Qazaqparat


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


"ҚазАқпарат" ХАА ресми арнасы- кәсіби журналистика платформасы.
Авторлар - біздің Қазақстандағы және шетелдегі тілшілеріміз. Біз өзіміз көретін нәрсені жариялаймыз.

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


✍️ Астана халықаралық форумы мен Боао Азия форумы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

✅Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Боао Азия форумының сессиясына қатысуы барысында Астана халықаралық форумы (AIF) мен BFA арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

✅Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібін бірлесіп ілгерілетуге, сондай-ақ үздік әлем құру жолындағы көпжақты серіктестік пен ұжымдық жауапкершілікті нығайту жөніндегі жаһандық шараларды қолдауға ниетті.

✅AIF және BFA екі диалог алаңының күш-жігерін біріктіріп, ортақ мақсатты көздейтін бірқатар іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🗣СҚО-да Шағалалы өзенінің деңгейі бір тәулікте 1,5 метрге көтерілді

Солтүстік Қазақстан облысында кешеден бері шағын өзендердің су деңгейі көтеріліп жатыр. Десек те, әлі қауіпті деңгейге жете қойған жоқ.

ℹ️ @qazaqparat_kz


💬 Ақтөбенің Ойыл ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында бүгін төтенше жағдай жарияланды. Мұнда Екпетал ауылын су басты. Бірнеше ауылда жарық жоқ.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Президент Sany Group Co. Ltd Директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

✔️Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сян Вэньбо «жасыл» энергетика саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Корпорация Қазақстанда жалпы қуаты 1ГВт жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруға қатысып жатыр және жаңартылатын энергия көздеріне арналған мұнара, қалақ және гондола құрастыратын зауыт салу мүмкіндігін қарастыруда.

✔️Мемлекет басшысы Қазақстанның Sany Group Co. Ltd компаниясымен арадағы ықпалдастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екеніне назар аударды. Атап айтқанда, елімізде арнаулы техникалар, сондай-ақ олардың қосалқы бөлшектерін шығаратын бірлескен өндірісті жолға қою перспективті саналады.

✔️Қытай компаниясына Қазақстанда аймақтық R&D орталығын ашу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Бұл орталық компанияның ЕАЭО нарығындағы қызметін ілгерілетуге септігін тигізеді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Сян Вэньбоны биыл елімізде өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
💬 Алматыда көлігімен күзетшіні бірнеше рет басып өткен ер адам ұсталды

Түнгі уақытта болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге шықты. Видедағы жазбада оқиға «Меркур Таун» элиталық тұрғын үй кешенінде болғаны, салдарынан күзетшінің ауруханада көз жұмғаны жазылған.

Алматы қалалық полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🎾 Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакинаның Майами WTA 1000 турнирінің финалында әлемнің 53-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзбен сынға түседі

ℹ️ @qazaqparat_kz


🏛🏛🏛🏛 Президент State Power Investment Corporation компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Миншэнді қабылдады

Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, соның ішінде жаңартылатын энергия көздеріне негізделген серіктестік перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа China Power International Holding еншілес компаниясының Қазақстанда белсенді жұмыс істеп жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Соңғы бес жылда Жаңатаста жел энергиясы жобасы жүзеге асырылып, Қарағандыда күн электр станциясы салынды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Лю Миншэнді биыл маусым айында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


👩‍🏫 Қазақстанда педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі автоматтандырылды

1 сәуірден бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық білім беру деректер қорында педагогтерді мектепке жұмысқа қабылдау бойынша жаңа модульді іске қосады. Бұл шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы және конкурстық рәсімдерді ашық өткізуге бағытталған.

ℹ️ @qazaqparat_kz


💬 Абай облысы Аягөз өзенінде су деңгейі көтеріліп, 172 адам эвакуацияланды

Аягөз өзенінің су деңгейі көтеріліп кетті. Сақтық шараларын сақтау мақсатында өзен іргесінде орналасқан Төлендин көшесіндегі 43 жеке тұрғын үйден 172 адам эвакуацияланды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


«Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап»

💬 Абай Құнанбайұлы

🗣Ақтауға Ираннан келет
ін туристердің қатары артып отыр
🔗Сілтеме

🗣Павлодардағы жаңа шағын ауданда тұрғындарға 198 пәтердің кілті тапсырылды
🔗Сілтеме

🗣Алматыда заңсыз жекешелендірілген саябақ мемлекетке қайтарылды
🔗Сілтеме

🗣Қызылорда облысында Еуропадағы белгілі концерттік залдардың озық тәжірибесі енгізіледі
🔗Сілтеме

@qazaqparat_kz


🏆Сингапурда қазақстандық оқушылар робототехникадан халықаралық чемпионатта рекорд орнатты

First Lego League Challenge додадасында қазақстандық оқушылар әлемнің жас инженерлерімен бәсекеге түсті. Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар ең жоғары марапаттарға ие болып, рекорд орнатты.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🎬 Қытай телевизиясы Қазақстанның туристік орындары туралы фильмдер түсіреді

«2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға қытайлық туристер ағыны 367 мың адамды құрады. Биылғы жылы түрлі оқиғаларды ескере отырып, ағымды 500 мың адамға жеткізуді жоспарлап отырмыз, бұл біздің болжам, алдымызға мақсат қойып отырмыз», - деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов. 


Оның пікірінше, Қытайдың туристік нарығында ұлттық туристік өнімді ілгерілету үшін жарнамалық науқанға, сондай-ақ туризм саласында іскерлік байланыс орнатуға үлкен көңіл бөлу керек. 

ℹ️ @qazaqparat_kz


🌳Ақтаулық зейнеткер үй ауласына 500-ден аса ағаш отырғызды

«Ең болмағанда әр пәтердің бір тұрғыны бір ағаш отырғызса, көгалдандыруға қосқан үлкен көмек болар еді. Біз секілді әуесқой бағбан болмаса да, көршілердің көмегі маңызды. Жаңбыр жауса нұр үстіне нұр болады. Ондай кезде суару туралы ойланбайсың. Бірақ ыстық күндері бау-бақшаны күтіп-баптау аса маңызды. Сондықтан мол су болса, жеміс ағаштары жайқалып өседі. Әсіресе, көктемде гүлдері бүр жарғанда ғажап көрініс болады», - дейді Базаргүл Бугасова.

ℹ️ @qazaqparat_kz


💬 Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланды

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚡️Еріктілер су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмектесіп жатыр

Волонтерлер Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Абай облыстарындағы суға кеткен аймақтарда адамдарды эвакуациялап, аумақтарды жинасуға көмек қолын созып, ыстық тамақ пен ауыз су таратуға және басқа да түрлі іс-шараларға белсенді атсалысып жатыр.

Халыққа көмек көрсетуге барлығы 500-ден астам ерікті, волонтерлық ұйымдар мен топтар жұмылдырылды. 

ℹ️ @qazaqparat_kz


🗣Абай облысындағы тағы бір ауылда бірнеше үй су астында қалды

Бесқарағай ауданында қар жоғары жылдамдықпен еріп, қызыл су жүріп жатыр. Қарабас ауылының кіреберісіндегі Нұрсейітов және Больничная көшелері бойына су жиналған.

ℹ️ @qazaqparat_kz


💬 Ақтөбедегі Темір ауданында төтенше жағдай жарияланды

Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев су тасқынымен күрес және құтқару жұмыстарын баяндап, төтенше жағдай жариялауға шешім қабылданғанын мәлімдеді. 

ℹ️ @qazaqparat_kz


🥊 «Ұлы Жібек жолы» турнирі: қазақстандық боксшылар 3 алтын алды

Әзербайжан астанасы Баку қаласында бокстан өткен «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


✍️ Асхат Оралов Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды

ℹ️ @qazaqparat_kz


💬 Су тасқынына байланысты БҚО-ның тағы екі ауданында төтенше жағдай жарияланды

Су тасқынына байланысты Батыс Қазақстан облысы Сырым және Бөрлі ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Осыған орай аталған ауданда қажетті іс-шаралар атқарылады. Бұған дейін облыста Орал қаласы және Қаратөбе, Теректі аудандарында төтенше жағдай жарияланған еді.


ℹ️ @qazaqparat_kz

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.