TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Даналық иірімдері

11 Nov 2017, 16:21

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

Атақты Төле би:
– Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын. "Асыл пышақ қап түбінде жатпайды" деген. Келінім ақылды болса, балам дана болады. Ердің бақыты – әйел деген. Ел сыйлайтын ерді ақылдылықпен адам етіп тәрбиелейтін әйел, кең жайылған дастарханымен ердің атын шығаратын да әйел. Малына, байлығына қызығып, ешкімге құда болмаймын. Келінді асықпай ел арасынан өзім іздеймін. Бұйрық болып, кездессе көрермін. Ырыс, бақыт та, қызыр да әйелде. Әйел қызырлы болса, үйіңнен жақсы адам кетпейді. Мысалы, берекелі үйге кім келмейді? Жақсы әйелдің арқасында ердің даңқы кетеді. "Би бол, би болмасаң би түсетін үй бол" деген. Би түскендей үй болу – әйелден. Ол әйелді халық та жақсы көреді, кембағал, қайыршы да жақсы көреді. Жақсы кісіні жұрт жек көре ме? Әйелі жақсы болмай ер оңбайды. Ердің бақытын кетіретін де әйел, ерге бақыт әперетін де әйел.

Осындай ой құшағында жүрген Төле биге Түрікмен елінен елші келіп:
– Бір жылдан бері бітпей жатқан дауымыз бар еді, соған билік жасаңыз,– деп шақырады. Жер шалғай болса да Төле би Түрікмен еліне барып, дауласқан екі жақты татуластырып қайтады. Аттары болдырып, шөлдеп-шөліркеп келе жатқан жолаушылардың алдынан бір топ атты қыз-келіншек көрінеді. Ол топтың ішінде Данагүл дейтін кедейдің қызы да бар еді. Жалғыз көк шолақ атына мініп, байдың қыздарымен тойдан қайтқан беті еді деседі.

– Әй, апайлар, тоқтаңыздар, аттарыңыздың басын тартыңыздар. Жоғары жақтан бірқатар аттылар келе жатыр, алдынан кесе-көлденең өтпейік. Үлкендердің алдынан кесіп өту дұрыс болмайды. Олар ел қорғайтұғын, жер қорғайтұғын ерлер. Кім біліпті, араларында ақылы асқан ақылды, данышпан қариялары бар шығар, ашулы, арынды батырлары бар шығар. "Ер сыйлаған есікте қалмас" деген. Әлі-ақ бәрімізде бір-бір үйдің иесі боламыз. Шарапат-жақсылығы тиер, үлкен кісілердің батасын алып, алғысына бөленейік. Апалар, аттарыңыздың басын тартыңыздар, тосып тұралық. Атты кісілер алдымыздан кесіп өтсін. Сонан соң жүрсек те ауылымызға жетерміз,– деді Данагүл.

Қызыл-жасыл киген қыздар жол кеспей иіріліп тұрып қалды. Топ алдындағы Төле би мұны алыстан көріп, байқап келе жатады. Қызыл-жасыл киінген қыздардың деңгейіне жетіп, алдарынан өтіп, ат ала кел дерліктей жерге ұзап кеткен соң, қасындағы жолдастарының біреуіне:
– Анау алдымызды кеспей кейіндеп қалған балаларды шақырып келші,– деді. Ол шауып барып, қыздарды шақырып келді. Жақындай бергенде Данагүл атынан түсіп жаяулап:
– Апалар, бәріңіз де аттан түсіңіздер. Жаяу барып сәлем берейік. Үлкен кісілерге атпен тасыраңдап жетіп барып сәлем бергеніміз ұят. Бұл кісілер ешуақытта да кездеспейтін кісілер. Жолымыз болады екен,– деді. Барлық қыз аттан түсті. Жаяу жүріп келіп, бәрі басын иіп, сәлем берді.

Төле би:
– Қарақтарым, өркендерің өссін, бақытты болыңдар. Қай ауылдың баласысыңдар, – дейді қуанып.
– Сыйқым ауылының баласы едік.
– Сендер алыстан бізді көріп, тосып тұрдыңдар. Әлдеқашан өтіп кететін уақыттарың болып еді. Не себептен тостыңдар соны айтыңдар?

Қыздар жауап таба алмай Данагүлге қарады. Ол:
– Аталар, біз сіздерді алыстан көріп, аталарымыз бен ағаларымыз шығар. Араларында ер бастаған батыр бар шығар, сол ерге ақыл айтқан ақсақалы бар шығар. Әкеміздей үлкен, қызырлы адамы бар шығар деп алдарыңыздан өтпей тосып тұрдық. Үлкен кісілердің батасын алалық, жақсыны көрмек үшін, көрмеген аталарымыз, ағаларымыз болса көрелік. Аты-жөнін білейік деп тосып тұрдық,– деді.
– Қарағым, балам, атың кім?–деді Төле би.
– Атым Данагүл, ата.
– Әкеңнің аты кім?
– Әкемнің аты Алакөз.
– Жақсы, шырақтарым, өркендерің өссін, құдай тілеулеріңді берсін. Жарайды енді, аттарыңа мініңдер,– деп Төле би батасын беріп жүріп кетті.

– Тарт Сыйқым ауылына,– дейді былай шыға бере жолдастарына. Сыйқым ауылына жақындап келгенде бір серігін шаптырды.
– Бар Алакөзге, ауқатты адам ба екен, нашар адам ба екен? Қандай адам екен? Хал-жайын біліп, біз жеткенше қайта орал,– дейді. Шапқыншы бәрін біліп қайта оралды.

– Ой, биеке, Алакөз деген кедей адам екен. Байдың жылқышысы көрінеді.
– Үйі қайсысы?
– Үйі анау шетте тұрған қараша үй.
– Жүр, мені ертіп барғын,– дейді. Шапқыншы ертіп

556 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot