Хорасанның рухани ұстаздарының бірі болған - Абдулла ибн Мүбәрак Мерв қаласында жастарды оқытыпты. Ол өнегелі ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтқан еді. Алайда, оның шәкірттерінің арасында өзінің дөрекілігі мен ыңғайсыз сұрақтарының арқасында, қоршаған адамдарға да, өзінің ұстазына да кедергі келтіріп отыратын біреу бар еді.
Бір күні ол шәкірті Мерв қаласынан басқа қалаға көшіп кетеді. Бәрі бұл жаңалыққа қуанған болатын. Әйтсе де, Абдулла ибн Мүбәрак көңілсіз жүрді. Бұны көрген адамдар:
- Мінезі жаман адам еді. Оның көшіп кеткені жаныңызға батты ма? - деп сұрайды.
Сонда, Абдулла ибн Мүбәрак былай деп жауап берген екен:
- Ол кісінің көшіп кеткенін уайымдап жүрген жоқпын. Ол біздің ортамызда жүріп, өз мінезін өзгертпеді. Көңілімнің түсуінің себебі осында жатыр. Біз оған мінезін дұрыстауға көмектесуіміз керек еді. Біздің қасымызда жүріп, ол пайда табуы керек еді. Бұл біздің қателігіміз. Осы үшін қамығып жүрмін. Ол өзінің мінез - құлқын түземей кетті, демек, біз өз міндетімізді дұрыс атқара алмадық.
P.S. Менің атым Қожа фильмі есіңізде ме? Сол фильмнің орта тұсында Рахманов ағайдың «Оқушы деген қап емес, ішіне не болса соны сыйғыза беретін. Ол шамшырақ. Тек жаға білу керек. Мен Сұлтанның шамшырағын жаға алмадым. Бұны өзіме ешқашан да кешірмеймін...» деген сөздері бар. Яғни, бұл жерде өзгеге пайда әкелу, өзгеге пайдалы болу мәселесі қозғалады. Бұл тек ұстаздар мен оқытушыларға арналады деп ойлап қалмаңыздар. Қасымызда жүрген адамдарға жарық сыйлайық, оларды игілікке шақырайық!