Аурухана төсегі сондай суық. Төсегі. ғана емес... Жалпы,өзі де,дәрігерлері де. Физикалық жылуы әжептәуір екен. Батареясы қайнап тұр. Атмосферасы суық. Анадай күшті дәрігерлер кинода ғана-ау, осы.
Өзімнің есім кіресілі -шығасылы болса да арбада отырған апаға жүрегім ауырды...дәрігерді көп күтті.
Тәннің емін табады-ау,дәрігер,жанның емі қиын. Жан да тірі ағза. Ішкі жан дүниең -үйің сияқты ғой Таза,жылы. Жарық. Ағыл-тегіл көңіл көрсетемін деп(жоқ,ол жақсы көрінейін деп емес) "үйіңді"азынатып аласың. Болмыс қой. Сөздің құдіреті сұмдық. Суық сөздің құдіреті,әсіресе.Тесе салады. Кесе салады. Алып ұрады. Содан кейін барып "есік-терезеңді" қымтайсың. Жан мен тәннің егіз екеніне көзің жетеді. Екеуі екі жақтан қинағанда жаның шырқырайды...
Аурухана төсегі сондай суық...