Қази Иястан (Алла рақымына бөлесін) мынадай бір риуаят бар.
«Өмірімде мені бір кісіден басқа кісі жеңіп көрген емес. Ол былай болды. Мен әдетімше Басра қаласында даулы мәселе бойынша мәжілісте отырған едім. Кенеттен құзырыма куәгер кірді. Ол бәленше деген баудың түгенше деген біреуге тиесілі екендігіне куә болды. Баудың өлшемін айтты. Мен оған қарап: «Бауда қанша түп ағаш бар?» деп сұрадым. Ол үндемей қалды. Кейін басын көтеріп: «Қази мырзамыз, қашаннан бері осы жерде қазилық жасап келеді?» деп сұрады. Мен: «Осынша уақыттан бері» деп жауап қаттым. Ол: «Олай болса, осы бөлменің төбесінде қанша ағаш бар?» деп сұрады. Мен сөзден тосылып: «Сен жеңдің» деп оның куәгерлігін қабыл еттім».
Күндеріңіз сəтті өтсін!