Мен кім едім Тәңірім,
мен кім болдым Тәңірім,
саған бастар жол бұраң
сансырадым, арыдым.
Мен дегенім – Көрұғлы
көр түбінен оянған,
бүршіктерін жел ұрлап,
бұтақтарын жай алған.
Тарау-тарау тіршілік,
тұтам құйрық бұлғаңы
қамар екен қашанғы
кесір нәпсі зынданы?
Бордай тозып пәктігім
қыбырлайды иегім,
жәрдем етіп тастамас
төменге ешкім сүйегін.
Теңіз көрдім жағалы,
толқынынан жеңілген,
Айды көрдім бір түні
өзін-өзі кемірген.
Жаға көрдім жұпыны,
бақалшығы жоғалған.
Қайың көрдім қапалы,
қарауылдай қабарған.
Түнмен жүрдім тұмарлы,
түн «жөніңе қаш!» деді,
Таңмен жүрдім сапарға
таң «жүректі аш!» деді.
Доспен жүрдім жықпылда,
дос ерімді сұрады.
Жармен жүрдім жолсызда
жар кінәлап жылады.
Батырхан Сәрсенхан,
Көрұғлы поэмасынан үзінді
мен кім болдым Тәңірім,
саған бастар жол бұраң
сансырадым, арыдым.
Мен дегенім – Көрұғлы
көр түбінен оянған,
бүршіктерін жел ұрлап,
бұтақтарын жай алған.
Тарау-тарау тіршілік,
тұтам құйрық бұлғаңы
қамар екен қашанғы
кесір нәпсі зынданы?
Бордай тозып пәктігім
қыбырлайды иегім,
жәрдем етіп тастамас
төменге ешкім сүйегін.
Теңіз көрдім жағалы,
толқынынан жеңілген,
Айды көрдім бір түні
өзін-өзі кемірген.
Жаға көрдім жұпыны,
бақалшығы жоғалған.
Қайың көрдім қапалы,
қарауылдай қабарған.
Түнмен жүрдім тұмарлы,
түн «жөніңе қаш!» деді,
Таңмен жүрдім сапарға
таң «жүректі аш!» деді.
Доспен жүрдім жықпылда,
дос ерімді сұрады.
Жармен жүрдім жолсызда
жар кінәлап жылады.
Батырхан Сәрсенхан,
Көрұғлы поэмасынан үзінді