Шешендік пен байлық қатар жүре ме? Ақындардың бірі халифа Мансұрға арнап арнау жазады. Арнаудың мазмұнында арнауына лайықты сыйдан дәмесі бар екендігін меңзейді. Осылайша жазған арнауын ебін тауып сарайға жібереді. Арнауды толық оқып шықан халифа ақынға былай деп хат жазып жіберген екен. «Шешендік пен байлық бір адамның бойынан табылса адамды бұзып, дандайсыған астамшыл етеді. Момындардың әміршісі бойыңды астамшылдық билеп кетпесін деп саған жанашырлық танытып отыр. Саған айтарым екеуінің біреуімен шектелгейсің». Жұма мүбарак!