⚽️ Зеленский “Қайраттың” экс-ойыншысын жазалады
Украина Президенті Владимир Зеленский мемлекеттік марапаттардан 34 адамды айыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Bassport.kz Sportarena.kz сілтеме жасап.
Бұл тізімге Украинаның бұрынғы ұлттық құрамасының футболшысы, ал қазір Санкт-Петербургтің “Зенит” клубының жаттықтырушысы Анатолий Тимощук те енген.
Сонымен қатар, өткен аптада Спорттық арбитраждық сот (CAS) Тимощуктың Украиналық футбол қауымдастығы (УАФ) шешіміне қатысты апелляциясын қанағаттандырғаны белгілі болды. УАФ оны жаттықтырушылық лицензиядан және барлық марапаттарынан айырған еді.
Айта кетейік, Анатолий Тимощук 2015-2016 жылдары “Қайрат” сапында өнер көрсетіп, клуб үшін 42 матч өткізген.