🇰🇿 FINANCE.kz ҚАЗАҚША dan repost
👉 БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕНІ КІМ, ҚАЛАЙ ЖӘНЕ ҚАШАН АНЫҚТАЙДЫ
Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті тоқсанына екі рет базалық мөлшерлеме деңгейі бойынша шешім қабылдайды. Комитеттің құрамына тоғыз адам кіреді — Ұлттық банктің басшысы, оның ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар және қаржылық тұрақтылық мәселелері жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ тиісті департаменттердің директорлары. 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясатының стратегиясында орта мерзімді перспективада бұл Комитетке макроэкономика және монетарлық саясатта маманданған тәуелсіз сарапшылар, оның ішінде академиялық ортадан сарапшылар кіретіні жазылған. Бірақ осы уақытқа дейін бұл үрдісті байқамадық, бәлкім уақыты келмеген шығар әлі, 2030 жылға дейін әлі қайда.
Базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдаудың бір жылдық кестесі жыл басында алдын ала анықталады. Биылғы жылы Ұлттық Банкте бірде-бір шешім қалмады, соңғысында ол базалық мөлшерлемені 100 базистік пунктке немесе 1 пайыздық пунктке көтерді. Сонымен қатар, экономикалық жағдай күрт өзгерген жағдайда, комитет кезектен тыс шешімдер қабылдауға құқылы — бұл 2020 жылдың наурызында мұнай дағдарысы кезінде және 2022 жылдың ақпанында, Ресейдің Украинаға әскери шапқыншылығы басталғаннан кейін болды.
Ақша-несие саясатындағы шешімдер экономикадағы ағымдағы жағдайды талдауға және эконометрикалық модельдер арқылы алынған макро көрсеткіштердің болжамдарына негізделген. Болжам жылына төрт рет жүзеге асырылады және статистикалық ақпараттың шығуына байланысты. Деректерді жаңарту және талдауды дайындау процесі болжамды раунд деп аталады. Жылына ставка бойынша шешімдер сегіз рет шығарылатынын ескерсек, олардың жартысы болжамды раундтың өткен деректеріне негізделген.
#БазалықСтавка @FINANCEkaz