📈 Ел азаматтары енді eGov Mobile қосымшасынан өз несие тарихын көріп-біле алады
Қосымшада соңғы бес жылда алған несиелеріңіз бойынша мәліметтер қамтылған.
Бұл жаңа сервис "Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық" деп аталады. Оған сәйкес, енді пайдаланушылар өздерінің несие алу және сақтандыру тарихын қадағалап, жалпы кредиттік қабілеттілік деңгейін онлайн жағдайда бағалай алады. "Кредиттеу" бөлімінде пайдаланушының соңғы бес жылдағы несие алу тарихы туралы есеп, белсенді несие міндеттемелері мен скорингтік балл (скорингтік балл – пайдаланушының несие қабілеттілігінің деңгейін көрсететін көрсеткіш) ұсынылады. "Сақтандыру" бөлімінде пайдаланушыға бұрын жасалған сақтандыру шарттары мен полистері туралы жалпы есеп, сондай-ақ міндетті автосақтандыру құнына әсер ететін бонус-малус класы туралы ақпарат қолжетімді.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance

Жаңа сервистің барлық функциялары – тегін.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance