Tyndaymyn seni


Kanal geosi va tili: Qozog‘iston, Qozoqcha


Қарапайым тілмен
Жастық шектеу: 16+
Байланыс үшін: @Wanderer_rb

Связанные каналы

Kanal geosi va tili
Qozog‘iston, Qozoqcha
Statistika
Postlar filtri




Мынау әдемі ремайндер екен :)
Жаңа ашып, жаңа көргендей болып отырм 🍬


- Біріншіден, жоғарыдағы әзіл, ашу, ау-мау дегендерде мақсат – коммуникация. Адамға өз ішіңіздегі нәрсені түсіндіру, не жақын болу, болмаса керісінше алыстауға тырысу. Соған орай, екеуін шатастырмауымыз маңызды.

- Екіншіден, буллинг – ол жай агрессияны шығаруды мақсат етеді. Мақсат бірнәрсені бұзу, қирату, кемсіту десем артық кетпеймін деп ойлаймын.

Яғни бәрімізге әзілдерімізде ниет қандай дегенге арасында кішкене ойланып қою керек деген сөз 🙃

- Үшіншіден, буллинг әдетте жүйелі. Булли (агрессор) өз құрбанын оның агрессиясын жауапсыз қалдыруына орай таңдайды. Кейін сол обьектіге (құрбанға) тасқа су тамшылағандай, күнара тиісіп отырады, соған орай агрессия да барған сайын күшейе бастайды.

Сондықтан егер досыңыз, «Еее бүгін неге жаңбыр жауды десем, сен ерте келіпсің ғой» деп, сіздердің «ортақ юморға сай» әзіл айтса, сізге ол күлкілі болса, оны буллинге жатқызу ерте.

Ал сізге бұл әзіл ұнамай, бірақ сіз жай шыдап жүрген болсаңыз, және осы сынды сізді кемсітетін әзілдер үнемі сіздің тарапқа айтыла берсе, онда сізге буллингпен жұмыс істеу керек дегенді білдіреді.

«Қалай?» деген сұраққа жауапты бүгіннен бастап жаймен осы парақшада жазып отырамын 👌🏻
Ал сендерден лүпіл, комментарийлер, сұрақтар трм прм дүниелер болсын 😴


Сонымен, буллинг 👾

Анықтамадан бастайық.

Буллингті қарапайым тілмен түсіндірсек, ол – біреудің шекарасын әдейі, қасақана бұзу дегенге келеді. Толық түсіну үшін талдау жасап көрейік.

Әдетте, «мейнстрим» сөз боп көрінгенімен, бұл – қоғамда өте жиі орын алатын проблема. Буллинг 5-6 жасар балабақшадағы сүйкімді нәрестелерден бастап, отбасы ішінде, одан қалды ересектердің ұжымында да кездесуі мүмкін.

Алайда, жай қарапайым әзіл, реніш, ашу т.б сияқты дені сау эмоциялардан буллингтің қандай айырмашылығы бар? Елге сөйлеуге қорқатын болдық қой дейтіндердің сөзі қаншалықты шын?)

Себебі, біз әзілдегенде де, белгілі бір деңгейде шекараны бұзамыз ғой, ренжіп ашуланғанда тағы да елге ұнамсыз, яғни олардың шекараларына тікенек болатын әрекеттер жасаймыз. Және ол да бір жағынан норма 🤷‍♀️

Мысалы, мені достарым оны ашуландырмаңдар, қазір халк оянады деп әзілдейтін, бірақ маған бұл кәдімгідей күлкілі болатын. Бұл мені Халкқа теңеген достарым булли, агрессор, отморозок деген сөз емес қой?)

Немесе Дәкенің алдыңғы пост астында пост жазбасаң, айыппұл төлейсің дегені де маған күлкілі, тіпті бүгін уәде еткен буллинг жайлы жазбамды бастауға мотивация болды десем болады.😅


Сонда буллинг пен жоғарыдағы нәрселердің не айырмашылығы бар?
(Жалғасы төменде 👇🏻)


Баяғыда (қаңтар оқиғасы кезінде) отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты мәселені жүйелі түрде қозғап, бірнеше күн жазбалар жазып, әдемі пайдалы практика жасап едік, бүгін тағы бір актуалды тақырып бойынша сондай бірнәрсе жасап көргім келіп жатыр)

Түсінгенімше, пайдалы деп бірдеңені ұқпасам, жасай алмайды екенмін 🥲

Менен басқа жерден оқи аласыңдар ау деген нәрсені, сатуға арналған дүниені жазуға жоқ сияқтымын қысқасы 😅

Бүгін енді буллинг, неге біреу соның құрбаны болып кете қалады, неге екіншісінде иммунитет бар, неге біреу буллингпен айналысады деген сұраныстар жекеге түскеннен кейін, соны осында қозғағым келіп жатыр.

Қызық болса реакция қойыңдар, сосын жазып бастайын жайлап :)


Каналды лақтырып кетіп, кейін жазуға ыңғайсызданып жүретін жалғыз мен ғана ма? 😅


Не ғой, бір жақсы адам донэйшн тастап, әдемі микрофон сыйлады)

соның арқасында байқасаңыздар, подкастымыздың сапасы жақсарып қалды 😊☺️

сосын тағы бір жақсы адам интросын жасап беріп, дыбысын кішкене өңдеп, содан әзірге тек осында шығардық, кейін платформаларда болады бұйырса ☺️

Демеу жасап жатқан, қолдап жатқан жақсы адамдарға алғысымыз шексіз ❤️


Хааай
Енді уақыт, мотивация, фокус тауып, Дәке екеуміз шай іштік 😴☕️

Зерігу, жалығу, әлеуметтік желі, рилсологтар, өзіңді жақсы көру және тағысын-тағы туралы әңгіме айттық🙃

Сізден лүпіл, кері байланыс күтеміз 💜


Бәрі біз қалағандай болмайды (және ол норма)

Бәрін бақылауымда ұстаймын деген адам жүз пайыз жеңіледі, соққыға түседі.

Себебі эго үлкен, ал біз кішкентаймыз. Үнемі эгоны көтеріп жүру қолдан келмейді.

Сондықтан арасында өзіңнің жай ғана кішкентай кемшілікке толы тіршілік иесі екеніңді махаббатпен қабылдап тұру керек 🙃

өзіме, және сіздерге осындай жадынама 💜


Дәке және Рейчелмен шай ☕️

Қайырымдылық, жеке тәжірибеміз, қармақ беру, қателіктер, ниет және тағы ау-мау әңгіме 😴🙃

Сіздерден лүпіл, қолдау және фидбэк күтеміз 🥹☺️


Сондықтан өмірлеріңіз мәнге толы болсын.
Бақытқа, анамыздың берген махаббатына көзіміз ашық болсын 💜


Мать должна соблазнить ребенка жить.

Так говорит один из известных психоаналитиков.

В начале, услышав это выражение, оно мне показалось диким, странным. Но потом уже анализируя, пришла к выводу, что ребенок правда приходит к жизни "почти чистой бумагой", не имея никаких соблазнов и желаний. Никто иной, кроме матери не может показать ребенку как влюбиться в жизнь, получать удовольствие от жизни, иметь смысл находить силы жить, и уметь заботиться о себе.

Как же мать это делает?
Не пожертвованиями "ради ребенка"
Не повествованием о правильности некого образа жизни.
Мать показывает свою любовь к жизни, свою жизнь наполненную смыслом, принятием себя, жизни, и далее все это транслирует любовью, что она дарит другим.

И такая любовь заманивает, соблазняет нас жить, быть любимыми и счастливыми, обрести смысл в жизни. В этом и прелесть.

Но иногда в этом и трагичность жизни, когда недостаточно того соблазна что подарила мать, и мы теряем ориентир, не находим силы жить.

Следует ли винить мать в таком случае? Не знаю. Но точно знаю, что мать не могла не дать вам хоть маленькую надежду на счастливый конец.

Потому что мать подарив жизнь, уже заражает своей любовью ребенка, а значит у каждого кто потерялся,всегда есть шанс обрести смысл 💜


Дәке және Рейчелмен шай ☕️

Бүгінгі шай өзімізге ерекше ұнады 🌝

Бзики, таракандар, Дәке айтпақшы “закидондар”, өзіңмен дос болу, ниет (мотив) және ау-мау әңгіме 😴😏


Дәке және Рейчелмен шай ☕️

Перфекционизм, Рамазан, жаңа әдет қалыптастыру, өзіңді жемеу және ау-мау әңгіме 😴🙃


Маған каналға реакция қойып, пайдалы болса бөлісіп, қолдау көрсеткен, осы күнге дейін каналдан шығып кетпеген әр оқырман — ғарыш 🌝💜


Өткеннің бояулары туралы 🎨

Естелік — ол заттар мен орындарға, басқа да обьектілер мен субьектілерге сіңген эмоция мен сезім.

Эмоция қаншалықты қарқынды болса, соншалық болған жайт та есте жақсы қалады 🙆🏻‍♀️

“Жағымсыз” эмоциялар (ашу, ыза, реніш, қайғы т.б.) үнемі қарқындылығы жоғары, содан жай қарапайым күнделікті қуаныштарға қарағанда есте мықтап сақталып қалады 🥲

Содан бақытсыз, өткенмен өмір сүретін, эмоциямен күштілеп қуаттталған жағымсыз естеліктеріне тәуелді адамдар көп деген болжам бар)

Не істеуге болады?

Бәрі қарапайым, мысалы отбасыңызбен/ достарыңызбен/ жұбайыңызбен отырып, естеліктерді еске түсіріп көріңіз. Біздің әлеуметтену деңгейіміз бізді ұжыммен конфликттен қашуға шақырады, сәйкесінше миыңыз жағымсыз сәттерден гөрі, жақсы естеліктерді іздеуге талпыныс жасайды.

Нәтижесінде, шынымен де жаңағы сұр бояулардан бөлек, ашық жарқын бояулар көбірек екенін ұғынуыңыз да ғажап емес 🙂

Пы.Сы: мұндағы мақсат өзіңді алдау емес, барлық бояуларды (сұр ғана емес) өміріңізде байқай білуге үйрену.


Адамзат нарциссизміне тиген соққы туралы.

Психолог кабинетіне ең жиі келетін алғашқы сұраныс: сенімсіздік, жетістікке жету, өзін жақсы көру дегендер

Алғашқы сұраныстың артында тығылып тұратын ең жиі кездесетін негізгі сұраныс: ата-анаға реніш.

Ата-ананың бала күндегі ұрып-соққаны; жаманның қолынан қорғай алмағаны; кішкентайында махаббаттың жетпеуі, ұрыс-керісі, кемсітуі; айқайлауы, қорғай алмағаны.

Әдетте, қанша аталған реніштер ауызбен айтылып, жүрекпен сезіліп, сыртқа шығарылғанымен, “кешіру” үрдісі ұзаққа созылып кетіп жатады.

Бүгінгі кеш соған қатысты “фантазияларымды” тудырды 🙂

Психоаналитикалық тұрғыдан, адамзат кішкентайынан өзін “мінсіз, құдіретті, ең асыл жаратылыс” деп таниды.

Ол өз қалауларын толық біледі (негізі жоқ 😄)
Ол кемінде өзін, өзіне қатысты ситуацияларды бақылауда ұстайды (бұл да жоқ 😄)
Ол өз әлемінің қожайыны (мұнда да күмән бар 😄)

Сонымен жоғарыдағы сияқты ойлар бәрінде бар, және ол қалыпты. Соған орай, адам өзіне қателесуге рұқсат бермейді.

Адамға өзін кешіру қиын.

Өзін ұрған сәтте сондай әлсіз жаратылыс болғанын; екі үлкен ата-анасының ұрыс-керісін тоқтатуға қауқары жетпегенін; жаман адамдардан өзін қорғауға қауқары болмағаны үшін; ата-ана махаббатына соншалық мұқтаж болғанын және мұқтаж екенін; анасының кемсіткен сөздерінің оның нәзік сезімін жаралағанын; өз көңілін кешіре алмайды.

Яғни, бәлкім, адам бірінші кезекте ата-анасын (өзгені) емес, өзін кешіре алмайды.

Сол үшін өміріңіз тым қиындап кетсе, өзіңізді кешіріп көріңіз.

Нарциссизміңізге тиген соққыны қабыл алыңыз. Өзіңіз қабыл ала алмасаңыз, онда көмек сұраңыз, психологқа барыңыз дейді 🙂


Неге жоғарыдағы әңгімені бүгін жаздым десеңіз:

Соңғы қаңтар оқиғасынан кейін, еріктілер бағдарламасымен тегін консультациялар жүргізгенбіз. Және бағдарлама барысында біраз сұраныстар отбасылық зорлық-зомбылыққа байланысты болды.

Жоғарыдағы жазғанымды оқысаңыз, таң қалмауға тиіссіз: сұраныстың біразында әйелдер кішкентай талпыныс жасағанымен, өз отбасыларында қалды. Бұл да тағы бір мұңлы статистика.

Содан бұл ерікті атқарған қызметім менің біраз ресурсымды тартып алды. Содан жазуға, бөлісуге кішкене тартына бастадым. Шынында пайдасы бар ма, жұмысым қаншалық бұл бағытта берекелі деп 🙃

Бірақ бүгін бір аноним оқырманым мені қуантты ☺️

Айтуынша, менің жазбаларым оған өзінің сұрақтарына жауап табуға көмек беріпті, содан алғысым деп, суреттегі сыйлықты жіберген екен 🙂

Оқырман, менің ресурстарымды толтырған фидбэк үшін көп рақмет 💜

Және сіздер де, пайдалы, түртіп алар дүние тапсаңыз, реакция қалдырып, пікір қалдырып отырсаңыз, маған да бұл мотивация, ресурс болмақ 🌝

Түн тыныштығын берсін, аман болайық 🙃


Отбасындағы зорлық-зомбылықтың статистикасы жоғары екенін есепке алсақ, сіздің де ұрып-соғып, не айғай-шу шығарып маза бермейтін күйеулері бар әйелдерді кемі бір рет кездестіргеніңіз анық.

Соған орай, төмендегі нұсқаулық сіздерге пайдалы болар деген ойға келдім:

1. Жайлылық аймағы — міндетті түрде жайлы, адам өзін бақытты сезінетін орта емес. Бұл — адам үшін үйреншікті, өзгеріссіз тұрақты болып табылатын кез-келген орта. Яғни күйеуі күнде ішіп келетін, балалы әйел үшін оның өмірі — оның жайлылық аймағы бола алады.

2. Әдетте күндегі айғай мен іштегі үрей рационалды қорқынышқа ауысқанда, немесе күйеуі әйелге/балаларына қол көтергенде, немесе бұрынғысынан қаттырақ ұрғанда, әйелдер сырттан көмек іздей бастайды. Сонда дағдарыс орталықтарын паналайды, не үйге полиция, туысқандарын шақыру, төркініне кету арқылы жағдайды шешуге тырысады. Бірақ бұл әдетте әйелдердің тек жағдайды өзгертуге талпынысы күйінде ғана қалады. Қысқасы, көбі агрессор күйеулеріне қайтып оралады.

3. Психологиялық жағынан талдап, олардың “құрбан” позициясында екенін айтудың пайдасы шамалы. Және ешкімді даттауға болмайды. Біз де рационал болып, неге әйелдер қауіпті аймақты “жайлы аймаққа” айналдыратынын ойланайық. Эмпатияны қосайық, кінәлауды алып тастайық.

