Бізідің қоғам әбден ашулы. Әдетте ашуды кешіріммен басуға болады, бірақ біздің адамдарға ол да аз. Жүректен мейірім кетті дейін десем, “кетірді” деген келіңкірейтін сиқты. Әділетсіздік, саясат, экономиканың жылдан жылдан құлдырауы, тағысын тағы. Соның бәрін түзеуге ШАРАСЫЗДЫҒЫМЫЗ өмірдің басқа да тұстарына әсер етуде.
Кеше балалар киімін сататын дүкен бір жазба үшін таяқ жеп қалды. Бүгін постты өшіріп, ресми түрде кешірім сұрады. Оқырмандар “Кешірім сұрағандарыңыз дұрыс болды” деп жазды деп ойлайсыздар ма? Фиг!😄 Қазбалап тағы тиісе берді, тиісе берді…
Сыртынан қарап отырып “қазір қателескен адам/бизнес не істеу керек сонда?” деген ой келді. Кешірім сұраса да адамдар кешірмейтін заманда тек жол қалды емес пе? Мүлдем қателеспеу. Біз сонда бір жақтан балаларымызды “қателесу норма” деп тәрбиелеп жатырмыз да, екінші жағынан қателесуді норма емес қылып жатырмыз. Cancel culture белсенді түрде енгізіп жатырмыз. Бірақ кэнселить етіп жатқандар кешірім сұраса, кешірмейміз.
Қателескен адамды/бизнесті қай кезде кешіруге болады сонда? Сіздердің ойларыңыз қызық.