещение месторождения Айранколь. Вице-министр ознакомился с состоянием разработки, применением цифровых решений и социальными объектами.

▪️На месторождении Карсак рассмотрены проводимые геолого-технические мероприятия, применение горизонтального бурения, в том числе скважин с наклонным устьем, а также мероприятия по повышению рентабельности разработки.

▪️Также вице-министр посетил месторождение Ескене, где ознакомился с текущим состоянием ликвидационных работ.

Встреча с недропользователями

▪️21 августа в Атырау на площадке филиала «КМГ Инжиниринг» состоялась встреча вице-министра с недропользователями.

▪️В ходе встречи обсуждены актуальные вопросы деятельности нефтегазовых компаний, исполнения контрактных и проектных обязательств, дальнейшего развития геологоразведочных работ и повышения эффективности разработки месторождений.

▪️Отдельный акцент сделан на необходимости системного восполнения ресурсной базы, внедрения современных технологий и повышения эффективности разработки зрелых месторождений.

Поддержка отечественных производителей

▪️Завершающим этапом рабочей поездки стало посещение отечественных предприятий Sigma Solutions, WIKA Kazakhstan, «АтырауНефтеМаш», «ЖигерМунайСервис» и KazBoltService совместно с представителями ТШО, NCOC и АО «Эмбамунайгаз».

▪️На предприятиях вице-министр ознакомился с производственными мощностями, технологическими процессами и выпускаемой продукцией для нефтегазовой отрасли.

▪️В ходе посещения предприятий обсуждены вопросы увеличения загрузки отечественных производственных мощностей, расширения номенклатуры локализуемой продукции и участия казахстанских компаний в закупках крупных нефтегазовых операторов.

▪️Вице-министр отметил важность создания устойчивого спроса на отечественную продукцию и расширения участия казахстанских предприятий в крупных нефтегазовых проектах.

✔️По итогам рабочей поездки даны поручения по повышению эффективности разработки месторождений, восполнению ресурсной базы, рациональному использованию недр и расширению участия отечественных производителей в нефтегазовых проектах.


⚜️Атырау облысында жер қойнауын ұтымды пайдалану және ресурстық базаны дамыту бойынша жұмыс күшейтіледі

▪️Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров Атырау облысына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында ол мұнай-газ кен орындарын аралап, жер қойнауын пайдаланушылармен кездесу өткізді және отандық мұнай-газ жабдықтарын өндіруші кәсіпорындардың қызметімен танысты.

▪️Жұмыс сапарының алғашқы нысаны Теңіз кен орны болды. Вице-министр «Теңізшевройл» ЖШС басшылығымен жұмыс кеңесін өткізіп, өндірістік нысандарды аралады.

▪️Кездесу барысында кен орнын игерудің ағымдағы жай-күйі, жобалық шешімдер мен геологиялық-техникалық іс-шаралардың орындалуы, игеру тиімділігі және көмірсутек қорларын ұтымды өндіру мәселелері қаралды.

▪️Қабат қысымын ұстап тұру, мұнай мен газ өндіру динамикасы, ұңғымалар қорының жай-күйі, сондай-ақ қабатта жүріп жатқан процестерді неғұрлым нақты бағалау үшін кешенді геологиялық-кәсіпшілік зерттеулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

▪️Вице-министр бекітілген жобалық шешімдерді қатаң сақтау және жер қойнауын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

▪️Сол күні вице-министр «Ембімұнайгаз» АҚ-ның «Теңізшевройл» ЖШС-мен ортақ аумақта орналасқан Батыс Қарасор кен орнына барды. Кен орнын игеру ерекшеліктері және оны одан әрі жете барлау мәселелері қаралды.

▪️Сондай-ақ жұмыс сапары аясында вице-министр Қаратонға барып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

▪️Жұмыс сапарының екінші күні Айранкөл кен орнына барды. Вице-министр кен орнын игерудің жай-күйімен, цифрлық шешімдердің қолданылуымен және әлеуметтік нысандармен танысты.

▪️Қарсақ кен орнында жүргізіліп жатқан геологиялық-техникалық іс-шаралар, көлденең ұңғымаларды, оның ішінде көлбеу сағалы көлденең ұңғымаларды бұрғылау, сондай-ақ кен орнын игерудің рентабельділігін арттыру жөніндегі шаралар қаралды.

▪️Сонымен қатар вице-министр Ескене кен орнына барып, жою жұмыстарының ағымдағы жай-күйімен танысты.

Жер қойнауын пайдаланушылармен кездесу

▪️21 тамызда Атырау қаласында «ҚМГ Инжиниринг» филиалының алаңында вице-министрдің жер қойнауын пайдаланушылармен кездесуі өтті.

▪️Кездесу барысында мұнай-газ компаниялары қызметінің өзекті мәселелері, келісімшарттық және жобалық міндеттемелердің орындалуы, геологиялық барлау жұмыстарын одан әрі дамыту және кен орындарын игеру тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

▪️Ресурстық базаны жүйелі түрде толықтыру, заманауи технологияларды енгізу және игерудің соңғы сатысындағы кен орындарының тиімділігін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

▪️Отандық өндірушілерді қолдау

▪️Жұмыс сапарының қорытынды кезеңінде вице-министр ТШО, NCOC және «Ембімұнайгаз» АҚ өкілдерімен бірге Sigma Solutions, WIKA Kazakhstan, «АтырауНефтеМаш», «ЖигерМунайСервис» және KazBoltService отандық кәсіпорындарын аралады.

▪️Кәсіпорындарда вице-министр өндірістік қуаттармен, технологиялық процестермен және мұнай-газ саласына арналған шығарылатын өнімдермен танысты.

▪️Кәсіпорындарды аралау барысында отандық өндірістік қуаттардың жүктемесін арттыру, жергіліктендірілетін өнімдер номенклатурасын кеңейту және қазақстандық компаниялардың ірі мұнай-газ операторларының сатып алуларына қатысу мәселелері талқыланды.

▪️Вице-министр отандық өнімге тұрақты сұраныс қалыптастырудың және қазақстандық кәсіпорындардың ірі мұнай-газ жобаларына қатысуын кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

▪️Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша кен орындарын игеру тиімділігін арттыру, ресурстық базаны толықтыру, жер қойнауын ұтымды пайдалану және отандық өндірушілердің мұнай-газ жобаларына қатысуын кеңейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.


⚜️Пять лет сотрудничества: IMBC отмечает вклад специалистов в развитие местного содержания

▪️В рамках празднования пятилетия Международного центра развития нефтегазового машиностроения (IMBC) состоялось торжественное мероприятие, посвящённое результатам совместной работы по развитию местного содержания в крупных нефтегазовых проектах Казахстана.

▪️На протяжении пяти лет Министерство энергетики, IMBC и крупнейшие нефтегазовые компании осуществляют системную работу по расширению участия отечественных товаропроизводителей в закупках крупных операторов, развитию локализации производства и укреплению взаимодействия между государством, бизнесом и промышленными предприятиями.

▪️Особое внимание в рамках мероприятия было уделено людям, непосредственно обеспечивающим реализацию этих задач.

▪️В знак признания профессионального вклада в развитие местного содержания и укрепление взаимодействия с отечественными производителями вице-министр энергетики Кайырхан Туткышбаев вручил Почётные грамоты сотрудникам IMBC и крупных нефтегазовых операторов.

▪️Награждение стало выражением благодарности специалистам, которые на протяжении последних лет принимают непосредственное участие в реализации инициатив по развитию местного содержания, работе с крупными операторами и отечественными производителями, а также в формировании новых возможностей для локализации производства в Казахстане.

▪️«Достигнутые результаты — это прежде всего заслуга людей, которые ежедневно работают над развитием местного содержания, взаимодействуют с операторами и отечественными производителями и находят практические решения для расширения участия казахстанского бизнеса в нефтегазовых проектах», — отметил вице-министр энергетики.

▪️Пятилетие IMBC стало не только поводом подвести итоги совместной работы, но и возможностью отметить вклад специалистов, благодаря которым выстроено эффективное взаимодействие между Министерством энергетики, крупными нефтегазовыми операторами, IMBC и отечественными производителями.

▪️В дальнейшем работа будет направлена на дальнейшее увеличение доли местного содержания, расширение перечня локализуемых товаров и услуг, развитие отечественного нефтегазового машиностроения и создание новых возможностей для казахстанских производителей.


⚜️Бес жылдық ынтымақтастық: IMBC мамандардың жергілікті қамтуды дамытуға қосқан үлесін атап өтті

▪️Халықаралық мұнай-газ машина жасауын дамыту орталығының (IMBC) бес жылдығына орай Қазақстанның ірі мұнай-газ жобаларында жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі бірлескен жұмыстың нәтижелеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.

▪️Бес жыл ішінде Энергетика министрлігі, IMBC және ірі мұнай-газ компаниялары отандық тауар өндірушілердің ірі операторлардың сатып алуларына қатысуын кеңейту, өндірісті оқшаулауды дамыту, сондай-ақ мемлекет, бизнес және өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

▪️Іс-шара барысында осы міндеттерді тікелей іске асырып жүрген мамандарға ерекше назар аударылды.

▪️Жергілікті қамтуды дамытуға және отандық өндірушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға қосқан кәсіби үлесін мойындау мақсатында Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев IMBC қызметкерлері мен ірі мұнай-газ операторларының мамандарына Құрмет грамоталарын табыстады.

▪️Марапаттау соңғы жылдары жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі бастамаларды іске асыруға, ірі операторлармен және отандық өндірушілермен жұмыс жүргізуге, сондай-ақ Қазақстанда өндірісті оқшаулау үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға тікелей қатысып жүрген мамандарға алғыс білдірудің көрінісі болды.

▪️«Қол жеткізілген нәтижелер — ең алдымен жергілікті қамтуды дамыту, операторлармен және отандық өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ қазақстандық бизнестің мұнай-газ жобаларына қатысуын кеңейту бойынша практикалық шешімдер табу бағытында күн сайын жұмыс істеп жүрген мамандардың еңбегінің нәтижесі», — деді энергетика вице-министрі.

▪️IMBC-нің бес жылдығы бірлескен жұмыстың қорытындысын шығаруға ғана емес, сонымен қатар Энергетика министрлігі, ірі мұнай-газ операторлары, IMBC және отандық өндірушілер арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қалыптастыруға үлес қосқан мамандардың еңбегін атап өтуге мүмкіндік берді.

▪️Алдағы уақытта жұмыс жергілікті қамту үлесін одан әрі арттыруға, өндірісі оқшауланатын тауарлар мен қызметтер тізбесін кеңейтуге, отандық мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға және қазақстандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталатын болады.


🔸Более 24 тысяч жителей Акмолинской области получили доступ к газу

▪️В Целиноградском районе Акмолинской области с опережением графика запустили газоснабжение в селах Каражар и Караоткель. Строительно-монтажные работы, завершение которых по первоначальному плану ожидалось лишь к 2028 году, полностью финишировали.

▪️Благодаря досрочному вводу инфраструктуры доступ к голубому топливу получили более 24 тысяч жителей пристоличного региона.
Масштаб проекта охватил около 240 километров новых газовых сетей. Каражар стал седьмым, а Караоткель – восьмым населенным пунктом Целиноградского района, полностью закрывшим вопрос доступа к природному газу.

▪️Синхронный запуск объектов стал возможен благодаря их расположению на единой магистральной линии.
В Каражаре проложили около 53 километров сетей, благодаря чему доступ к природному газу получили порядка пяти тысяч жителей. В Караоткеле протяженность новых сетей составила 185 километров. Здесь проживает более четырех тысяч семей, и порядка полутора тысяч абонентов уже подключены к системе. Газификация этого села проходила поэтапно в пять пусковых комплексов: первые два ввели в эксплуатацию в декабре прошлого года, а остальные три завершили в текущем.

▪️Работа по обеспечению жителей Целиноградского района природным газом продолжается. В этом году соответствующий проект реализуется в селе Кызылсуат, где после завершения работ доступ к газу получат около 3 тысяч жителей.

▪️Кроме того, разрабатывается проектно-сметная документация по газификации сел Акмол, Кабанбай батыр, Утемис, Кызылжар, Нуресиль и Кажымукан. Реализация этих проектов запланирована на 2027 год, их общий охват составит более 30 тысяч жителей.


🔹Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

▪️Ақмола облысы Целиноград ауданында Қаражар және Қараөткел ауылдарын газбен қамту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталып, газ беру жүйесі іске қосылды. Бастапқы жоспар бойынша 2028 жылға дейін жалғасуы тиіс болған құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды.

▪️Инфрақұрылымның мерзімінен бұрын пайдалануға берілуінің арқасында елорда маңындағы 24 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынға қол жеткізді.

▪️Жоба аясында шамамен 240 шақырым жаңа газ желісі тартылды. Қаражар Целиноград ауданында табиғи газбен толық қамтылған жетінші, ал Қараөткел сегізінші елді мекен болды. Екі нысанды бір мезгілде іске қосуға олардың бірыңғай магистральдық желі бойында орналасуы мүмкіндік берді.

▪️Қаражар ауылында 53 шақырымға жуық газ желісі тартылып, бес мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізді. Ал Қараөткелде жаңа газ желілерінің ұзындығы 185 шақырымды құрады. Ауылда 4 мыңнан астам отбасы тұрады, бүгінде 1,5 мыңға жуық абонент газбен жабдықтау жүйесіне қосылған. Елді мекенді газдандыру бес іске қосу кешені бойынша кезең-кезеңімен жүргізілді. Оның алғашқы екеуі өткен жылдың желтоқсанында пайдалануға берілсе, қалған үш кешен биыл толық аяқталды.

▪️Целиноград ауданының тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Қызылсуат ауылында тиісті жоба жүзеге асырылып жатыр. Жұмыстар аяқталғаннан кейін 3 мыңға жуық тұрғын табиғи газға қол жеткізеді.

▪️Сонымен қатар Ақмол, Қабанбай батыр, Өтеміс, Қызылжар, Нұресіл және Қажымұқан ауылдарын газдандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Аталған жобаларды іске асыру 2027 жылға жоспарланған. Нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрғынды табиғи газбен қамтамасыз ету көзделіп отыр.


⚜️До 80% повысится точность прогнозирования генерации ВИЭ с помощью ИИ

▪️АО «Самрук-Энерго» реализует проект по цифровизации процессов планирования выработки электроэнергии на объектах возобновляемой энергетики. Решение на базе искусственного интеллекта и машинного обучения планируется к запуску в конце 2026 года.

▪️Точность прогнозирования особенно важна для объектов ветровой генерации, поскольку объем выработки напрямую зависит от метеорологических условий. В частности, от скорости ветра, которая отличается высокой изменчивостью и сложностью прогнозирования.

▪️В основе решения — модель искусственного интеллекта, интегрированная с метеорологической службой. Система будет обрабатывать метеорологические данные с высокой пространственной и временной детализацией, необходимой для прогнозирования выработки ветровых электростанций.

▪️Для обучения и адаптации ИИ-модели будут использоваться исторические и оперативные данные из систем АСКУЭ и SCADA — фактические показатели генерации и технологические параметры работы оборудования. Это позволит учитывать реальные условия эксплуатации и повысить точность прогнозов генерации до 80%, что будет способствовать более эффективному операционному планированию и снижению финансовых потерь, связанных с отклонениями фактической выработки от заявленных объемов.


⚜️ЖИ көмегімен ЖЭК генерациясын болжау дәлдігі 80%-ға дейін артады

▪️«Самұрық-Энерго» АҚ жаңартылатын энергетика нысандарында электр энергиясын өндіруді жоспарлау үдерістерін цифрландыру жобасын жүзеге асыруда. Жасанды интеллект пен машиналық оқытуға негізделген шешімді 2026 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр.

▪️Болжау дәлдігі жел генерациясы нысандары үшін ерекше маңызды, өйткені өндірілетін электр энергиясының көлемі метеорологиялық жағдайларға тікелей байланысты. Атап айтқанда, құбылып тұратын әрі болжау қиындыққа түсетін желдің жылдамдығына тәуелді.

▪️Шешімнің негізінде метеорологиялық қызметпен интеграцияланған жасанды интеллект моделі жатыр. Жүйе жел электр станцияларында электр энергиясын өндіруді болжауға қажетті кеңістікте және уақытқа сай нақтылай отырып, метеорологиялық деректерді барынша өңдейтін болады.

▪️ЖИ моделін оқыту және бейімдеу үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) және SCADA жүйелерінен алынған тарихи әрі жедел деректер — электр энергиясын өндірудің нақты көрсеткіштері мен жабдық жұмысының технологиялық параметрлері пайдаланылатын болады. Бұл нақты пайдалану жағдайларын ескеруге және генерацияны болжау дәлдігін 80%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде операциялық жоспарлаудың тиімділігі артып, нақты өндірілген электр энергиясы көлемінің мәлімделген көлемнен ауытқуына байланысты қаржылық шығындар азаяды.

17 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.