біздің адамдар, «бұйырғанын көреміз» деп жүре береді. ондай айдаған жаққа көне беретін, бәрін тағдырдың жазғаны деп түсіндіре беретін халық, бізде орнаған биліктің ең тәтті түсіне де кірмесе керек. билікті балгерлерге сүйеніп жүргізетіндер ғалымдардың болжамы мен ескертулеріне де құлақ аспайтын секілді. әйтпесе, су қоймаларының қажеттілігі жылдар бойы айтылып жүрген мәселе.
су мен жол жоқ жерге, электр желісі жүргізілмеген жерге барып біздің адамдар бар жиған тергенін құйып баспана салады. «халықпен біргеміз ғой» дейді.
канализация мен дренаж жүйелері қаланың орталығында жасалмаған кезде жаңа жер телімдерін беру, ол телімдерді және суға кету қаупі бар жерлерден беру біздің биліктің дәрменсіздігінің белгісі деп білемін.
кезінде оқуда болғанда кейбір тақырыптардың маңыздылығына бойламаған едім, қазір сол кезде оқыған материалдарды қарап отырмын, бүкіл білім бар екен.
бірақ білім алып іздену ешқашан кеш емес екенін де білемін.