4. Біріншіден, зорлыққа ұшырайтын әйел — тек біреудің жұбайы ғана емес, балалардың анасы. Көбіне балалардың жасы кішкентай екенін есепке алсақ, неше жылдық декретпен жұмыс тәжірибесі тоқтап қалғанын қарастырсақ, әйел — агрессор күйеуіне мұқтаж. Ол материалды жағынан тәуелді. Және бұл тәуелділік әйелдің бойына өзіне деген сенімсіздік пен қорқыныш сыйлайды. Себебі сыртта баласы аш қалып, ауырғанынан, не ажырасқан жағдайда “ана құқығынан айырылу” қорқынышынан гөрі, тағы да сәл шыдай тұруды жөн көреді.

5. Дағдарыс орталықтарына неге бармайды? Біріншіден, көбінде заң жағынан сауат аз. Ақпарат аз. Істейтін дағдарыс орталықтарын табу тағы қиын. Екіншіден, орталықта әр әйел тек күйеуіне арыз жазған жағдайда, жарты жыл көлемінде ғана тұра алады деген ақпарат бар. Жарты жылдан кейін далада қаламын деген қорқыныш та әйелдерді тежейді. Сол үшін бармай қалады. Үшіншіден, заң бізде әлсіз. Оны жеке үлкен зерттеу мақаласы ретінде талдап қарауға болады. Бұл да олардың қорқыныштарын ұлғайтады.


Сіз қалай көмектесе аласыз?

⁃ Демеу көрсетіңіз. Жай ең қиын ситуацияда көмек беруге әрдайым қол ұшын беруге дайын екеніңізді айтыңыз.

⁃ Қандай көмек дегенге: ақпараттандыру, сөзбен демеу, дағдарыс орталықтары бойынша ақпарат табу, заңды зерттеу және сол бойынша ақпарат беру, психологиялық қолдау

⁃ Қол ұшын беру дегенге: қасында болыңыз. Арыз жазғанда, бірге барсаңыз болады. Дағдарыс орталықтарына, не басқа да ұйымдарға хабарласты ма, біліп, сұрап отырыңыз. Тек орнына шешім қабылдамаңыз. Өз қауіпсіздігіңіз туралы, өзіңіздің құрбанға айналып кетпеуіңіз маңызды екенін ұмытпаңыз.

“Құтқарушыға” айналмаңыз. Олай істесеңіз, мысалы орнына күйеуімен арпалысып, не балаларының тәрбиесіне араласып, барлық материалдық қажеттіліктерін өтеп кетсеңіз, сіз ол адамға зияныңызды тигізесіз.

⁃ Неге зиян? Өйткені әр адам өз өміріне жауапкершілікті өзі алуы керек. Психологиялық қолдау арқылы, ақпарат арқылы сіз сол жауапкершілікті қайтаруға көмектесе аласыз.

⁃ Тілеуін тілеңіз. Жақсы ойда болыңыз. Даттамаңыз. Кінәламаңыз. Адамды қаз-қалпында қабылдауды үйреніңіз


Тоқ етері осы 🙃

Жақындарыңызда, таныстарыңызда жоғарыдағыдай өмірлік қиын жағдай орын алса, олардың өмірлері тезірек оңалуына тілектеспін. Ал сіздерге менің жазған нұсқаулығым, пайдалы болады деген үміттемін. 😌🙃


Video oldindan ko‘rish uchun mavjud emas
Telegram'da ko‘rish
Сонымен, пайдалы ақпаратқа қатысты)

Бүгін “Рухани туыс” комьюнити ұйымдастыруымен “ПТСР дегеніміз не және онымен не істейміз?” тақырыбында стрим жоспарланды. Стрим вебинар форматында өтеді.

Қатысу тегін.
Платформа: зум
Тіркелу қажет етілмейді.


Сілтеме:

Rakhilya Berkinbay приглашает вас на запланированную конференцию: Zoom.

Подключиться к конференции Zoom
https://us02web.zoom.us/j/82302409695?pwd=NVNXT3ZlcUtqVlhhcDJLZDkxd20rUT09

Идентификатор конференции: 823 0240 9695
Код доступа: 036946

20 ta oxirgi post ko‘rsatilgan.

126

obunachilar
Kanal statistikasi