DALA INSIDE dan repost
Құпия құжаттың кілтипаны: Есекеев Тоқаевтың атынан бұйрық таратқан ба?
Осындай атпен Exclusive-те жарық көрген мақала DALA INSIDE-тың назарын аударды. Зерттеуде президент кеңесшісі Қуанышбек Есекеевтің Тоқавтың атынан берілгендей етіп таратқан бұйрықтарының заңдылығы мен мақсаттарына күмән келтіріледі. Мақаланы ықшамдап ұсынғанды жөн көрдік...
2024 жылғы 6 желтоқсанда вице-премьер Серік Жұманғарин төрағалық еткен кеңесте тауарларды маркировкалау және олардың қозғалысын бақылау мәселелері қарастырылады.
Араға үш күн салып «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов кәсіпкерлермен кездесіп, вице-премьер кеңесінде талқыланған мәселелерді түсіндірген.
Осы кезде бір қызық жайт анықталған: жиналғандардың ешбірі президент Тоқаевтың тауарларды таңбалау туралы тапсырмасы бар екенін растай алмаған. 2020 жылғы Еуразиялық экономикалық кеңестегі баяндамасынан басқа, ресми құжат табылмаған.
«Қазақтелекомның» экс-төрағасы, қазіргі Президент кеңесшісі өз ұсынысында тауарларды таңбалау жүйесін күшейтуді және әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынған...және Ресейдің тәжірибесін алға тартқан.
Ол Ресейдегі тәжірибені мысалға келтіре отырып, бұл жүйе арқылы салықтық түсімдердің артқанын және көлеңкелі экономиканың қысқарғанын дәлелдегісі келген.
"Бірақ бұл деректер шынайы нәтижеге сай келмейді. Ресейде таңбалау жүйесі салықтық түсімді арттырғаннан гөрі, тауарларға жалған таңбаларды жаппай сатудың жаңа нарығын қалыптастырды. Ресейдегі кәсіпкерлер бұл жүйеге қарсы петициялар ұйымдастырып, оның бизнесті күйрететінін ашық мәлімдеді", - деді осы тұста жиынға қатысқан сарапшылар.
Бұдан бөлек, Есекеевтің қызметтік жазбасында "кассалық алшақтық" туралы мәселе көтерілген. Алайда, заңгер Айна Қайдарованың айтуынша, "кассалық алшақтық" тек бухгалтерлік есепте қолданылатын термин, оның таңбалау жүйесімен байланысы жоқ. Бұл жерде мәселе нақты салықтық бақылаудың әлсіздігі мен кеден қызметінің жеткіліксіз жұмысында жатыр.
Сонымен қатар, Есекеев қызметтік жазбасында "кейбір кәсіпкерлер тауарларды шикізат ретінде декларациялау арқылы таңбалаудан жалтаруда" деген пікір білдірген.
"Бірақ бұл мәселе импорттаушыларға емес, кеден қызметіне бағытталуы тиіс. Кейбір деректерде таңбалау жүйесінің шығындары шағын және орта бизнес үшін айтарлықтай ауыртпалық туғызатыны анықталған. Таңбалау шығындарына байланысты көптеген кәсіпкерлердің бизнесі тоқтап қалу қаупі бар", - дейді осы Exclusive.
Президент Тоқаев 2020 жылы Еуразиялық экономикалық кеңесте тауарларды таңбалауға қатысты абай болуға шақырып, бұл үдерістің бизнеске теріс әсерін ескерткен еді. Соған қарамастан, таңбалау міндетін белсенді түрде енгізу жалғасып келеді. Бұл шараның артында кімдердің пайда көретіні жайлы сұрақ туындайды.
Кәсіпкерлердің айтуынша, таңбалау жүйесінің басты мақсаты көлеңкелі экономиканы қысқарту емес, монополиялық құрылымдардың мүддесін қорғау. Бұл жүйе арқылы түскен қаражат мемлекет емес, жеке компаниялардың шотына ауып жатыр.
Бизнесмендердің пікірінше, Президенттің 2020 жылғы ескертулері мен монополияны жою туралы тапсырмаларын ескере отырып, таңбалау саясаты қайта бағалануы керек. Ең бастысы бұл үдерістің артында кімдер пайда көріп отырғанын қоғам ашық білуі тиіс.
DALA INSIDE жағдайды бақылауда ұстауда. Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalainside

Бұл жиынға мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан, алайда таңбалауға тікелей тартылған кәсіпкерлер бұл талқылаудан тыс қалған.
Араға үш күн салып «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов кәсіпкерлермен кездесіп, вице-премьер кеңесінде талқыланған мәселелерді түсіндірген.
Осы кезде бір қызық жайт анықталған: жиналғандардың ешбірі президент Тоқаевтың тауарларды таңбалау туралы тапсырмасы бар екенін растай алмаған. 2020 жылғы Еуразиялық экономикалық кеңестегі баяндамасынан басқа, ресми құжат табылмаған.
Тек Қуанышбек Есекеевтің қараша айының соңында Тоқаевтың атына жазған қызметтік хаты ғана болған.
«Қазақтелекомның» экс-төрағасы, қазіргі Президент кеңесшісі өз ұсынысында тауарларды таңбалау жүйесін күшейтуді және әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынған...және Ресейдің тәжірибесін алға тартқан.
Ол Ресейдегі тәжірибені мысалға келтіре отырып, бұл жүйе арқылы салықтық түсімдердің артқанын және көлеңкелі экономиканың қысқарғанын дәлелдегісі келген.
"Бірақ бұл деректер шынайы нәтижеге сай келмейді. Ресейде таңбалау жүйесі салықтық түсімді арттырғаннан гөрі, тауарларға жалған таңбаларды жаппай сатудың жаңа нарығын қалыптастырды. Ресейдегі кәсіпкерлер бұл жүйеге қарсы петициялар ұйымдастырып, оның бизнесті күйрететінін ашық мәлімдеді", - деді осы тұста жиынға қатысқан сарапшылар.
Бұдан бөлек, Есекеевтің қызметтік жазбасында "кассалық алшақтық" туралы мәселе көтерілген. Алайда, заңгер Айна Қайдарованың айтуынша, "кассалық алшақтық" тек бухгалтерлік есепте қолданылатын термин, оның таңбалау жүйесімен байланысы жоқ. Бұл жерде мәселе нақты салықтық бақылаудың әлсіздігі мен кеден қызметінің жеткіліксіз жұмысында жатыр.
Сонымен қатар, Есекеев қызметтік жазбасында "кейбір кәсіпкерлер тауарларды шикізат ретінде декларациялау арқылы таңбалаудан жалтаруда" деген пікір білдірген.
"Бірақ бұл мәселе импорттаушыларға емес, кеден қызметіне бағытталуы тиіс. Кейбір деректерде таңбалау жүйесінің шығындары шағын және орта бизнес үшін айтарлықтай ауыртпалық туғызатыны анықталған. Таңбалау шығындарына байланысты көптеген кәсіпкерлердің бизнесі тоқтап қалу қаупі бар", - дейді осы Exclusive.
Президент Тоқаев 2020 жылы Еуразиялық экономикалық кеңесте тауарларды таңбалауға қатысты абай болуға шақырып, бұл үдерістің бизнеске теріс әсерін ескерткен еді. Соған қарамастан, таңбалау міндетін белсенді түрде енгізу жалғасып келеді. Бұл шараның артында кімдердің пайда көретіні жайлы сұрақ туындайды.
❗️Exclusive-тің жазғанындай таңбалау жүйесінің жалғыз операторы ретінде «Қазақтелеком» компаниясы бекітілген.