TGStat
TGStat
Qidiruv uchun matnni kiriting
Ilg‘or kanal qidiruvi
  • flag Uzbek
    Sayt tili
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Saytga kirish
  • Katalog
    Kanal va guruhlar katalogi Kanallar qidiruvi
    Kanal/guruh qo‘shish
  • Reytinglar
    Kanallar reytingi Guruhlar reytingi Postlar reytingi
    Brendlar va shaxslar reytingi
  • Analitika
  • Postlarda qidiruv
  • Telegram'ni kuzatish
Даналық иірімдері

21 Sep 2017, 19:55

Telegram'da ochish Ulashish Shikoyat qilish

Жетес бидің тоқтамы

Төле би тоғыз жасында сексенге келіп отырған Жетес биді іздеп келеді. Екі-үш күн қонақ болған соң, Төле би қайта еліне жүрмек болғанда, Жетес би оған бата береді. Сөзінің соңында:

– Балам, басқа бұйымтайыңды айта отыр. Бата басқа бітер, қына тасқа бітер. Жолға шығып өкінбе, ақылың болса төгілме, атамда бір сөз қалды деп түкірме. Тағы немді қаладың? – дейді. Сонда Төле би:

– О, қасиетті ата! Ат берсеңіз – өліп қалады, тон берсеңіз – тозып қалады. Онан да өлмейтін, тозбайтын тағы бір бұйымтайымды айтайын, – дейді.

Жетес би:

– Әп, бәрекелде!.. Айта бер! – дейді.

Сонда Төле би:

– Әр он жастың арасын бір белес десек, соны неге ұйғарып, неге баладыңыз?

 Жетес би:

– Онға келдім, – ойнадым, қызығына тоймадым. Жиырмаға жеттім – бойладым, онда да балалықты қоймадым. Есейе келе жақсы сөзге сүйіндім, жаман сөзге күйіндім, барымды бойға киіндім, сұлу қыз-келіншектерге шүйілдім, жауларыма түйілдім. Отызға келдім – алтайы қызыл түлкі болдым: қыран бүркітке алдырмадым, құмай тазыға шалдырмадым, қатар құрбының көңілін қалдырмадым. Қырыққа келдім – арғымақтай аңқылдадым, тау тағысындай саңқылдадым, ақ алмас­тай жарқылдадым, құз қыранындай шаңқылдадым, барымды жоқ деп сарқылмадым. Елуге келдім – биік қырға шықтым, арғы жағының алыс-жақынын байқамадым, дәулетімді шайқамадым. Алпысқа келдім – алты тарау жолға түстім; қайсысының алыс-жақынын білмедім. Жетпіске келдім – жеңілгенімді білдім, бала мен келінге билігімді бердім, айтқанына көндім, айдауына жүрдім. Сексенге келдім – оң жағым от, сол жағым су, алдым жар, артым құз; қалай қозғалсам да тірлік деп біле алмадым, – депті.

252 0 0
Katalog
Kanal va guruhlar katalogi Kanallar to‘plamlari Kanallar qidiruvi Kanal/guruh qo‘shish
Reytinglar
Telegram-kanallar reytingi Telegram-guruhlar reytingi Postlar reytingi Brendlar va shaxslar reytingi
API
Statistika API'si Postlar qidiruvi API'si API Callback
Kanallarimiz
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
O‘qish
Академия TGStat Telegram tadqiqoti 2019 Telegram tadqiqoti 2021 Telegram tadqiqoti 2023
Kontaktlar
Справочный центр Qo‘llab-quvvatlash Email Vakansiyalar
Har xil narsalar
Foydalanuvchi shartnomasi Maxfiylik siyosati Ommaviy oferta
Botlarimiz
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot