👩🏻⚕️ 🦠
9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
😷 Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді.
📌 «4. Маскаларды немесе респираторларды, резеңке қолғаптарды міндетті түрде пайдалана отырып және тергеу әрекеттеріне қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықты сақтап, шұғыл тергеу әрекетін жүргізу үшін тергеушіге, адвокатқа және қорғаушыға шығаруды қоспағанда, сотталғандардың, күдіктілердің және айыпталушылардың қатысуымен жүргізілетін барлық шараларды шектеу», - деп жазылған жаңа қаулыда.
📌«9) 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектепалды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытуға;
📌оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күнінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау);
📌 білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімімен сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді қамтамасыз етсін», - делінген қаулыда.
📌«16) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық нысандар қызметін шектеуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте карантиндік шараларды күшейту эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда 5 күн ішінде жүргізіледі («жасыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа көшу), карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа көшкен соң 7 күннен ерте жүргізілмейді;»;
Қаулының
толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады.
@QazAqparat_kz