Postlar filtri




Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish




"Уайымдарыңды маған айтшы" желіде.

әні және сөзі: Бексұлтан Бағытжанұлы
пернелі аспап: Рустем Мырзахметов
гитара, басс гитара және қосымша вокал: Айдын Кітапқали
өңдеу және мастеринг: Ерсұлтан Бағытжанұлы

мұқаба суреті: Шыңғыс Ғұмаров
қаріп дизайны: Мария Жасанова




Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек dan repost
Кеше мәжілісте орыс тілін қолдайтын, орыс тілін "халықаралық тіл ретінде ілгерілетуге" (пафосты сезіп отырсыздар ма?) қаражат бөлуді қолдайтын заң жобасы мақұлданды.

Орыс тілі - дүниедегі ең үлкен алты тілдің бірі, БҰҰ ресми тілдерінің бірі. Қазір әлемде орыс тілін әлдебір деңгейде білетін адамдар саны - 300 миллионның ар жақ бер жағы.

Ол қазақтардың қолдауына да, қаражатына да зәру емес. Тіпті бір күнде қазақтардың бәрі орысша сөйлемей қалса да қылшығы қисаймайды.

Ал қазақ тілі - бізден өзге ешкімге керегі жоқ, жиырма миллион қазақтың жартысы да білмейтін тіл. Оны өсіретін де, өшіретін де өзіміз.

Қазақ тілінің екі проблемасы бар ғой: бірі - жұрт қазақша сөйлемейтіні болса, екіншісі - сөйлейтіндердің өзі қате сөйлейтіні. Негізінен орысша жүйеге салып, орысша грамматикаға салып сөйлейтіні.

Қазақ тілі орысша грамматикаға бейімделіп, калькаға айналды деген сөз - тіл жоқ деген сөз.

Ендігі жауапкершілік - қазақша білетіндерде. Өзіміз, контент жасағанда тілімізді барынша таза ұстасақ, орысша грамматика конструкциясына салмасақ, тілді сақтауға қосқан үлесіміз сол болмақ.

Қазақ сөздерін орысша синтаксиске салып айтып, жазу - қазақ тілін құртуға сеп болғанға тең.


бәріңе сәлем! мен бұл спектакльге ән жазып, композиторлық еткенмін, көруге кеңес беремін, расымен де өзекті, маңызды тақырып қозғалды. Барыңыздар, көріңіздер!


Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Күз. Көше тірелген көлік. Кептелістен мезі болған жүргізугі сигналды ышқына басады.
Мектепке асыққан бала мына шудан одан әрі мазасызданатын сияқты…

“Алдарыңызда ақ жейде киіп,
күлімсіреп отырған әр бала
бақытты деп ойлайсыз ба?”

Бір, екі, үш, төрт, бес, алты…

Бала, жасөспірім - болашақ гүлі емес. Дәл қазір өз мүмкіндігінен ауыр ойды, жауапкершілікті көтеріп бара жатқан, әлі де сәби қиялы мен қалауынан ажырамаған тұл-ға!

Jaqtaudağy Gül спектаклі бізге өте таныс, бірақ естімейтін үнді жеткізеді.
Спектакльде қозғалатын тақып 18+ жас аудиториясына арналған.
Билеттер мына жерде сатылады




Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек dan repost
Руслан айтып отырған осы "осознанность" дегеннің қазақшасы - ТҮЙСІК, түйсіну.

Ағылшыншасы - awareness.

Осы уаққа дейін түрлі аудармасы болды осы сөздің. Тек "түйсік" деген вариантқа жеткен жоқпыз. Өйткені "түйсік" сөзін біресе "интуиция", біресе "инстинкт" сөздерінің аудармасы қылып қолданып жүрдік.

Қазір Perception сөзінің аудармасы болып жүр.

Түйсік бұл үшеуі де бола алмайды, өйткені осылардың бәрі жиылып келіп адамның түйсігіне ұласады.

Ал "осознанность" дегенді "саналы" деп адастық. Ал бұл жерде "сознавать, сознание" сөздерімен түбірлес болғанымен, басқа процесс айтылып тұр.

Контекске салып көрейікші.

⁉ Осознанно заниматься спортом. (Заниматься спортом осознанно).
❌ Саналы түрде спортпен шұғылдану. Спортпен саналы шұғылдану.
Осознанно заниматься спортом дегеннің өзі - жай ғана жаттығу жасау не жүгіру емес, әр бұлшықет қалай жұмыс істейтінін, қай кезде қай бұлшықет іске қосылатынын сезіп, біліп, соның бәрін үйлестіріп, уақытын, орнын таңдап істеу. Яғни, бәрін іштей түйсініп істеу.

⁉ Осознанное отцовство.
❌ Саналы әкелік. / Саналы түрде әке болу.
✅ Түйсініп әке болу.

⁉ Саналытүрде әке болу - бала тапқызайын ба, тапқызбайын ба деп ойланып барып, санаға салып салмақтап, "ок, шамам келеді, баға аламын, тапқызайын" деп ұйғару. Ал "осознанно әке болу" - баланы түсіну, сезе білу, жауапкершілікті іштей бағамдау, әр күн, әр сәт әке екенін есінен шығармау, баланың қалауы мен қажетін сезіп, ертеңіне қарау. Яғни, түйсініп әке болу.

Бұл нәрсе жөнінде үш-төрт жылдан бері ойланып келемін. Кейде қателесіп жүргем жоқ па деп те қоятынмын. Өткенде бір жерден "awareness instinct" дегенді оқыдым да, дөп түскенімді түсіндім.

Жігіттер айтып отырған кілт тарататын тылсым күштер халқымызға түйсік берсін 🤞


Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек dan repost
Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish


‘98mag dan repost
Казахстанский музыкант jeltoksan. объявил в инстаграме о выходе нового альбома. Пластинку мы услышим 22 ноября.

Это мы ждём!

@magazine98








біздің адамдар, «бұйырғанын көреміз» деп жүре береді. ондай айдаған жаққа көне беретін, бәрін тағдырдың жазғаны деп түсіндіре беретін халық, бізде орнаған биліктің ең тәтті түсіне де кірмесе керек. билікті балгерлерге сүйеніп жүргізетіндер ғалымдардың болжамы мен ескертулеріне де құлақ аспайтын секілді. әйтпесе, су қоймаларының қажеттілігі жылдар бойы айтылып жүрген мәселе.

су мен жол жоқ жерге, электр желісі жүргізілмеген жерге барып біздің адамдар бар жиған тергенін құйып баспана салады. «халықпен біргеміз ғой» дейді.

канализация мен дренаж жүйелері қаланың орталығында жасалмаған кезде жаңа жер телімдерін беру, ол телімдерді және суға кету қаупі бар жерлерден беру біздің биліктің дәрменсіздігінің белгісі деп білемін.

кезінде оқуда болғанда кейбір тақырыптардың маңыздылығына бойламаған едім, қазір сол кезде оқыған материалдарды қарап отырмын, бүкіл білім бар екен.
бірақ білім алып іздену ешқашан кеш емес екенін де білемін.


‘98mag dan repost
В Алматы пройдёт первый концерт от организаторов 33concert!

Дата: 23 февраля в 20:00
Где: зал Black Box в Central Stand Up Almaty
Лайн-ап: ARShAT, soulbirkez, jeltoksan., SARY., KEZEŃ

Ссылка на билеты туть! Мы идём, а вы?

@magazine98


https://youtu.be/V8bhEj_JIcs

қараңдар, жараңдар!

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.