Біртүрлі Мақсат😎


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa: Bloglar


Біртүрлі ойлар мен жазбалар
Ақыл иесі болуға тырысып жүрген құл
Біздің жоба: @musa_tech
Жүктеу https://onelink.to/avdpsk
Аманат мұрағат: @baribirturli
аноним хат: t.me/anonaskbot?start=birmaqsat
Жеке: @shadimaksat

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Toifa
Bloglar
Statistika
Postlar filtri


Ашылмаған потенциал түбінде ауыр қайғыға алып келеді


Мынадай бір парадокс бар сияқты:
сен қаншалықты көп тапсаң, соншалықты көп табуға мүмкіндік ашылады деген


Шымкентке келдім...
Шымкент шіркін, керемет жер ғой. Өз үйімдей сезіндім. Адамдары жайлы, қарапайым. Сыртта адам аз екен, бәрі тамақтану орталықтарында отырған сияқты тіпті. Қалада бір ерекше атмосфера бар: жылулық пен жайлылықты сезінесің. Мұнда келгенде бәрі таныс, жақын сияқты әсер қалдырады.


У тебя новое анонимное сообщение!

жаралаған сөз: әкемнің “сені дарға асып қоямын”- деген сөзі

------------

Бұл сөздер, әрине, ауыр, әсіресе қыз бала үшін. Бұл жағдайды өзіңізге сабақ ретінде қабылдау керек деп ойлаймын. Құдай қаласа, болашақта өз отбасыңызды құрып, балалы болғанда, осындай жағдайды қайталамау үшін. Себебі сіз бұл жаман сезімді жақсы түсінесіз, сондықтан оны балаңызға сездірмейсіз деп сенемін. Сол себепті бұл жағдайды сабақ ретінде қабылдап, сізге не айту керек, не айтпау керек екенін үйретіп жатыр деп ойлап, әкеңізге ренжімеуге шақырамын.

Егер осыдан дұрыс ой түйе алсаңыз, бұл "порочный кругты" бұза аласыз. Мысалы, менің атам әкемді ұрып өсірсе, әкем мені ұрып өсірсе, ал мен өз баламды ұрмай өсіруге саналы түрде шешім қабылдасам, бұл циклды бұзған болар едім. Бұл арқылы балама бақытты, дұрыс жолды көрсеткен боламын деп ойлаймын. Түсіндіре алдым деп сенемін.


Жалпы осы біртүрлі айдарға сұраныс болса жалғастырамын..
So‘rovnoma
  •   Ия, жалғастыра бер. Тіпті сұрақтарды бізде аноним арқылы жібереміз!
  •   Жоқ, керек емес, не керегі бар бұның? Қоя сал!
  •   Білмеймін, өзің біл
24 ta ovoz


Біртүрлі сұрақ #3

Кішкентай кезіңде армандаған өміріңнен қазір қаншалықты алыстап кеттің?

Анонимді жауап 👈


Мысал 2

Сұрақ
Өміріңде ең үлкен жүрегіңді жаралаған сөз немесе әрекет қандай болды?

Анонимді жауап😮


Мысал:

Сұрақ
Сенің ойыңша, саған жақын адамдардың бәрі сен туралы бар шындықты біле ме?

Анонимді жауап 😮


Кішігірім жаңа біртүрлі айдардың бетін ашқалы отырмын. Бұл ерекше айдардың мақсаты – терең ойлануға, басқалардың қателіктерін түсінуге, қажет болса кеңес беруге, ақылдасуға, талқылауға, бір-бірімізбен бөлісіп, жеңілдеп қалуға және жалғыз еместігімізді сезіндіруге бағытталған.

Форматы былай болады: мен кейде ауыр, кейде қиын, кейде ойландыратын сұрақ қоямын, ал сіздер маған анонимді түрде жауап жаза аласыздар. Жауаптарыңызды арнаға жариялап, арнайы реакция үшін эмоджилар қосамын.

Бұл жерде әртүрлі сұрақтар болуы мүмкін, бірақ бастысы – ол жауаптың біреуге көмек беруі, оның таңдауына ой қосуы, немесе шешіміне әсер етуі мүмкін.

Қалай ойлайсыздар?
Бастаймыз ба?


Айтпақшы анонимді жауап осы сұрақтың пікір бөліміне жазылады
Яғни жауаптарды комментарийдің ішінен оқи аласыздар


Жауап жазғанда, нөмірін көрсетіп, 1-ші, 2-ші, 3-ші деген сияқты идентификаторды қоса кетсеңіздер, өте жақсы болар еді.


Егер бұл айдар өтпей жатса, ештеңе кетпес..


Көп емес 2-3 сұрақ болып тұрады
Сіздерде сұрақтар жібере аласыздар




Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Бір күнің екінші күніңе ұқсамай өтсе, сенен асқан дамушы адам болмас еді






Кім ChatGPT-ді жиі қолданады. Чатқа былай деп жазып, қандай сурет шығарып бергенін талқылайық.

Based on what you know of me, draw a picture of what you think my life currently looks like

Менде осылай шықты)))


Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай!
Құттықтап жазып, қоңырау шалып, дұға-тілек тілеп, келіп жатқан барлығыңызға көп рақмет!


Бір адамға екінші мүмкіндік (шанс) беру қаншалықты дұрыс?
So‘rovnoma
  •   Дұрыс, адам өзгереді, қателігін түсініп жатады. Сүрінбейтін тұяқ болмайды.
  •   Жоқ, бермеу керек бір рет болған жағдай тағыда қайталана береді
  •   Бұл мәселе ситуацияға байланысты
  •   Алланың өзі адам қателесіп кетсе де, тәубе еткенді кешіреді. Біз кімбіз қателесуге мұрсат бермейтін
31 ta ovoz


Абылай Кенжалы dan repost
Расында, ұлық мақсаттар – қайнаған қазан секілді жүректерде қайнап тұрады🔥

©️Имам ибн әл-Жәузи
(Сайдул хатир)


феминизм - бұл у


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Таңғы футбол ерекше...

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.