Қазақтарға отбасы реформасы керек!
1) Тойға кредит алып, бар тапқанын жұмсағанша, құдалықпен шектелген жөн.
2) Тойға жұмсалатын ақшаны одан да ипотеканың бастапқы жарнасына жұмсаған жөн.
3) Алғашқы 3-4 жылда бала жоспарламау.
4) Сол 3-4 жылда бір-біріне үйреніп, денсаулықтарын реттеп, қаржылық қауіпсіздік жастығын жинақтау керек.
Төменде бұл шешімдер не үшін дұрыс екенін жазып өтемін.
Мен жастармен жиі жұмыс істегендіктен, олардың проблемаларын білемін. Оларда гормондар ойнайды, бірақ дінге, ұлттық құндылықтарға сай "зина жасап қоймайын" деген ой тұрады.
Бір-бірін сүйіп тұрса да, "тойға дайын емеспін, қалтам көтермейді" деп үйлену жоспарын 4-5 жылға кейінге ысырып қояды. Кездесіп жүріп, өздерін күнәһар сезінеді. Кәдімгідей невроз болады.
Қарым-қатынас дамымаған соң, кейін бұзылып, жүрмей қояды.
Ал той жасамай, тек құдалықпен шектелсе, "жағдайым жоқ" деген сылтау қалмайды.
Шынымен бір-бірін сүйгендер қосылады.
Ал үйлену ниеті жоқ жігіттер қыздардың бастарын қатырып жүрмейді.
"Бірақ отбасы құрған соң көбірек ақша табу керек қой" деуің мүмкін.
Шын мәнінде, жігіт те, қыз да үйленбей жүргеннің өзінде көп шығын жұмсайды. Бір жерде тұру керек, тамақтану керек, жолға ақша керек. Екеуі қосылса, шығындары азаяды. Сыртта жеудің орнына үй тамағын ішеді. Аренда төлеудің орнына ипотека төлейді.
Қай жағдайда отбасы құру қаржылық жағынан қиын?
Егер бірден жүкті болып, бала туса.
Үйленудің, бір-біріне үйренісіп кетудің өзі үлкен стресс. Сол стреске үйренбей тұрып, үстінен жүктілік, босану, қаржылық қиындықтар қосылса, отбасы берік болады деу қиын.
Осындай жағдайда жастар арасында келіспеушілік туындап, ажырасып жатады.
Кейін қыз қолында кішкентай баласымен қалады. Жұмыс істейін десе, балаға қарайтын адам жоқ. Жұмыс істемейін десе, ақша жетпейді. Бостан босқа қиналады.
Егер алғашқы 3-4 жылда бала тумай жүрсе, бір-біріне үйренісіп кету ықтималдығы жоғары болады.
Тіпті ажырасқан жағдайдың өзінде қыз жұмыс істеп жүре береді, қиналмайды.
Оған қоса көбісі денсаулықтарын ретке келтіріп үлгермей жүкті болады.
Темір дефицитті анемия, b9, b12 витаминдерінің жетіспеушілігі, қалқанша безімен проблема болып жатады. Кейін жүкті болғанда, босанғанда ол асқынып кетеді. "Послеродовая депрессия" болу қаупі жоғары.
Ал егер үйленіп, 3-4 жылын денсаулығын реттеуге жұмсаса, өзіне де жеңіл болады, баласының да денсаулығы әуелден жақсы болады, жиі ауырып қала бермейтін болады.
Нәтижесінде:
Жастар зина жасамай, жеңіл жүрмей, үйленіп, жауапкершілік сезінеді. "Күнәһармын" деген невроздан аулақ болады.
Жастар той үшін қарызға, кредитке кірмейді.
Жалдамалы пәтер иесіне төлемей, өз үйінің ипотекасын жауып тұрады.
Онсыз да стреске толы заманда өмірлерін қиындатпай, жай-жай бір-біріне үйренісіп болған соң ғана бала туады.
Ата-анасы денсаулықтарын жақсы күткен соң, бала да сау туу ықтималдығы өседі.
Оған қоса бұл – послеродовая депрессияның алдын алады.
P.S. Ата-аналардың, жастардың "ұяты" жібермейді бұлай істеуге. Не үшін? Менталитет. "Той жасамасаң, ұят" дейді.
Бұл менталитетті жою үшін идеяны тарату керек! Ол трендке айналу керек. Қазақтар трендшіл келеді 😂
Дубайский шоколад, шайн мускат деп бастары кеткенде, бұл трендтен де қалмауға тырысады.
Бұл мақаланы бүкіл жақындарыңа жібер!