БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинет – бұл жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді-көшірмеге тәулік бойы қолжетімділік. Кабинетте авторланудың екі тәсілі бар. Олар: электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті және тіркелген логин (ЖСН) мен пароль арқылы. Хабарлау тәсілі ретінде интернет байланысын таңдаған салымшылар мен алушылар ғана Кабинетте тіркеле алады.
Сонымен қатар зейнетақы шотының жай-күйін Қордың Android және iOs-қа арналған арнайы ұялы қосымшасының көмегімен қадағалауға болады. Авторлану үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және Жеке кабинеттің паролі керек. Одан басқа, солардың көмегімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Invest Online» жүйесіне тіркелуге болады. Бұл жүйе арқылы қазақстандықтар онлайн тәртібінде бағалы қағаздарға қаржы инвестициялай алады.
Қазіргі уақытта «Invest Online» жүйесінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын сатып алуға болады. Бір ноттың атаулы құны – 100 теңге, орналастыру мерзімі – 1 жыл, табыстылық мөлшерлемесі – жылына 8,5%. Сатып алу және сату рәсімі тәулік бойы қолжетімді. Атап өту керек, аталмыш жүйеде бағалы қағаздарға қатысты операцияларды есепке алу және олар бойынша меншік құқығын растау үшін «блокчейн» технологиясы қолданылған.
Толығырақ: http://nationalbank.kz/?docid=3527&switch=kazakh