Qazaq Grammar | Қазақ тілі


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Қазақ тілі мен поп-мәдениет
Qazaq language and pop-cultural phenomenas
📩kazakgrammar@gmail.com
📨tildes.kz@gmail.com

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Кез келген тіл өзгеріп, құбылып тұратындықтан, оның мақал-мәтелдері де уақыт өте жаңарып отырады. Бұл видеода заманға сай түрленіп кеткен мақалдарды талдап көреміз.

@QazaqGrammar


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Құдай басымызға салмасын, бірақ бізге ресей басып кірсе, қоғамның осындай "шірік" бөлігі елімізді лезде сатып кетері анық. Тіл мәселесі – болмашы, түкке тұрғысыз мәселе емес. Биліктің бұл мәселені шешпей, керісінше, ушықтырып жатқаны еш тарапқа тиімді емес.

TikTok: salta_aks

@QazaqGrammar

694 0 5 48 58

Сөйлем басында мына 7 сөзден кейін үтір қойма!


Қазақ Бабыл dan repost
бір жерден проблема шықпаса, басқа жерден шығады ғой осы… қазақша дубляжға тағы бір кедергі — kino.kz сайтының қисынсыз интерфейсі.

https://vm.tiktok.com/ZMkMY8L5P/


"Салдақы" сөзінің мағынасы:
So‘rovnoma
  •   Салақ, ұқыпсыз, салғырт
  •   Ақылды, данышпан
  •   Малшыға төленетін ақы
  •   Сайқал, жезөкше, ойнасқор
660 ta ovoz


❌ өз репертуарында
✅ әдеттегідей

❌ Мәңгілік ел өз репертуарында, пробка боп жатыр
✅ Мәңгілік елде әдеттегідей кептеліс боп жатыр


"Муфаса: Арыстан патша" фильмінің көрсетілімі басталды 🔥

KinoKZ сайтынан билет алам десеңіз, қазақшасы бөлек парақшада. Орысшасына кіріп, "қазақша сеанстар жоқ" деп жүрмеңіз


"Кешіріңіз, мен орысша түсінбеймін"

Кафеге, дүкенге, сауда орталығына, басқа да кез келген жерге келгенде сізді орысша сөйлеп қарсы алса, орыс тілінде қызмет көрсетсе, осы сөзді айтсаңыз болады.

"Неге қазақша сөйлемейсіз?", "Неге орысша сөйлейсіз?", "Біз не, Ресейде тұрамыз ба?", "Менің түрім орысқа ұқсай ма не?" деген сияқты сөздерді жұмсақ айтсаңыз да, күліп айтсаңыз да, дөрекі естіледі.

"Кешіріңіз, мен орысша түсінбеймін" дегеніңізге реакция мынандай болуы мүмкін:

1) Қызмет көрсетуші сізбен сөйлесуді қазақша жалғастырады.
Бізге керегі де осы 👍

2) "Извините, я не знаю казахский" дейді.
Онда қазақша білетін қызметкерді шақыруын сұраңыз ("Позовите того, кто знает казахский" деп). Ондай адам болмаса, онда ол мекемеге арыз жазуға тура келеді. Тым болмағанда, бұл жағдайды әлжеліде бөлісуге болады.

3) "Мы нЕ абЯзАнЫ зНаТь КаЗаХсКиЙ, ВаЩе тА у НаС дВа ЯзЫкА, ауу-мауу" десе, шу көтересіз ғой кәәәдімгідей. Qazaq Coffee, Chocolife-тың тағдырын кешеді сонда.


BALGABAEV dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
2024 жылдың көктемінде еліміздің бірнеше аймағын су басты. Солардың бірі — 60 мың тұрғыны бар Атырау облысындағы Құлсары қаласы.
Өкінішке қарай бірнеше адам қаза тапты. Жүздеген отбасы үйсіз қалып, қала үмітсіздік пен қайғы жайлаған апат аймағына айналды.
Бұл деректі фильмде тасқыннан зардап шеккен адамдардың өмірі қалай өзгергенін, естеліктерін және баспана мәселесін көрсеттік.

Весной 2024 года, после обильных дождей и быстрого таяния снега, произошли паводки в нескольких регионах Казахстана. Под ударом оказался и город Кульсары Атырауской области с населением 60 тысяч человек, который пришлось почти полностью эвакуировать. К сожалению, не обошлось без человеческих жертв.
В считанные дни сотни семей остались без крыши над головой, а город превратился в зону бедствия, где царили отчаяние и растерянность. Как местные жители справились с последствиями, чем сейчас живёт город и восстановился ли он после потопа — об этом в нашем новом фильме, смотрите на YouTube

https://youtu.be/Ednzlf_f2RE?si=_k_muRSm7uC-fLqH


Биыл қазақша 6 фильм дубляждалды: 4-еуіне Меломан, 2-еуіне Сулпак дистрибьютор болған.

Меломан қазақшасын промолауға күш салды. Сулпак мүлдем тырыспады. Нәтижесінде Сулпак келесі жылы қазақша дубляж шығармайды. Қазақшасын қаржылай тиімсіз деп санады, яғни қазақ тіліне түкірді.

Меломан болса, қазақ тіліне сеніп, барынша жарнамалады. Келер жылы да қазақша шығара бермек. Бірақ оның нақты саны әзірше белгісіз. Енді "Муфаса" жақсы қаралым жинаса, кемінде 10 фильм шықпақ деген сыбыс бар. Сондықтан да "Муфасаға" барып, қазақша дубляжды қолдау аса маңызды 🙌

2.5k 1 12 17 137

Qazaq Grammar "Арыстан патша: МУФАСА" фильмінің тұсаукесерінде 🔥

1.7k 0 3 17 104

Патша болудың құны қандай?

«Муфаса: Арыстан патша» фильмінде Прайд жерлерінің сүйікті патшасының шығу тегі мен қиын сапары баяндалады. Хикаяда Муфаса атты жетім абдан Така есімді патша мұрагерінің жанашырлығы мен қолдауын тауып, екеуі қауіпті жауға қарсы бірге шығады. Тағдырларын өзгерткен бұл саяхатта олардың достығы нағыз сынға түседі. Көрермендер Тимон мен Пумбаны және олардың өз стиліндегі әйгілі әзілдерін де қайта тамашалай алады.

19 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында “Муфаса: Арыстан патша” фильмінің қазақша дубляжын тамашалауға шақырамыз.

@QazaqGrammar


dope söz dan repost
Бүгінгі қонағымыз белгілі журналист, тележүргізуші Дархан Әбдікпен бірге Тәуелсіздік естеліктері мен оның маңызы, ұлттық идеология және қоғамдағы табиғи сұрыптау туралы тілдестік.

Сонымен қатар орта білімнің деңгейі, тәуелсіз БАҚ, қазақ жазушыларының қайсы "overrated" екенін талқыладық.

https://youtu.be/vpPLUBWYHaw




Меніңше, қазақ тілінде ауыр естілетін сөздердің бірі — "біреудің я бірдеңенің қадірі кетіп қалу". Сондай қадірі кетіп қалған нәрсе — Тәуелсіздік күні. Неліктен екенін түсіндірмесем де болады, өздеріңіз бәрін жақсы білесіздер.


Неліктен қазақтар тілек, тост айтқанда ғана барынша таза қазақша сөйлейді? 🤔

2.1k 0 1 28 108


2.4k 0 14 15 102

батыс: құрдас
оңтүстік: тамыр

Досты өстіп атайтынын байқап па едіңіз? Сіздің өңірде қайтіп атайды?


қазақ тілі – ана тілім 😍
орыс тілі – мачеха тілім 😤
ағылшын тілі – sugar mummy тілім 💅🏻
түрік тілі – abla тілім 🧕🏻

2.4k 0 18 36 161

"Блогерлерді кәнсілдеуге" Шерзат Полаттың өлімі түрткі болғанымен, кәнсілдеуге себеп өте көп:

– саяси бейжай

Мемлекет қабылдаған түрлі шешімдерге қарсы сөз айтпақ түгілі, оны талқылауға дәті бармайды, құлық білдірмейді. Саяси тұтқындарға бостандық туралы біреу бір ауыз сөз айтса, ақырзаман орнайтын да шығар.

– халықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалы жайында пікір білдірмейді

Теңге құнының түсуі, бағалардың өсуі, жалақылардың өспеуі, т.б. мәселелерді қозғамайды.

– қазақ тілін қолдамауы

Блогерлердің бір бөлігі қазақ тілін мазақ ететін, қазақ тілі мәселесін төмендететін контент шығарса, енді бір бөлігі шала-қазақша контент шығарып, қазақ тілінің мәртебесін түсіреді, ал тағы бір бөлігі қазақ бола тұра, қазақша сөйлей білсе де, контентті орысша жасауды жөн көреді, қазақша жасаса, контент өтпейді деп.

3.2k 2 7 11 138
20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.