Алматыда қалың қар: қар шығару жұмыстары күшейтілді
Алматыда қар күреп, шығару үшін 1 115 жұмысшы мен 475 техника жұмылдырылды. Жолдарға құм шашу үшін 194 құмсепкіш техника қолданылады.
Айта кетсек, таңғы 04:30-да мегаполисте қар күреу үшін патрульдік полиция көліктерінің қолдауымен 25 техника колоннасы ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, жол жиектеріндегі қар үйінділерін шығару және кептелістерді болдырмау мақсатында тұрақ «қалталарын» жартылай жабу жұмыстары басталды.
75 шағын техника тротуарлар мен қоғамдық орындарды тазалаумен айналысуда.
Жүргізушілерден жылдамдық режимін сақтауды және қар шығару жұмыстары жүріп жатқан аймақтарға көлік қоймау сұралады. Жаяу жүргіншілер жолдан өтерде аса сақ болғаны жөн.
Еске салайық, 8 қаңтар түнгі 12-ден бастап Алматыда 14 см қар жауды, Каменск үстіртінде – 22 см, Шымбұлақта – 20 см қар түсті.
Facebook | Instagram | Telegram | TikTok