Бір кісі шайыр Әбу Нуасқа келіп: «Табытқа салынған мәйіттің қай жағымен жүрген дұрыс? Алдына түсіп жүрген дұрыс па? Жоқ әлде соңынан ерген дұрыс па?» деп сұрайды. Әбу Нуас іле-шала: «Бастысы табыттың ішінде болма! Қалғаны маңызды емес. Қалаған жағыңмен жүре берсеңші» деп жауап берген екен.