ИКАО жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Еуропалық Одақтың Тұрақты өкілімен кездесті
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тілегенов ИКАО жанындағы Еуропалық одақтың тұрақты өкілі Дельфин Мишо Ноде ханыммен кездесу өткізді, онда Қазақстанның азаматтық авиация саласындағы Еуропалық Одақпен екіжақты ынтымақтастығы және ИКАО алаңындағы өзара іс-қимыл желісі мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, еліміздің ірі сауда серіктестерінің бірі болып табылатын Қазақстанның Еуропалық Одақпен өзара іс-қимылының стратегиялық сипаты атап өтілді.
Қазіргі уақытта Қазақстан ЕО мемлекеттерінің көпшілігімен тығыз байланыста, екіжақты әріптестікті тиімді нығайту үшін берік нормативтік-құқықтық база бар, Германия, Греция, Италия, Нидерланды, Польша және Чехиямен тікелей әуе қатынасы бар. Сондай-ақ, Австрия астанасы Венамен тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда.
Дельфин Мишо Ноде ү.ж. қазан айында Люксембургте Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе тасымалдарының кейбір аспектілері туралы келісімнің ("көлденең келісім") маңыздылығын ерекше атап өтті, оның пікірінше, бұл құжат Қазақстанның ЕО-мен экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға, сондай-ақ ҚР-дан ЕО қалаларына рейстерді ұлғайтуға, жолаушылар ағынының өсуіне, бәсекелестіктің дамуына, авиабилеттер бағасының төмендеуіне, басқа да мүмкіндіктердің болуына ықпал ететін болады. Осы тұрғыда Еуроодақтың Тұрақты өкілі ИКАО жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Тимур Тілегеновтың осы Келісімнің жобасын дайындау процесіне жеке қатысуын атап өтті.
Тараптар ИКАО кеңесінің жұмысына, сондай-ақ а.ж. қараша айында Алматы қаласында құрылған Армения, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіретін, ал байқаушы мәртебесінде Моңғолия болатын Азаматтық авиацияның Еуразиялық конференциясының (EACAC) қызметіне тоқталды.
Өзара қызығушылық тудыратын түрлі жобаларда (Act-Saf, Green Development, т.б.) ҚР мен ЕО арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша Тараптар 2025 жылдың күзінде ИКАО Ассамблеясының алдағы 42-ші сессиясының күн тәртібінің жобасына енгізуге жоспарланған мәселелердің кең ауқымы бойынша өзара іс-қимылды жолға қоюға келісті.