❗️Solva микроқаржы ұйымының банкке айналуына рұқсат берілмеді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Solva микроқаржы ұйымының банкке айналуына рұқсат бермеді. Оның үстіне құзырлы ведомство аталған МҚҰ-ның жеке ірі акционерлері Александр Дунаев пен Борис Батинге сол банктің ірі акцияларын сатып алуына да рұқсат етпеді.
Агенттік қабылдаған бұл шешімдеріне не себеп екенін нақтылмаған.
Айта кетсек, қыркүйек айында акционерлер Solva-ны 7,4 млрд теңгеге қосымша капиталдандырды. Жыл басынан бері олар компанияның жарғылық капиталын 11,8 млрд теңгеге толықтырып, оны 22,7 млрд теңгеге дейін жеткізді. Бұл Solva-ны банкке айналдыру аясында жасалған іс-шаралар болды. Сондықтан Solva 2025 жылы банк лицензиясын алуы мүмкін екені айтылып жүр.
Бірақ, соған қарамастан Solva Group Ltd. бас директоры Константин Барабанов өздерінің ЕДБ-ға айналуға қатысты жоспары өзгермегенін, бұл тек уақыт еншісіндегі дүние екенін айтады.
KASE мәліметінше, 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Онлайн Қазқаржы" МҚҰ акцияларының 75%-ы "SOLVA CAPITAL" ЖШС-ға, 13%-ы SOLVA Group LTD жекеменшік компаниясына, 12%-ы Neo Crystal Holdings Ltd жекеменшік компаниясына тиесілі. "Борис Батин мен Александр Дунаев МҚҰ-дағы ең ірі үлестерге ие", делінген МҚҰ-ның 2023 жылғы аудит есебінде.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance