💡eGov Mobile арқылы қазақстандықтар құмар ойындар мен бәс тігуге қатысудан 10 жылға дейін бас тарта алады
Бұрын пайдаланушылар 6 айдан 12 айға дейін тыйым салу мерзімін таңдай алатын болса, енді құмар ойындар мен бәс тігуден өз бетінше бас тартудың ең жоғары мерзімі 10 жылға ұзартылды.
📲 Қызмет кез келген азаматқа барлық лицензияланған ойын алаңдары мен букмекерлік компаниялардың онлайн платформаларына қол жеткізуді шектеуге мүмкіндік береді. Қызмет тек 21 жастан асқан адамдарға қолжетімді.
📌 Өтініш бергеннен кейін пайдаланушы автоматты түрде құмар ойындарға қатысуына шектеу қойылған адамдардың тізіміне енгізіледі, өтінішті қайтарып алу мүмкін емес. Бұрын шектеу қойғандар үшін оның мерзімін ұзарту мүмкіндігі бар. Қайта өтініш берген жағдайда, жүйе пайдаланушыға шектеудің ағымдағы жағдайы туралы хабарлап, оны ұзартуды ұсынады.
Қызмет туралы толық ақпарат eGov.kz сайтында