TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Бауыржан Əлиұлы (ресми)

20 Mar 2018, 13:13

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

Қадыр Олжасты қалай қазақша сөйлетті?

"Мен бұрын да тиіп-қашып аударма жасап жүретінмін. Бұл жолы Олжас өлеңдерін тәржімалауға белді бекем буып, білекті сыбанып, құшырлана кірістім.

Олжас жай ақын емес, психолог ақын. Ол орыс оқырмандарына не керек екенін өте жақсы біледі. Сондықтан ол қазақтар, қазақ даласы, қазақ тарихы, қазақтың өткен өмірі, керек жерде экзотикадан да тартынбайды. Мысалы, Махамбет туралы өлеңінде батырдың бір отырғанда бір қойдың етін бір өзі жеп қоятын еді дейді. Басқа халықтар үшін бұл, әрине, қызықты, әсерлі. Бірақ қазақтарды онымен елеңдете алмайсың. Сондықтан басқаша сурет, басқаша бейне, басқаша әрекет, бір сөзбен айтқанда, көркем балама іздейсің. Яки түпнұсқадан саналы түрде ауытқисың. Сол өлеңнің осы тұсын мен:

Ол даланың жолбарысы,
Көкжалы,
Көкжал бөрі қай кезде де олжалы! - деп қазақшаладым. Бір қойдың етін бір өзі жеу қасқырдан ауысқан қасиет! Қазақтар сүйсінген адамын "Өй, қасқырым-ай!" дейді. Ал бір қойдың етін бір өзі жейді десең, оны қомағай, мешкей деп есептейді. Сондай-сондай батыл әрекеттерді дұрыс байқаған болуы керек, бір кездескенде Мұқағали марқұм маған:

- Әй, Қадыр! Сен Олжасты жақсылап сүндетке отырғызыпсың ғой! - деді. Осы сөйлемдегі "сүндетке отырғызыпсың ғой" деген тіркес көп ойды, көп пікірді қамтып тұр."

(Қадыр Мырза Әлидің естелігінен)

1.1k 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot