Әрбір оқырманыма, СІЗГЕ жабық хат✉️
Кейде емес, күнде…
Күнде өзімді жазғырамын: екіжүзділігім үшін, риякерлігім үшін, жасандылығым үшін, жалқаулығым үшін;
күн сайын бәрін қойып жапқым келеді, шын айтамын, күнде блогта бірдеңе жазатын не бір пайдалы насихат айтар кезде “Осының бәрі неге керек? Неге мен секілді надан айту керек? Түкке тұрғысыз бір күнәһармын, өз басыма қатырып май жағып алайын” деп бәрінен бас тартып, өшіріп, өз өзіммен қымталғым, оңашаланғым келеді…
Неге сонда да күнде жалғастырудамын бұл жолды?
Алла жалғастыртуда дейін… Ол берген білім мен жіберген ойларды мен шығармай қалсам буылып қаламын, өзім үшін не сіз үшін шығарып тастау емес, Ол үшін ғана шығару міндетім✨
Шығару дегенім сол бөлісу ғой: өзіммен және өзгелермен 🙌
Менікі болмаған соң Оныкын иемденіп білгенімді істеуге хақым жоқ екен
Жолаушымын мен де:
- Алла салып берген түзу, таза әрі тегіс асфальт жолдан шеттегі қотырға, лайлы жолға түсіп кете беретін;
- күнде өзімді намазды, Құранымды, қызметімді жасауға сүйреееп жүрген, қисық арбаммен бірде тоқтап, бірде 1% жылдамдықпен, бірде 70% жылдамдықмен келе жатқан жолаушымын🚲
Бұл жолда мына мен секілді жолаушылар көп-ақ екен, соның бірі де сіз боларсыз👤Раббым да “Сізбен бірге жүр, бірде жөн көрсет оларға, енді бірде олардан жөн сұра да жалғастыр жолыңды” деді.
Раббым: “Тоқтап қалма” деді, менің ішкі пиғылымды, нәпсімнің қараңғылықтарын Ол өте жақсы біледі, соған қарамастан “Мен де саған нығметімді беруді тоқтаттым ба құлым? Сені жазғырып, сен күнәһарсың деп тынысыңды тарылтып қойдым ба? Керісінше, күллі айыбың мен кемшілігіңді жасырып , тіпті көбін өзіңнен де жасырып Сені жетектеп келе жатырмын ғой” деді Ол…😭
Қашан осылай ойыма тоқтау жайлы, мен түкке тұрғысыз біреумін деп бәрінен бас кешу, тек барып өз нәпсімді сабалап тәрбиелеу, оңашалану келсе, Ол тоқтатады Рахметімен🩵
Айтқым келгені: мен Ол жайлы, Оның сөздері жайлы бірдеңе деуге, Оның асыл құлдарына, яғни сізге бір дағуат айтып, жөн сілтеуге еш лайықты емеспін, еш… бірақ бұл қабілетті берген Ол ғой, мен басқалар секілді қатырып тігіс тігуге, тамақ жасауға, т б нәрсеге икемім жоқ, әркімді әр істе шебер етті ғой, тәубе, мен шебер емеспін, тек салыстырмалы түрде басқа қабілеттерден сөйлеу, дағуат айту қабілетін басымдау қылды дегім келген, осы басым қабілетімізді шеберлеу ғой біздікі, сол жолдамыз…
Мен тек бір объектпін, лайықты емеспін ешбір нығметке, тек кейбір маған да, сіздерге де қажет дүниелерді мына мен секілді бір объект арқылы өткізіп жатыр Ол…
Жасырған емеспін негізі мұндай нәпсімнің теріс пиғылдарын, бірақ арасында осылай ішімді ақтарып, сізге ашылып иығымнан кішігірім жүк түсіргендей боламын, мына бейшараның шынайы келбетін білсеңіз екен деймін…
Ақылым арқылы Аллах мұның да дұрыс екенін білдіруде, яғни, мен өз өзіме көңілім толып мақтаған күні бітемін ғой, әрине, 100% мақтайтын түгім жоқ болса да …мен өзіммен оңашаланып кетіп кемелденемін деп ойлап нәпсінің тұзағына түседі екенмін, яғни қазір бірдеңе айтуға хақым жоқ, барып шамалы болып, толып келейін деп ойлайды екенмін… бұл тұзақ
Қашан болып толамын мен? Болып толдым, енді бірдеңе дей аламын, бірдеңе үйрете аламын деген күні біттім ғой мен…
Мен сіздермен, айналаммен бірге жүріп толысады екенмін анығында…
Жолым жолыңмен бірге екен бауырым🫂
Жолға шығайық, бірақ жолдан шықпайық
Жолда жүрейік, қисық не түзу, бірақ тоқтамайық
Vesselam🫂

Нәпсімнің басқа ұсқынсыз келбеттерін айтпайын, тек сізге қатысты тұсын қозғап кетпеске болмады, сізге бір мойындауым деп қабыл алсаңыз екен🙌

Мен күшті емеспін, бәлки сізден де өте төмен, өте надан, кедей бір құлмын, сізге айтқан насихатымның кей бөлігіне амал етуде мен де жалқаулық танытамын, кемелдік жоқ…қателік пен күнәға көмкерілген бір пендемін, өмірімдегі барлық нәрсе Алланың ихсаны ғана