TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Бауыржан Əлиұлы (ресми)

28 Apr 2018, 09:07

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

Ол жаққа кім барып келіпті?

Бірде, өлім сәті жақындаған қария балық, өсиет айтпақ ниетімен, жас балықтарды жинап алыпты. Ол өсиетінде: «Мына судың сыртында адам деген жаратылыс өмір сүреді. Олар сендер жақсы көретін тағамды қармағына салып, сендерді судың сыртына алып кетеді. Ол жақта сендерді аршып, тазалап, майға қуырып жейді. Сондықтан, абай болыңдар!» - депті. Сөйтіп, ол қария балық дүниеден өткен.
Күндердің бір күнінде жас балықтар судың астында ойнап жүрген шақта балықшы келіп, балықтың жақсы көрер тамағын салып, қармағын тастаған екен. Оны бір жас балық көре сала соған қарай ұмтылады. Мұны байқаған басқа балық: «Тоқта! Әлгі қарияның айтқаны есіңнен шықты ма? Абай бол!» - деп ескертіпті. Бұған әуелгі балық: «Ол жаққа кім барып келіпті?» - деп, сүйікті тағамын шап беріп, балықшының қармағына іліккен екен.
Осы әңгімедегі жас балық қайтып келіп: «Ол жақта, шынымен, бізді аршып, тазалап, майға қуырып жейді екен» - деп айта ала ма? Әлбетте жоқ! Міне, осылайша, дүниеден өткен адамдар оралып, біздерде о жақта не бар екенін хабардар ете алмайды. Онда біз О дүние жайлы хабарларды қайдан алдық? Бұрыңғының сандырағы мен ертегісі ма? Бұл мәселені түсіну үшін бізге «иман ету» сөзге тоқталу қажет.
Иман сөзі – илану, сену деген мағынаны білдіреді. Қазақта «имандай сену» - деген сөз тіркесі бар. Адам өзі сенімді адамның әкелген хабарына имандай сенеді. Мұсылманның иманды делінуінің астарында осы жатыр. Ол Алла мен Оның елшісі – Мұхаммед пайғамбардың әкелгеніне, еш күмәнсіз, иланады. Ал, О дүние жағдайы ғайып нәрсе. Мұсылман, ол жаққа барып келмесе де, Құран Кәрімде және Пайғамбар хадистерінде айтылғандықтан, толыққанды сенеді. Себебі, Алла тағала Бақара сүресінің алғашқы аяттарында-ақ мүминдерді сипаттай келе: «...ғайыпқа сенетіндер...» - деген. Демек, мұсылман адам көрмеген нәрсесіне иланады, тек ол жайында, Алла мен Пайғамбар хабардар еткен болғаны. Ал, Алла Құранның көп жерінде, Екі дүние сардары Мұхаммед те өз хадистерінде қабірдегі жағдайды, Қиямет қайым мен Жұмақ, Тозақ жайлы баяндаған. Сол себепті, өзін иманды һәм мұсылман санаған пенде ол жаққа барып келмесе де, айтылғанға илануы тиіс.
Ал, сенбейтін адам, Алла жөнін салмаса, қандай дәлел келтірсең де сенбейді екен. Солай болатынын Жаратқан Иеміз Әнғам сүресінің 111 аятында Өзі хабардар етуде:
«Егер оларға періштелерді түсірсек те, оларға өліктер сөйлесе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар сенбес. Әрине, Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді».
Сондықтан, білместікпен, «Ол жаққа кім барып келіпті?» дейтіндердерден болмаңыз!

Қанат Алшынбаев – Науан хазрет мешітінің наиб имамы. Көкшетау қ. 2017ж.

1.2k 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot