TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Даналық иірімдері

11 Nov 2017, 16:21

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

барды. Алакөздің үйі қырық жамау, тесік-тесік, ішінен қараса сырты көрінетін қараша үй.
– Алакөз қайда?
– Анау құдық басында мал суғарып жүр.
– Шақырып кел.

Орта жастағы әйел шапқыншыға шидің ішінен бір тостаған айран ұсынды. Шөлдеп келген адам айранды тұшына жұтып, басын көтере бергенде, үйге ұзын бойлы отыз бес-қырықтың ар жақ, бері жағындағы жігіт ағасы кіріп келді.
– Ассалаумағалейкум!
– Уағалейкумсалам! Иә, Алакөз деген сіз боласыз ба?
– Мен боламын.
– Сен болсаң, ауылыңа мейман келді. Төле биді білесіз бе?
– Ойбай, білмегенде ше? Оныңыз не дегеніңіз? Төкеңді кім білмейді. Ол кісіні бүкіл қазақ түгілі өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түркімен түгел біледі емес пе?
– Ал енді сол Төкең мына Түрікмен жақтан келе жатыр еді. Бүгін сенің үйіңе қонақ болады. Қонақты қарсы алуға жайғдайың бар ма, батыр?
– Ойбай, бар жағдайым. Ол кісіні құдай айдап біздікіне келсе, одан артық бақыт бар ма? Байларға бармай, біздікіне келгеніне мың мәрте шүкіршілік етеміз.
– Ал, қатын, қамдан. Байдан бір мал сұрап әкелейін.

Шапқыншы қайта шауып кетті. Алакөз де атына мінді. Келін сәлем беріп, Төле биді серіктерімен үйіне әкеп түсіреді. Алаша, киіз жетпеген жерге қамыс төседі. Үй кісіге толды. Жалғыз сиырының айранына суды қосып жіберіп шалап жасап, бір-бір тостағыннан сусын ұсынды. Біреулерді жүгіртіп, байлардың үйінен самауыр, қарызға нан алдырды. Ауыл хабарланып, жиналып қалды.

«Ой, Алакөздің үйіне Төле би келіп түсті. Қасында бір топ жолдасы бар» деген хабар байға да жетті. Домаланып ол да келді. Келіп, «О, Төке» деп сәлем беріп шұрылдасып жатыр.
– Төке, біздің үйге неге түспедіңіз? Мынау балаңызды ұялтқаныңыз қалай?
– Халқым үшін мен Төле би болып тұрып байға ғана, барға ғана түсіп, кедейлерді есіме алмасам, онда әділет бола ма? Байға жақ боп кедейдің ақысын жібермесем, онда жұрт әділетті деп айтар ма еді?! Мейірімім түсіп мына Алакөздің үйіне қонақ болғым келді. Ал енді бәрің бірдей ағайынсыңдар ғой, құрметтерің болса істей беріңдер.
Лездің ішінде-ақ киіз де келіп қалды, текемет те, жастық та келіп қалды. Алакөздің үйінде жоқ болғанымен елде бар. Мал сойылып, ауыл адамдарының бірсыпырасы жиналып, әңгіме тыңдап, Төкеңмен бірге отырды.

Бір кезде Төле би сыртта жүрген Алакөзді шақырып алды.
– Алакөзім, балаң бар ма? Қанша балаң бар?
– Уа, би аға, менің балам емес, Құдайдың баласы деп айтайын, бір қыз балам бар.
– Осы үйде жүрген келіннен бе?
– Иә, осы келініңізден.
– Мм... Жақсы екен. Келін қай елдің баласы еді?
– О, би аға, келініңіз мынау қожа атамның тұқымы еді. Тектұрмас деген әулиенің әулетінен.
– Ә, жақсы екен. Жарайды, келінім. Балам, әлгі қызыңды, Данагүлді шақырып кел. Үлкен кісілердің әңгімесін есітіп отырсын. Бала ғой...

Данагүл көрші ауылда қыздармен отыр еді. «Әкең шақырып жатыр» деп бір келіншек барып, шақырып келді.
– Атаңменен амандас,– деді оған шешесі ақыл айтып.
– Ол кісілерді мен көргенмін. Бағана күндіз сәлем бергенмін. Мені таниды,– деді Данагүл. Бір кезде тамақ пісті. Төле бидің алдына бата сұрап бас келді.
– Әлгі Данагүл баламды шақыршы.
Табаққа бата беріп болғаннан кейін жерде Төле би басты қасқалап пышақпен кесті де, бір ұртын өзі аузына салды. Бір құлағы мен таңдайын алып:
– Қарағым, Данагүл, келші өз қолымнан ұсынайын. Құлақ бергенім – екімнің бірі бол! Таңдай бергенім – айттырмай біліп, құпия, жұмбақ сырымды шешіп, өсиетімді жұртқа жайып жүретін балам бол, міне, – деп ұсынды.
Данагүл келіп еңкейіп, қолына алып:
– Рахмет, ата. Айтқаныңыз қабыл болсын, – деді басын иіп.

Жолаушылар қонақ болып жатты. Таң атты. Шай ішіп отырғанда, жұртқа Төле би:
– Оу, жігіттер, мына Алакөз мырзамен құда болғым келіп отыр. Данагүл балама мейірімім түсті. Бұйрық болса, бала етіп алсам деп отырмын. Мен де кедей адаммын. Алакөз де кедей адам. Қоралап айдап беретін малым жоқ. Сондықтан мұныкі менікі, менікі мұныкі. Екеумізге екі бала ортақ. Ниетім қалыс. Қабыл көрсең, Алакөз қарағым, тапқанымыз екі баланыкі, – дейді. Алакөз әйелі екеуі орнынан ұшып тұрегеп, жылап қоя берді.
– Би аға, бүйтіп дүниеге келіп, бізге бала бітіп, ол баламызға сіз секілді адамның мейірі түсіп, үйімізге келіп құда болады, қызырға ие боламыз деген жоқ едік. Би аға

608 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot