TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
QR Energetıka mınıstrligi

21 Aug, 14:02

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

⚜️Бес жылдық ынтымақтастық: IMBC мамандардың жергілікті қамтуды дамытуға қосқан үлесін атап өтті

▪️Халықаралық мұнай-газ машина жасауын дамыту орталығының (IMBC) бес жылдығына орай Қазақстанның ірі мұнай-газ жобаларында жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі бірлескен жұмыстың нәтижелеріне арналған салтанатты іс-шара өтті.

▪️Бес жыл ішінде Энергетика министрлігі, IMBC және ірі мұнай-газ компаниялары отандық тауар өндірушілердің ірі операторлардың сатып алуларына қатысуын кеңейту, өндірісті оқшаулауды дамыту, сондай-ақ мемлекет, бизнес және өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

▪️Іс-шара барысында осы міндеттерді тікелей іске асырып жүрген мамандарға ерекше назар аударылды.

▪️Жергілікті қамтуды дамытуға және отандық өндірушілермен өзара іс-қимылды нығайтуға қосқан кәсіби үлесін мойындау мақсатында Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев IMBC қызметкерлері мен ірі мұнай-газ операторларының мамандарына Құрмет грамоталарын табыстады.

▪️Марапаттау соңғы жылдары жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі бастамаларды іске асыруға, ірі операторлармен және отандық өндірушілермен жұмыс жүргізуге, сондай-ақ Қазақстанда өндірісті оқшаулау үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға тікелей қатысып жүрген мамандарға алғыс білдірудің көрінісі болды.

▪️«Қол жеткізілген нәтижелер — ең алдымен жергілікті қамтуды дамыту, операторлармен және отандық өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ қазақстандық бизнестің мұнай-газ жобаларына қатысуын кеңейту бойынша практикалық шешімдер табу бағытында күн сайын жұмыс істеп жүрген мамандардың еңбегінің нәтижесі», — деді энергетика вице-министрі.

▪️IMBC-нің бес жылдығы бірлескен жұмыстың қорытындысын шығаруға ғана емес, сонымен қатар Энергетика министрлігі, ірі мұнай-газ операторлары, IMBC және отандық өндірушілер арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қалыптастыруға үлес қосқан мамандардың еңбегін атап өтуге мүмкіндік берді.

▪️Алдағы уақытта жұмыс жергілікті қамту үлесін одан әрі арттыруға, өндірісі оқшауланатын тауарлар мен қызметтер тізбесін кеңейтуге, отандық мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға және қазақстандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталатын болады.

372 0 0 5
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot