Postlar filtri


Бір ғана коммент: егер бізде бәрі нашар өтсе де, батыстың адамдары “нашар болды” деп айтпайды. Көңіліңді сұрау, комплимент айту, күлімдеп қарсы алу, қоштасарда жылы сөз айту - бұл қарапайым ғана солардың мәдениеті. Естеріңізде болса, кішкентай кезімізде үйге бөтен адам келсе мамаларымыз “бар, жүгір, амандас” дейтін еді ғой? Біз ұнатпасақ та, танымасақ та барып әйтеуір амандасатынбыз. Вот, дәл солдай нәрсе. Алғашқыда бұндай әрекетті тек саған арналған ерекше қадам ретінде қабылдайсың. Ал американдықтармен, еуропалықтармен көп араласқан сайын, сенің халіңді сұрап тұрып, “кешке не тамақ дайындасам екен?”, саған күлімдеп тұрып “мына кісі қашан кетеді екен?” деп тұратынын түсінесің. Және ұнаса да, ұнамаса да бәріне күлімсіреп қарап how r u doing? дейтінін көресің. Дәл солай шығарып салады. Сондықтан, Дженифер “маған бәрі ұнады” деуі бәрі жақсы болды деген сөз емес 😄 жоқ, әрине, солай болсын-ақ, жай бұл сөздер американдық адамдардың қалыпты сөзі екенін айтқым келді.

511 0 0 28 45

Әдемі монохром 🤍

614 0 0 23 23

Басқа да ұнаған сөздер. Мүмкін сіздерге де осының бірін дәл қазір есту керек болар. Қайырлы түн!


Ал мына сөз осыдан 1-2 жыл бұрын қатты қиналып жүргенде бетіме суық су сепкендей болды. Онсыз да өшіп бара жатқар үміт отын сөндіріп тастады. Бірақ орнында басқа нәрсе пайда болды. Жауапкершілік


Солай


14 жасымнан бастап қалыптасқан 3 әдет:
1️⃣ суға түскеннен кейін дене терісіне крем/лосьон жағу
2️⃣ шампуньнан кейін міндетті түрде шашқа бальзам/кондиционер жағу
3️⃣ денедегі шаштарды тек пинцетпен алып тастау

Қызық. Жасөспірім кезде оны маған ешкім айтқан жоқ, интернет те болған жоқ, бірақ үнемі осыларды істейтінмін. Қазір әрине лазерлік эпиляциядан кейін артық шаштар жоқ болғанына 5 жылдай болды😄 өз басым сол ешқашан бритва қолданбай тек пинцетпен алғанның нәтижесі болар, 7-8 сеанстан кейін дым жоқ) 5 жылдай эпиляция анау-мынау дегенді ұмыттым.

Ал дене терісімді үнемі ылғалдандырғаным 3 жүктіліктен кейін ешбір растяжка, шрам түспеуге көмектескен сияқты.

Шаш жуайын десем, шашқа арналған бальзам жоқ екен. Жуған жоқпын))) сол кезде туған ой.


Ақуыздың нормасын орындап жатқан маркетинг құрбаны…

514 0 1 12 22

Адамдар қызық, иә? Неге саған қызық болмаса, басқа адамдарға да қызық емес болу керек?)) қашан өз қалуымызды басқаларға тыға беруді қоямыз? Қашан біреудің ақшасын санағанды қоямыз?

843 0 0 10 28

Кітаптың презентациясы:
✅ АЛМАТЫДА, 7 маусым, сағат 17:30 өтеді.
✅ АСТАНАДА бөлек өтеді. Уақыты мен өтетін орнын кейін жазамын.

1k 0 1 17 34

Жылда өтетін жануарлар әлемі фотосуреттер көрмесінің дроннан түсірілген кейбір кадрлары 😍


Мұқабасы әдемі😍 2 ай дизайнерлерді мыжғылаааап есін шығарғаным бекер емес екен)))

645 0 1 11 60

Кітаптың бағасы әлі белгісіз. Бүгін санаймын.


1000 дана🥳


Не істеп тұрмын? Білесіздер ме? 🙂 Кітабымның тиражын бажагникке салғанын күтіп тұрмын🥳🥳🥳


“Примитивизациялау” дегенді қалай түсінесіздер? Комментке жаза кетіңіздер. Сосын бір нәрсе айтып беремін


❤️


Жүректен мейрімділікті сырттан кетуге болады. Алайда оны тек іштен қайта жандыруға болады🩷


Бізідің қоғам әбден ашулы. Әдетте ашуды кешіріммен басуға болады, бірақ біздің адамдарға ол да аз. Жүректен мейірім кетті дейін десем, “кетірді” деген келіңкірейтін сиқты. Әділетсіздік, саясат, экономиканың жылдан жылдан құлдырауы, тағысын тағы. Соның бәрін түзеуге ШАРАСЫЗДЫҒЫМЫЗ өмірдің басқа да тұстарына әсер етуде.

Кеше балалар киімін сататын дүкен бір жазба үшін таяқ жеп қалды. Бүгін постты өшіріп, ресми түрде кешірім сұрады. Оқырмандар “Кешірім сұрағандарыңыз дұрыс болды” деп жазды деп ойлайсыздар ма? Фиг!😄 Қазбалап тағы тиісе берді, тиісе берді…

Сыртынан қарап отырып “қазір қателескен адам/бизнес не істеу керек сонда?” деген ой келді. Кешірім сұраса да адамдар кешірмейтін заманда тек жол қалды емес пе? Мүлдем қателеспеу. Біз сонда бір жақтан балаларымызды “қателесу норма” деп тәрбиелеп жатырмыз да, екінші жағынан қателесуді норма емес қылып жатырмыз. Cancel culture белсенді түрде енгізіп жатырмыз. Бірақ кэнселить етіп жатқандар кешірім сұраса, кешірмейміз.

Қателескен адамды/бизнесті қай кезде кешіруге болады сонда? Сіздердің ойларыңыз қызық.


Ал жүрек миға қан жібермесе, ми өліп қалады)))) жүректі сақтаңдар 😄❤️ Жүрек - бастық)

19 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

979

obunachilar
Kanal statistikasi