Бір ғана коммент: егер бізде бәрі нашар өтсе де, батыстың адамдары “нашар болды” деп айтпайды. Көңіліңді сұрау, комплимент айту, күлімдеп қарсы алу, қоштасарда жылы сөз айту - бұл қарапайым ғана солардың мәдениеті. Естеріңізде болса, кішкентай кезімізде үйге бөтен адам келсе мамаларымыз “бар, жүгір, амандас” дейтін еді ғой? Біз ұнатпасақ та, танымасақ та барып әйтеуір амандасатынбыз. Вот, дәл солдай нәрсе. Алғашқыда бұндай әрекетті тек саған арналған ерекше қадам ретінде қабылдайсың. Ал американдықтармен, еуропалықтармен көп араласқан сайын, сенің халіңді сұрап тұрып, “кешке не тамақ дайындасам екен?”, саған күлімдеп тұрып “мына кісі қашан кетеді екен?” деп тұратынын түсінесің. Және ұнаса да, ұнамаса да бәріне күлімсіреп қарап how r u doing? дейтінін көресің. Дәл солай шығарып салады. Сондықтан, Дженифер “маған бәрі ұнады” деуі бәрі жақсы болды деген сөз емес 😄 жоқ, әрине, солай болсын-ақ, жай бұл сөздер американдық адамдардың қалыпты сөзі екенін айтқым келді.