Қара нүкте
Бір жігіт бір парақ қағазды алып шығып, бір қара нүкте қойыпты да, қасында отырғандардан:
- Мынау не? - деп сұрапты.
Отырғандардың барлығы:
- Нүкте! - деп жамырасыпты.
Сонда әлгі жігіт тұрып:
- Сіздер парақтың сонша ақ жерін көрмей, ішіндегі кішкентай, болмашы ғана қара нүктені көрдіңіздер! Не деген әділетсіздік деген екен!