Бүгін 1 қыркүйек - Білім күні.
🔔 Еліміздің барлық өңірлерінде білім беру ұйымдары өз есіктерін айқара ашуда. Мемлекет білім сапасын арттыру, балалардың
білім алуы үшін жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
➡️ Осы қыркүйек айынан бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды.
📊 Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50%-ға артты. 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады.
🏢 87 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде қарсы алуда. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
🔴 Оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі - «Қауіпсіздік сабағы» енгізілуде.
Мұның барлығы отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған.